Қай оқу орны дұрыс?

Мен биыл 11-ші сыныпты бітіруші жас түлекпін. Алға қойған мақсатым: Елімнің Дина Төлепбергендей қайсар да батыл журналисті болу! Мектеп бітіруге де бар болғаны 78-80 күн қалды. Алда ҰБТ. Қай оқу орнын таңдарымды білмей жүрмін. Жалпы өзім Астана қаласында оқығым келеді. 9-сыныптан бергі оқимын деп жоспарлап қойған жер де Астана болатын. Астанының әсемдігі, оның тыныштығы, барлығы мені баурап алғандай болды, Астанадан басқа жерді ойлағым да келмейтін.Егер Астанаға түссем таңдайтын оқу орным Еуразия Ұлттық Университеті болады. Егер Алматыға оқуға түссем Сулеймен Демирел университетінде оқимын. Кеше ғана осы университет біздің мектепке келіп өздерін таныстырып кетті. Менің таңдап отырған пәнім әдебиет, мамандығым журналист. Қазақ тілі мен тарих пәндерінен жоғары балл алып, шығармашылық емтихан тапсырамын. СДУ-дың ұнаған жері журналистикаға ерекше мән берілетіндігі, жатақханасы, 2-курста өзге шет елдерге 1 семестрге оқуға жіберіп, тәжірибе алмасатындығы. Бір сөзбен университет өте ұнады. Бір жағынан СДУ бір жағынан АСТАНА, қалай ойлайсыздар, қай оқу орнын таңдағаным дұрыс?
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
университет таңдаудан бұрын кем дегенде 2 жыл бұрын мамандық таңдаған дұрыс па деп ойлаймын. алған баллға қарап таңдау емес, алдын ала бір мамандыққа дайындалған дұрыс.
Gulbanu
Мамандығымды 8-9сынып оқып жүрген кезімде журналист боламын деп шешіп қойған болатынмын.Грант аз болса да, өзім қалаған жұмыспен айналысқым келеді.Сондықтан грант пен мынанша балл алмасам бұған түспейиін деген ойым жоқ. Әрине, грантқа түссем тіпті керемет болар еді, оған өзім де тырысамын… Енді тек түсетін оқу орным алаңдатып отыр…
Hetrou
ЕНУ-дың атағы дардай әйтеуір, братишка, сестренка оқиды. Студенттерге Алматы жақсы сияқты меніңше.
satibaldi
Елімнің Дина Төлепбергендей қайсар да батыл журналисті болу!
Кез келген оқу орны жарайд, оқымасаң да болад