Кофе таңдауы: Қай түрі сізге сай келеді?

Кофе ішу сәнге айналған заман. Бірі – ащы дәм іздейді, бірі – жұмсақтықты қалайды, енді бірі – инстаграмға әдемі кружкамен фото салғысы келеді. Ал сіздің кофе таңдауыңыз қандай?

1. Эспрессо

Қандай? – Қанық, ащы, күшті
Кімге ұнайды? – Қатты дәмді ұнататындарға, тез оянғысы келетіндерге
Қалай ішу керек? – Қантсыз, кішкентай кесемен, таза күйінде
Қашан жақсы? – Таңертең немесе жұмыста сергіту үшін

2. Американо

Қандай? – Жұмсартылған эспрессо, дәмі жеңіл
Кімге ұнайды? – Күнделікті кофе ішетіндерге, классиканы жақсы көретіндерге
Қалай ішу керек? – Қаласаңыз сүтпен, кейде балмен де үйлеседі
Қашан жақсы? – Кеңседе, кітап оқып отырып

3. Капучино

Қандай? – Эспрессо, сүт және көпіршіген сүт
Кімге ұнайды? – Нәзік дәмді, сәнді кофе ұнататындарға
Қалай ішу керек? – Қантсыз, үстіне даршын немесе какао сеуіп
Қашан жақсы? – Достармен кафеде немесе Instagramға фото саларда

4. Латте

Қандай? – Сүтті көп, жұмсақ дәм
Кімге ұнайды? – Кофенің ащылығын ұнатпайтындарға, жаңадан үйреніп жүргендерге
Қалай ішу керек? – Сироппен, ваниль немесе карамель қосып
Қашан жақсы? – Түстен кейін демалғанда

5. Флэт уайт

Қандай? – Латтеге ұқсас, бірақ кофесі қанығырақ
Кімге ұнайды? – Сүт те болсын, дәмі де айқын болсын дейтіндерге
Қалай ішу керек? – Таза күйінде, қосымша қоспасыз
Қашан жақсы? – Жұмысқа дейінгі соңғы 10 минутта

6. Макиато

Қандай? – Эспрессо үстінде аз ғана сүт көбігі
Кімге ұнайды? – Ащы дәмнен бас тартпайтын, бірақ кішкене жұмсақтық қажет ететіндерге
Қалай ішу керек? – Қантсыз, кішкентай стақанда
Қашан жақсы? – Кешкі сергектік үшін

7. Мокка

Қандай? – Шоколад пен кофе үйлесімі
Кімге ұнайды? – Тәтті дәм, десерт сияқты кофе іздейтіндерге
Қалай ішу керек? – Шоколад тұздығымен, кейде кілегеймен
Қашан жақсы? – Кешке кино қарап отырып
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше