Қазіргі "психолог-коучтар" қалай сендіріп жібереді?

Олар миыңның қалай жұмыс істейтінін біледі.

Мысалы, былай дейді:
– Сен сырттай күліп жүресің, бірақ іштей шаршағансың
– Сен өзгелерге көмектесіп жүріп, өзіңді ұмыт қалдырасың
– Сенде үлкен потенциал бар, бірақ оны толық аша алмай жүрсің

Бұл Форер эффекті деп аталады екен Жалпылама, бәрімізге тән сипаттамалар. Бірақ біреу айтқан кезде сен оны нақты өзіңе қабылдап, «мен туралы дәл айтты» деп ойласың.
Содан кейін не істейді?

– "ішіңдегі бала" туралы айта бастайды
– «Сенің энергияңды ашу керек» дейді
– “Мына курс/кітап саған көмектеседі” деп сатады

Бұлардың көбінің «терапиясы» – нақты диагностика емес, эмоциялық манипуляция. Жұрттың сенімі – олардың табысы.
Шын психолог – сендіруге емес, түсіндіруге тырысады.
Ал коучтар көп жағдайда – сені өздеріне сендіру үшін сөйлейді.

— Сіз өзіңіз туралы көп ойланасыз
— Сіз ішкі жан дүниеңізді көп адамға аша бермейсіз
— Кейде өзіңізге тым қатал қарайсыз
— Сізде күшті интуиция бар
— Сіз ерекше адамсыз, бірақ оны бәрі байқай бермейді
— Сіз кейде тұйық боласыз, кейде өте ашық
— Сіз тәртіпті жақсы көресіз, бірақ кейде импульсивті әрекет етесіз
— Сізде кішкентай кезден қалыптасқан армандарыңыз бар
— Сіз кейде жалғыз қалуды қалайсыз
— Сіз адамдармен тез тіл табысасыз, бірақ бәріне сене бермейсіз
— Сіз жақындарыңыздың көңілін қалдырмауға тырысасыз
— Сіз өзіңіздің құндылығыңызды көбіне сырттан күтесіз
— Сіз достарыңызға әрдайым көмектесуге дайынсыз
— Сізде үлкен мүмкіндіктер бар, бірақ оны толық қолдана алмай жүрсіз
— Соңғы кездері өміріңізде үлкен өзгеріс болды
— Сіз өзіңізді жаңа қырынан ашқыңыз келеді
— Сіз өзгелерден ерекшеленгіңіз келеді
— Сіз дұрыс шешім қабылдауға тырысасыз, бірақ кейде күмәнданасыз
— Өткеніңіздегі бір оқиға сізге үлкен сабақ болды
— Сіз қолыңыздан көп нәрсе келетініне сенуіңіз керек
— Алдыңызда жақсы мүмкіндіктер тұр
— Сізге тек сәл ғана батылдық керек
— Сіз өзіңізді жиі төмен бағалайсыз
— Көп адам сізді бағаламай жүр, бірақ сіз бұдан да мықтысыз

Бұның бәрі Форер эффекті. Яғни шамамен барлық адамға сәйкес келетін нәрселер. Бірақ адам оны өзіне жеке қабылдап, сеніп қалады. Балгерлер, астрологтар, коучтар, тұлға тесті жасайтындар осындай әдістерді қолданады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше