АЛҒАШҚЫ ЖАЗБА немесе РЕТІЙНГ БАСЫ

Маған ұнамайтын сөздер көп, бұл күнде адамдар қолданылып жүрген. Сол ұнамас сөздердің рейтінгісін «Қазақпыз ғой» бастап тұр. Бұл сөздің қолдану аймағы көп, әсіресе қолданатын адамдар көптігімен таң қалдырады мені. Және сол сөзді соңғы кезде бірнеше рет әртүрлі жағдайда естіген едім. Нақтылақ тоқталып өтейін.
Жиналыс болатыны жайлы екі күн бұрын хабар берілген болатын. Барлығымыз еңку-еңку жер шалып уақытында жетуге талпындық, талпынбағандары болды ма жоқ па білмедім. Басты жиналыстарға кешікпей жетуге тырысамын, содан болар 10 минутқа ерте келдім. Бастық жоқ, зал тыныш. «сағатым алдаған шығар мені...»! белгіленген уақытта жеттік қой, бастығымыз да басын сауғалап келді, ұйқысының қайта оралмасын біліп. Алайда жалғыз адам келген жоқ. Қазақпын деп жар салған әлемге атын қызметтесім. Кешіккенді күтеміз деп ойладық, біріміз ішімізден алтын уақытымыздың өліп бара жатқанына қиналдық, біріміз сабырлық танытып жаман ойымызды кешіккенге қимадық. Келді. «Қазақпыз ғой, кешігіп жүре беретін...»
Отырдым үстел үстінде қағаз жазып. Бір жыл үйіме басын сұқпаған, бірлігін қимады ма билайннын, әйтеуір мүлдем хабарсыз кеткен досым келді алдыма. Амандық сұрасып, білісіп шаруаға көштік. Келген адамның көп созбай шаруаға көшкенің ұнатамын. Жақсы досым бар еді, жанындағы достары да, өзі де тағып жүрген жұлдыздарды. Қызыл жұлдыздарды. Сол «қызыл жұлдызды» досым «билайнды» досымның бауырын тұтқындапты. Негізсіз емес екенің білдім.
— Көмектесші, уақпыз ғой, ағамсың ғой бірге өскен. ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ!
Осындай «қазақтар» көбеймесе азаяр емес. Әйтеуір сылтау таптық. Жақсы сылтау.
Менің бұл алғашқы жазбам екенің айттым ғой. Қатты сынауларыңызды өтінемін, алайда шындықты сүйемін.
Көп сын болады ғой, білем… себебі, ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ!
Әрі қарай

Жұмыстық қатынас (Махаббат қызық мол жылдар 2)


«Махаббатсыз дүние бос».
Сезім мен сырға толы 2013-тің көктемі де өзінің міндетін мінсіз атқарып, жазға эстафетаның шоқ жалынын ұсынды. Ал біздің ыстық сезім, ынтызар көңіл, сағыныш пен сырға толы таңға ұласар түндеріміз ой жүзінде қалып, реалды өмірде іске аспағанын ойласам, өзегім өрттей жанады.
Сол бір кездер-ай дейсің. Өзіңді саябақта өсіп тұрған жұпар иісті гүлге теңер едім. Сол саябаққа ерекше ынтызарлықпен аяқ басып, хош иісті гүлдің арасындағы «отырғышқа» жайғасып, жан дүниеммен, ыстық деміммен иіскеп, бауырыма алсам да тоймас сезімді айтсаңшы. Алаулаған өрт сезімнің мәңгілік емес екенін білсемші. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ». Қадіріңді жете түсінбедім-ау.
Әрбір күнді бірге өткізгенмен не пайда? Көз алдымда күлімдеп тұрғанмен не пайда? «Жұмыстық қатынастан» не пайда? Сезім шоғына балқымаған соң…
Күлімдегеніңмен, жұмбақ жанарыңнан бір сырдың барын анық байқаймын. Қайтейін, менде қанша тырысамын. Сыртымды бүтін етіп көрсеткеніммен, сені көріп қалай «ауыратынымды» білсең.
Ер адам темірдей берік болуы тиісті. Бірақ, болат темірдің өзі іске аспаса, тот баспайды ма? Болатты да ерітетін неше есе артық «ыстық» емес па? Сол ыстықтың көз алдыңда ырық бермей жүргенін елестетіп көріңіз. Іргетасы мықты болды емес па, әйтпесе дес бермей келген, аптығы басылмаған, талай сұлулардан жүрексінбеген көңіл шіркін, бүгін тағы да «жұмыстық қатынастағы» аруды тақырып етіп алып, оған шырмалып, шыға алмай жатқаны.
Әріптес ағамның бірі (әрі білім берген ұстазым): «Оның ІQ (зияттылық коэффициенті) саған сәйкес келмейді» деп пікір білдірген еді. Бірақ, оған бір «жұмбақ дүние» дес берер емес. Ол шіркіннің дес беруі, өмірдегі ең қиын нәрсе.
Пысы: «Жұмыстық қатынас» сырттай да, жасанды да түрде жалғасын тауып жатыр. Жақын күндері еңбек демалысын алғалы отырмын. Еңбек демалысы үлкен өзгерістер кезеңіне ұласар деген үмітпен аяқтағым келіп отыр.
Пысының пысысы: «Жүректен шыққан сөз – жүрекке жетеді» Омар Хаям.
Әрі қарай

