5 Оскар алған Анора фильмі шынымен осыншама жүлдеге лайық па еді?

Бәлкім қарсылас фильмдері нашар болған болар? Мен сценарий тұрғысынан ұнаттым және ойларым бір досымның пікірлерімен сәйкес келді. Екеуіміздің кейіпкерлер туралы ойларамыз бірдей шықты деуге болады.
Фильм жалпы екі түрлі сынып өкілдерінің өмірін көрсетеді. Сюжет стандарт — кедей қызға үйленген бай жігітке ата-анасының қарсы болуы. Ал былай басқаша қарасақ, геосаяси астары бар. Бұрынғы КСРО елдерін әлі де Ресей басқарады, олардың негізгі әскери-мафия күштері — кавказдықтар, қарапайым орыстар — жәй орындаушылар, ал Орталық Азия елдерін әлі де айдап жатыр, тәтті-тамақ шығаратын басқа славян елдер Ресейдің қасындағы жәй достары. АҚШ олар үшін жақсы мекен болса да, әлі өз мәдениеттерінен шыға алмай жүр, екі кезең ұрпақтары бір бірінен алшақ. АҚШта тұрса да бұрынғы кеңестіктер мәселелерді әлі бұрынғы амалдармен шешеді: ақша, күш, гопниктік. Діни қызметкерлердің артында негізінде мафиялық жатыр.
Кейіпкерлердің аттарында да мән бар. Иван — классикалық орыс. Торос — Таурус, яғни өгіз, Гарник — құрбандық қозы деген мағынада. Екеуі де орыстардың қызметшілері. Игорь — жауынгер, осы тақырыпты өзі қозғайды. Анора — бізше Анар немесе фильмде айтылғандай ай сәулесі — Айнұр, Айнура. Барлық ортаазиялық қыздарға тән есім.
Осындай мағыналар байқадық. Бәлкім сәйкестік те болар? Ал жалпы үздік сценарийге лайық деп ойлаймын

Пікір жоқ әзірше