БІЗДІҢ ТІРЛІК

Неткен тірлік?!
Бес күндігім – бес ғайып,
Өз-өзіме тағып қайтем босқа айып?
Жазмыш сірә жазуынан жаңылмас,
Өмір-өлім – ұғымдағы қос қайық!..

Өтіп жатқан уақыт емес, біз екен,
Қисық жолды мен қалайша түзетем?
Өтіп жатыр бәрі жүрек арқылы,
Қыс-жаз өтер, көктем өтер, күз өтер.

Жалқы жүрек?!
Жалғыздығым – лүпілдек,
Әр лүпілден жыр ағады шүпілдеп.
Сол зәмзәмнан ұрпағым да ұрттар-ау,
Бабам айтқан: «суға сайтан түкірмек!»

Олай болса, мен түкірдім сайтанға,
Ерегістен кеткен есем қайтар ма?
Керек маған періштенің пәктігі,
Ақиқатты білгендіктен айтам да.

Тірлік дейді?!
Бес ғайыбым – бес күндік,
Ерте жылап туғандықтан кеш күлдік.
Жазмыш сірә жазуынан жаңылмас,
Өмір-өлім – ұғымдағы қос құрлық!..
Әрі қарай

Қай оқу орны дұрыс?

Мен биыл 11-ші сыныпты бітіруші жас түлекпін. Алға қойған мақсатым: Елімнің Дина Төлепбергендей қайсар да батыл журналисті болу! Мектеп бітіруге де бар болғаны 78-80 күн қалды. Алда ҰБТ. Қай оқу орнын таңдарымды білмей жүрмін. Жалпы өзім Астана қаласында оқығым келеді. 9-сыныптан бергі оқимын деп жоспарлап қойған жер де Астана болатын. Астанының әсемдігі, оның тыныштығы, барлығы мені баурап алғандай болды, Астанадан басқа жерді ойлағым да келмейтін.Егер Астанаға түссем таңдайтын оқу орным Еуразия Ұлттық Университеті болады. Егер Алматыға оқуға түссем Сулеймен Демирел университетінде оқимын. Кеше ғана осы университет біздің мектепке келіп өздерін таныстырып кетті. Менің таңдап отырған пәнім әдебиет, мамандығым журналист. Қазақ тілі мен тарих пәндерінен жоғары балл алып, шығармашылық емтихан тапсырамын. СДУ-дың ұнаған жері журналистикаға ерекше мән берілетіндігі, жатақханасы, 2-курста өзге шет елдерге 1 семестрге оқуға жіберіп, тәжірибе алмасатындығы. Бір сөзбен университет өте ұнады. Бір жағынан СДУ бір жағынан АСТАНА, қалай ойлайсыздар, қай оқу орнын таңдағаным дұрыс?
Әрі қарай

