Димаш Құдайберген. Кеше және бүгін

  • Автор
Блог - asaubota: Димаш Құдайберген. Кеше және бүгін

Димаш Құдайбергенді жерлес ретінде әрине баяғыдан білеміз. Қазақстанда да жалпы танымал еді бұрын да. Бірақ бұрын ол туралы жазылғандарды бір шолып шыққым келді. Қызық мәліметтер, сәйкестіктер, пікірлер, армандар көруге болады бұрынғы мақалалардан.

Из досье «Д»

Димаш Кудайберген
Родился 24 мая 1994 года
Учился в СШ N32
Увлечения: бассейн, баскетбол
Любимые актеры: Джеки Чан, Асанали Ашимов
Любимое кино: все фильмы с участием Джеки Чана, «Кочевники», «Рэкетир»

2011 жылы ақтөбелік «Диапазон» газетіне берген сұхбатында сүйікті актері Джеки Чан екенін айтқан екен. 6 жылдан кейін Джеки Чан өзі келіп сәлем беріп кетті. Керемет емес пе?! Димаш сол кезде «Мұндайды түсімде де көрмес едім» демеді емес пе?

2012 жылы «Ақтөбе» газетінде:

Қазылар алқасының төрағасы Төлеген Мұхамеджанов жас әншілерді құттықтай келе, Димашқа ерекше тоқталып: «Димаш — қазақ эстрадасына құдай бере салған бала екен. Бұл баланың жұлдызы ерекше жарқырайтынына кәміл сенемін. Оны Еуропа елдерінде оқытуға күш салу керек!», — деп ағынан жарылыпты.

Неткен мықты анықтама және кеңес!

2015 жылы «Айқын» газетінде:

«Бай­қоң­ыр­дың ашық дауыстары» халық­аралық фестивалінде бірінші орынды, «Жас қанат» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Ялтада өткен «Шығыс базары – 2012» эстрада орындаушылары байқауында бірінші, 2013 жылы Қырғызстанда өткен «Мейкин Азия – 2013» фес­ти­валінде бас жүлдені қанжыға­сына байлады. Жеңіспен басталып, жең­іс­пен жалғасып келе жатқан өнер жолында көптеген арман-тілектері бар. Ол қазақ атын әлемге танытқысы келеді. Қазіргі түсіп жатқан ұсыныстар да қомақты. Алда Францияда ән шырқап, Лос-Анджелесте тәжірибе жинай­ды.

Ноу комментс! ;)

2016 жылы журналист һәм КерекИнфо блогері Роза Әрен «Астана Ақшамы» газетінде былай жазады:

Димаштың мінезі тым салмақты, көпшілік алдында орынсыз сөйлемейді. Тілшілердің сұрағына ойланып, байыппен жауап қатады. Көрермендер оның сөздің майын тамызып, мақалдап сөйлегенін көріп, еріксіз тамсанады. Қазір көп әншілерден байқалатын дарақылық пен даңғазалықты Димаштың бойынан көрмейсіз. Кәсіби сауаттылығы, өзін-өзі ұстау мәнері, тектілігі жөнінен бұл бозбала көп қатарласынан оқ бойы озық тұр. Тек осы биігінен түспесе екен дейміз.

Қытайлар да Димаштың даусынан бөлек қарапайымдылығын, өзін ұстауын жақсы бағалаған деседі.

2015 жылы Димаш «Астана ақшамына» былай деген екен:

Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Димаштың өзі де тек қазақ әнімен ғана шетелдік тындарманды таңғалдыруға болатынын жеткізді. «Ағылшын тіліндегі әнмен ешкімді де таңырқата алмаймыз. Барлық әлем Бейонсе, Мерайя Керри сынды жезтаңдай әншілерді таниды. Олардан асып түсу өте қиын. Олардың салған әнін өз нақышымызға салып орындауға болады. Алайда, бұл әрекетпен шетелдік тыңдарманды таңырқату оңайға соқпас. Тек қазақы бояуы қанық әнмен ғана барша әлемді мойындата аламыз. Өйткені, қазақ музыкасы дүниежүзіндегі ең ғажап музыкалардың бірі» дейді ол.
Әншінің пікірінше, Қазақстанда вокалдан сабақ беретін мықты ұстаздар мектебі де қалыптасқан. Олардан дайындықтан өткен жас әншілерге MTV Music Awards сахнасына да құлаш сермеуге әбден болады. Тек орындайтын әнді дұрыс таңдау керек. Және ол ән міндетті түрде қазақ тілінде болуы қажет.

Осыны Қытайда дәлелдеді емес пе?

Айман Мұсахожаева: «С его именем будет связано победа нашего университета на международных конкурсах и победа нашей эстрады на международной арене»

2015 жылы айтылған мықты пікір!

Ал мына сипаттама астаналық бір той ұйымдастырушы фирманың каталогында жазылған екен:

Димаш по праву является абсолютным эстрадным феноменом казахстанской сцены. Не имеющий внешних отличий от многих других исполнителей, Димаш Кудайбергенов бесспорно отличается совершенно потрясающими вокальными данными. Его раскатистый баритон и бескрайний фальцет в уникальной гармонии друг с другом не могут не поражать. Когда Димаш Кудайбергенов поёт, складывается ощущение, что всё это не может быть вживую! Этот парень унаследовал всю полноту уникального таланта от одарённой династии потомственных самородков. Его голос гипнотизирует, а манера исполнения восхищает. Уже неоднократно на концертах, после объявления Димаша Кудайбергенова, многотысячная публика сначала недоумевает, а через 2-3 композиции бурно и неистово провожает Димаша со сцены нескончаемым каскадом аплодисментов

Биылғы триумфынан кейін Димаштың деңгейі әлбетте той-бизнес деңгейінен асып кетті. Енді ол бұған мұқтаж болмайды да.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.