ЖИ әлеуметтік желісі пайда болуы мүмкін

  • ЖИ
OpenAI компаниясы Chatgpt-ге негізделген өзінің әлеуметтік желісін ашуы мүмкін. Әзірше нақты емес. Бірақ солай болатынына сенімдімін. Олардың ойынша сондай желідегі контент сапалы болады.

Яғни қолданушылар ЖИ арқылы жасаған мәтін, жаңалық, мақала, сурет, видеоларын бірден сол желіде бөлісе алады. Оны ақылы жазылымын алмағандар да көре алады. Оған қызыққандар да ақылы жазыла бастайды. Жақсы маркетинг негізі.

Ал контент шынымен сапалы болады деп ойлаймын. Мысалы біреулер түрлі лайфхактар бөлісуі мүмкін, біреулер медицина, ғылым, технология, психология тақырыптарында жазуы мүмкін. Солай әркім өз қызығушылығына қарай жазылып алады. Тіпті контентті әрі қарай жалғастыруы да мүмкін толықтырып.

Тек бұл желі емес, жалпы азаматтық журналистика, блоггинг, колумнистика қайта жаңғыруы мүмкін. Өйткені бұрынғыдай емес қазір. Бір тақырыпта мазмұн дайындау, аударма жасау, пунктуацияны түзеу, ақпаратты түсінікті және оқуға ыңғайлы қылып енгізу оңай және тез. Ақпаратта жаңа дәуір келе жатыр…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше