5 Оскар алған Анора фильмі шынымен осыншама жүлдеге лайық па еді?

Бәлкім қарсылас фильмдері нашар болған болар? Мен сценарий тұрғысынан ұнаттым және ойларым бір досымның пікірлерімен сәйкес келді. Екеуіміздің кейіпкерлер туралы ойларамыз бірдей шықты деуге болады.
Әрі қарай

Супермаркеттерге қазақ тілін позитив қолданып кетуге идеялар



Қарапайым, түсінікті тілде экспериментал сөрелер қою:

Шәйға бірдемелер: тәтті, торт, кекс, печенье.
Қонаққа апаратын: конфет, шоколад, сок, тәттілер.
Жейтін заттар: хотдог, сэндвич, ролтон, самса.
Қазақша үстел: бауырсақ, құрт, тары, талқан

Жұрт фотоға түсіріп, тегін жарнама істеп кетеді

Асқар Базарбай: ЖИ – адамзаттың шәкірті

  • ЖИ
Бүгінде жасанды интеллект адамзат қызметінің түрлі салаларына еніп, тіпті шығармашылық пен тіл тәрізді нәзік бағыттарда да белсенді қолданыла бастады. Осы орайда көпшіліктің көкейінде «ЖИ кәсіби аудармашыларды алмастыра ала ма?» деген сауал туындайтыны заңды. Бұл сұрақ әсіресе қазақ-ағылшын бағытында жұмыс істейтін мамандар үшін өте өзекті.

Біз осы тақырып аясында қазақша-ағылшынша кәсіпқой аудармашы, салада бірнеше жылдық тәжірибесі бар маман – Асқар Базарбаймен арнайы сұхбаттастық. Ол өз кәсібінің ерекшеліктері туралы баяндап қана қоймай, жасанды интеллектінің қазіргі мүмкіндіктерін кәсіби тұрғыда бағалап, аударма саласының болашағына қатысты маңызды ойларымен бөлісті.
Әрі қарай

Қазіргі "психолог-коучтар" қалай сендіріп жібереді?

Олар миыңның қалай жұмыс істейтінін біледі.

Мысалы, былай дейді:
– Сен сырттай күліп жүресің, бірақ іштей шаршағансың
– Сен өзгелерге көмектесіп жүріп, өзіңді ұмыт қалдырасың
– Сенде үлкен потенциал бар, бірақ оны толық аша алмай жүрсің
Әрі қарай

Айтылмаған жүк

Таң сәрі. Шекара бекетінің үстінен бозамық тұман аунап өтіп, бекеттегі сарғайған жарықтар әлсіз жарқылымен айналаны әрең әрлендіріп тұрған кез. Еркін, кеден қызметінің бастығы, термосын абайлап көтеріп, салқын тартқан кофені ұзақ ұрттады. Ешкімге айтпайтын, бірақ іштей мойындайтын бір әдеті бар — күннің бірінші пойызы өткенше ешкімге дауыс көтермейтін. Жанындағы қызметкерлер де соны білетін.

Бірақ сол күн бәрін өзгертті.
Әрі қарай

Kerekinfo.kz блог-платформасының жұмысы аяқталды

17 жылдық КерекИнфо серуенінің соңына жеткен сияқтымыз, достар. 2003 жылдан бері 2 ұрпақ өткен осы бір қызық кезеңнің де әлбетте соңы бар. Сол күн бүгін болар?

2003 жылы форум ретінде бастадық, кейін қазіргі блог-платформа форматына өтіп, екінші деміміз ашылды. Осы уақыт аралығында үлкен бір нетворк жасалды, жаңа таныстықтар, достықтар құрылды, тіпті бір бірін тауып үйленгендер болды. Одан бөлек қазақ интернетінде бір стиль қалыптастырдық, медиа сауаттылық артты, пост пен комент жазу мәдениетін үйрендік, түрлі іс-шаралар өткіздік. Жалпы қазақ интернетінде бір із тастағанымыз анық деп ойлаймын. Сол жылдардың медиа мектебі болған да шығар Керекинфо?

Түрлі қиындықтар да болды. Домен және хостингке ақша төлей алмаған кездерім болды, ондай кезде қолданушылардың өздері көмектескенін ұмытпаймын. Жұмыссыз кезімде онлайн болуым үшін интернет картама ақша салған достар да бар. Сайт бір жылдары жабылып қалған кезде доменін алып қойып, ешкімге бермей сақтап отырған да досым бар. Моралды және материалды барлық қолдауларыңды сездім, достар. Бұл сайтты үнемі бірге алып жүрдік, бірге көтердік. Талай идеяларды да бірге жүзеге асырдық. Оффлайнда түрлі кездесулер өткіздік, Блог-Құрылтай, Интернет форум сияқты іс-шаралардың өтуіне мұрындық болдық, интеллектуал ойындар да өткіздік. Достық шеңберіміз өте кең болды. Қай қалаға барсақ та құшақ жайып қарсы алатын досымыз бар екенін білетінбіз. Арамыздан қаншама медиа-тұлға шықты? КерекИнфо сол жағынан мықты бір ысылу мектебі және тәжірибе алаңы болды.

Әлбетте түрлі кикілжің, келіспеушілік, түсініспеушіліктер де болды. Бір отбасы болғасын, ондай нәрселер де болады әрине. Бірақ достық қарым-қатынас ешқашан үзілген емес, КерекИнфодағы белсенділік төмендеген кезеңде де. Бұл солай жалғаса беретініне сенімдімін.

Басында форум, кейін блог-платформа болдық. Яғни заманның трендіне еріп отырдық. Кейін әлеуметтік желі қарқын ала бастаған кезде блоггинг белсенділігі де бәсеңдей бастады. Ал соңғы 4-5 жылда тіпті басылды. Блоггинг бітті бізде. Блогосфера қалмады. Блогер деп басқа адамдар атала бастады.

Қазіргі КерекИнфо да блоггингтен гөрі жаңалықтар сайтына айналып кеткенін өкінішпен мойындаймын. Жаңалықтар мен есеп посттар сайтына айналды. Сондықтан осы жерден тоқтағанымыз жөн деп шештім. Бұдан әрі өзім де, өзге де былғамасын. Керекинфо блоггинг мұрағаты ретінде қала береді. Қалаған уақытыңызда бұрынғы жазбаларды іздеп таба аласыз. Тек жаңа жазбалар жазылмайтын болады. Бір өтінерім: бұрынғы посттарыңызды өшірмесеңіздер екен, әр посттың өзі тарих, әр қайсысының асты толған пікір. Сол сиқырды жоймайық. Кейде сағынышпен келіп, оқып кететін боламыз.

Барлық керекші қауымға алғыс айтамын. Біз бірге көтердік осы сайтты. Бәріміз осы тарихтың бөлшегіміз. Рахмет бәріңізге!

Зор құрметпен, админдерің Аршат Ораз

Өміріңізді көркейтетін керемет кеңестер

*Бес күндік жалғанда барыңызды бағалаңыз.Өзіңізді өзгелердің алдында төмендетіп, кемсітудің қажеті шамалы.Сіз-қайталанбас жансыз!
*Биіктерді бағындыру жолында тайсалмаңыз, ерік-жігеріңізді білім алуға, жаңа дүниелермен танысуға жұмсаңыз.
*Әрдайым көңіл-күйіңіз көтеріңкі, жүзіңіз жылы болсын.Адамдармен жақсы қарым-қатынас құруға дағдыланыңыз.Қоршаған ортаны тани түсіңіз.
*«Менің қолымнан келмейді...» деген фразаны еш уақытта қолданбаңыз.
*Жақсылық жасаудан жалықпаңыз.Болмашыға бола мұңая көрмеңіз.Әр атқан таңыңызға қолдағы барыңызға шүкір етіңіз.
*Аллаға сеніңіз! Бір істі шынайы ниетпен, пәк көңілмен бастар болсаңыз, жемісіне бола қам жемеңіз.Бәрін Жаратушыға тапсырыңыз.Содан соң қандай ғажайыптың боларын көрерсіз.
*Өзіңізді сүйіңіз.Өзгеге емес, өзіңізге сенім артыңыз.Сенім-бұл ұлы күш!
*Негатив ойлардан аулақ болыңыз.Өзгелердің пікіріне құлақ аспаңыз.Жаңашылдық-асуларға бастайтынын естен шығармаңыз.
*Ешқашан да өзгелерге сыни көзбен қарамаңыз.«Адамзаттың бәрін сүй-бауырым деп»
*Жалқаулықты жеңе біліңіз.Сабырлылықты серік етіңіз.
*Өзгелерге құрмет танытыңыз.Жаныңызға жақын жандарды қуантыңыз.Мейілінше, бар махаббатыңызды төгіңіз.
*Байлықты арман етпеңіз.Рухани тұрғыда байи түсіңіз.
*Өміріңізді бақытты сәттер мен қайталанбас қуаныштармен толықтырыңыз.Себебі, өмір-өткінші…