баспаналы болу бас қайғы

Қазіргі таңда халқымыздың басты қажеттілігі баспана бабы болып отырғаны рас. Көп балалы, тұрмыс жағдайлары төмен, сондай-ақ жас отбасылардың көпшілігін осы тұрғын үй мәселесі алаңдататып отыр. Олардың барлығы мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйлерге үміт артуда. Соған байланысты елімізде біраз ауқымды істердің жасалып жатырғаны шындық. Халықты тұрғын үймен қамтуға орай біршама бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Бұл бағытта «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы негізінде халықты баспанамен қамту мақсатында біршама шаралар қолға алынып, өз қызметтерін ұсынып отыр. Яғни әр азамат «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне» салымшы ретінде салым салып, тұрғын үй құнының елу пайызын жинақтау арқылы баспаналы бола алады. Бірақ халық ұзақ мерзім қаржы жинақтаудан гөрі, мемлекеттік қызметшілерге берілетін жалдамалы пәтерлерден көп үміт күтетін секілді. Солардың бірі мақала авторы мен де жолдасымның мемлекеттік қызметші екендігін ескеріп, отбасы құрғаннан бері үй жалдаумен күн көріп жүргендіктен бағдарламаға сай қажетті құжаттарымды жинақтап, 2009 жылы өткізген болатынмын. Құжаттарды қабылдаушылардың айтуларына қарай, әр алты ай сайын Халыққа қызмет көрсету орталығынан еш кедергісіз тек жеке куәлігімді көрсете отырып, тұрғын үй алу кезегін біліп отырдым. Сол дағды бойынша араға алты ай салып кезегімді білу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығына барған едім, ендігі уақытта бұл сұрақтар бойынша, яғни құжат тапсыру, алу, кезек білу мәселелері бойынша ЖКХ-ға барасындар дегенді естідік. Ойымда ештеңе жоқ, айтқан мекен-жайға барсам, есік сыртына ілінген ақ қағаз бетіне жазылған жұмыс кестесінен «Тұрғын үйге байланысты құжаттарды тапсыру немесе құжаттар алу, кезекті білу сейсенбі, сәрсенбі күндері сағат 16.00-18.00 аралығында қабылданады» деген жазуды көрдім. Қолымды бір сілтеп, араға төрт күн салып сейсенбі күні барсам, халықтың есебі жоқ. Кезекке тұрған азаматтардың дені сыртта жүр, ал кеңсенің ішінде қалғандары тымырсық, еркін дем алуға мүмкіндік жоқ жерде бірін-бірін итерумен, тығылысып-ақ тұр. Барлық сұраққа бір кабинеттен жауап табылатын болғандықтан, барлығының назары сол кабинеттің есігінің ашылып, жабылуында, кезекке тұрмағандар кіріп кетер деп жан-жақтарына алаңдаумен тұр. Мен де соңын сұрап кезекке тұрдым. Айқай-шуды былай қойғанда, жүкті немесе баласын ертіп жүрген әйел азаматшалардың дем алуы қиындап кеткен ортаға шыдай алмай, кезексіз жіберуін өтінгенмен, ешкім жібергісі жоқ болғандықтан, жылап шыққандарының куәсі болдық. Одан біраз қатты дауыс естілді. Не болғанын білмек болып, халықпен итеріле-итеріле алға қарай жақындаған едік, ентікпесі бар кезекте тұрған орталау жастағы ер азаматтың жағдайы күрт нашарлап кеткен екен. Қолында жүрген дәрісін беріп, қабылдауға кезексіз кіргізді-ау әйтеуір. Сапырылысқан жерде мазасызданған тұрғындар тұрғын үйге байланысты құжаттарды бұрынғыша Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдағанын жөн көретіндіктерін айтып жатты. Оның бір ғана себебі, электронды түрде кезекке тұрып, экранда көрсетілген нөмір арқылы терезеге жақындайтындығы бұл жағдаймен салыстырғанда жайлы көрінеді. Осылайша, кезегім жетіп, кіргенмен құжаттарыңды толықтырып әкелмесеңіз, кезегіңізді біле алмайсың деген жауап естідім. Көңілім түсіп, үйге қайттым.
Айтайын дегенім, бір бөлмелі болса да өз үйім болса екен деп үкілі үміт арқалаған мен сияқтылар бір Атыраудың өзінде қаншама?! Сол себепті халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту бағытында қолға алынып жатырған бағдарламалардың өңірде қалай жүзеге асып жатқанына баса назар аудару қажет секілді.
А. БАҒЫТЖАН.
Әрі қарай

Өмір

Өмір

Міне келдік өмірге де,

Жіберіп бір ғаламат күш.

Көр қонағым айналаңды,

Орындап бақ міндетті де.

Уақыт шіркін күтпес сені,

Бекер сөзбен, мәнсіз іспен

Қор боп қалма келген-кеткен.

Шындықты ізде, мақсат осы.
Әрі қарай

Нағыз қазақ келінінің 49 белгісі

1. Ол ақылды
2. Қарапайым
3. Қазақ тілін жетік меңгерген
4. Әрдайым жинақы
5. Қазақ келіні сүйкімді, әрі әдемі
6. Ол макияжсыз да әдемі
7. Ол ешқашан ішімдік ішпейді
8. Темекі тартпайды
9. Күйеуін өте қатты сүйеді
10. Күйеуі де оны өте қатты жақсы көреді
11. Балаларын өмірдегі бар нарседен қатты сүйеді
12. Өміріндегі ең басты мәселесі – оның отбасы, ондағы береке мен бірлікті ұстап тұру.
13. Ол аз дегенде бір ұл және бір қызды дүниеге әкелуі керек
14. Ол күйеуіне алға ұмтылдыратын күш беруі керек
15. Ол өз жұбайына сенімді және де қашан болсын ол оған нөмірі бірінші адам
16. Ол жақсы педагог
17. Ол өз балаларымен тамсанады және де олар анасынан “жаным сол, қошақаным, айым, күнім, ботам” деген сөздерді жиі естіп тұрады
18. Қазақ келінінде күйеуінің ойынан басқа тәуелсіз оз ақылы, ойы бар
19. Ол қай уақытта болмасын өз кеңестерімен күйеуіне көмектесе алады
Әрі қарай

Көктемнің қызығы көшетпен болсын!

Ассаламу алайкум, керекшілер!
Көктемнің алғашқы күндері сіздерге жақсылық болсын! Қазақ атамның айтуы бойынша «күзді күні бір тал кессең, көктемде он тал ек». Қыста екі ағаш қырқып тастаппын. енді соның орнына 20 болмаса да, соған шамалас ағаш ексем бе деп отырмын. Қандай кеңестеріңіз бар.
Алматы қаласы, Іле ауданы, Қара ой ауылына төзімді, сол жақта тез өнетін, жемісін тез беретін ағаштың қандай түрлерін білесіздер. Бөлісе отырсаңыздар. Негізінен алма, өрік, шие ағаштарын ексем бе деп едім, базарға барғанда айнып қалмасам, есігімнің алдын көгертіп, таң тамаша етіп отсам деген ниет қой.
көмектеріңізді күтемін.
Әрі қарай

Туған апама «күн көрсетпей»...


Көктем қандай рахат!!! Таңның атқанын, күннің батқанын көруден артық ләззат бар ма екен? Жоқ шығар сірә. Ертемен жұмысқа келіп, күн қарая үйіне оралатын жандар қыс мезгілінде турасын айтқанда «күнді» сирек көретіні рас.
Менің үйдегі туған тәтем (әпке), солардың қатарында. Қыс түскенде еңсесі түсіп, жабырқаулы жүреді. Көше тазалаушылармен жағаласып жұмысқа кетіп, түрік сериалдары біткен уақытта үйге келсе өйтпегенде қайтсін. Демалысы үйдегі күйбеңмен өтіп кетеді оның үстіне. Әйтеуір бітпейтін бір тірлік.
Көктем басталды – бәрі өзгерді. Жадыраған күнмен – апам да жайдарылана түсті. Көңілі көтеріңкі. Үйдегі еккен гүлдеріне де жиі көңіл бөлетін болды. Сүйікті ермегіне қызығушылығы оянғанын көріп мен де мәзбін. Соның бәрі «күнді көргенінің» арқасы ма деймін. Міне, осынысы үшін көктемді жақсы көремін.
Адамдарға шаттық сыйлап жалғаса берсінші.
Әрі қарай

Төрелік етіңіздер

Өткен жылы Ұлттық арна эфиріне шыққан «Елім менің» бағдарламасын дайындау кезінде әнұран мәтіні бірнеше рет жазылып, әзер бекітілген болатын. Бірнеше мәтін ұсынылды. Таңдалған мәтінді тыңдап жүрсіздер. Сіздердің төреліктеріңізге екі мәтін ұсынып отырмын, бірін белгілі ақын жазған, екіншісін есімі мүлде танымал емес адам жазды. Сонымен төрелік сіздерде. Белгілі ақын жазған, бекітілген нұсқа мынадай:
Дариядайын тасқанда
Бақыт дәулет тапқан ел.
Қырандайын аспанда
Көкке қанат қаққан ел.
Қоғадайын жапырып,
Дұшпан-жауын шапқан ел.
Балдай қымыз сапырып
Нар-тұлпарды баққан ел.
Елім менің кең көсілген даламдай,
Елім менің шексіз мынау ғаламдай.
Елім менің Алатаудай еңселі
Елім менің, сүйем мәңгі мен сені.
Тәңіріне сыйынып
Тыныш бейбіт жатқан ел.
Құйын тағдыр үйіріп
Ащы-тұщы татқан ел.
Толқындары жарысып,
Тасып өзен аққан ел.
Береке-бақ табысып,
Тәуелсіз таң атқан ел.
Елім менің кең көсілген даламдай,
Елім менің шексіз мынау ғаламдай.
Елім менің Алатаудай еңселі
Елім менің, сүйем мәңгі мен сені.
Ал бекітілмеген мәтін мынадай:
Зау құрлықтың жүрегін,
Еркін жайлап жатқан жұрт.
Тәңір берген тартуды
Толағай билеп татқан жұрт.
Бозторғай қойға ұя сап,
Таңы бейбіт атқан жұрт.

Қайырмасы:
Болат тұяқ тұлпарлы,
Темір қанат сұңқарлы,
Даңқы әлемге тараған.
Қазына, кен данасы,
Бесіктен батыр баласы,
Менің елім абадан!

Қарашаның қамын жеп,
Хандар билік құрған жұрт.
Адасқанын аз сөзбен,
Билер бетін бұрған жұрт.
Ел шетінде бел шешпей,
Есіл ерлер тұрған жұрт.

Екі бассаң ен байлық,
Тәңір сүйген құтты жұрт.
Аспан астын, жер үстін,
Мойындатқан мықты жұрт!
Әрі қарай