Тілек

Биылғы қыс жаныма мұң сыйлаған
Мен енді терең деммен күрсіне алам
Әжем кетті Фәниден Бақи жаққа
Кеудеме шуақ құйып, нұр сыйлаған

Көктемде қуантпады жылдағыдай
Айымның сол жағымнан туғаныма-ай
Мамыражай мамырда атам кетті
Болар деп кім ойлаған тура былай?!

Демеймін әлі шикі бозөкпемін
Келмейді бірақ жылап безектегім
Жаныма бір жылылық сыйлаңдаршы
Жаз бен күз күтіп тұрған кезектерін
Әрі қарай

Дипломды сатып алмай-ақ та жазуға болады екен ғой 3 күн ішінде...

Иә… Сонау 3-курстың соңында диплом тақырыбымды алдым-дағы, бірақ мәлімет жинастырмадым. Шымкенттегі жас драматургтердің конкурсына қатысам деп, пьесама іздедім мәліметтерді. Сөйтіп, 4-курсқа өттік. 1-курстағы жабылмаған құқық сабағым бар еді. Ол да пәле еді. Мамандыққа аттестация болып, одан да өттік жаттағанымызды белгілеп. Бірақ көпшілік шпор деген тәсілді қолданды. Сөйтіп, желтоқсан соңында әлгі құқық сабағымды да жаптым. Екі кредитін төлегем, қарызға ақша тауып. Мұғаліміне жолықсам, емтихан кезінде қинасам, ренжімеңдер деген. Дайындалыңдар деп. Бірақ емтихан кезінде жолықсам, кешке таман үй жаққа кел деді. 16-мен зымырадым. Адам көп. Әлгі құжаттарым сумкамда болса да, сумкамен қоса мыжылып қалғантұғын. Бардым, апай 75 қойып берді. Ертеңіне универге апардым да, одан кейін группадағы Батыстың қыздарымен қоян боп қайттым пойызда. Дипломға мәлімет жинамағам. Қысқы демалыстан кеп, практикаға кірісіп кеттік. Мемлекеттік қой. 2 ай іс-тәжірибеден өтіп, содан кейін ғана сәуірдің 15-теріне таман Ұлттыққа барып, мәлімет жинай бастадым. Жинағанда сол, Д.Әлімжановтың өмірбаяны жазылған бір мақаланы, содан соң тағы бір мақаланы нәуітбұғыма теріп жаздым. Сөйтіп, бір еңбекті ашып қойдым да, содан көшірдім. Пайдаланылған әдебиеттерді де қатырдым. Сөйтіп, 3 күн ішінде дипломымды аяқтап тастадым. Сәуірдің 20-сына дейін өткізіңдер деп жазып қойыпты деканат. Айдалаға 50-60 мың құртқанша, ол қалтамда да қалған жоқ. Себебі ондай ақша жоқ қой менде (күліп жатырмын). Декан да рұқсат етіп, қолын қойыпты диплом жұмысыма. Енді, міне, мемлекеттік емтихандарды да тапсырып жүрміз. Бұған да дайындалмаймын еш. Қабылдайтындарды күнде тамақтандырады кафеден, біз жинап берген 10 мың теңге ақшадан (студент басы). Үштік баға алып жүрмін сол. Қазір сол үйдегі жатыс тіршілік…
Әрі қарай

махаббат қызық мол жылдар

Құдай ау қайда сол жылдар

махаббат қызық мол жылдар

Ақырын — ақырын шегініп,

алыстап кетті ау құрғырлар, — деп Абай атамыз жырлағандай сезім мен сырға толы жастықтың 24-ші көктемі өтіп жатыр. Бүгін мен өзімнің әріптесім Алина атты қыз туралы жазайын деп отырмын. Жұмысқа бірінші келгеннен, оң көзқарас қалыптастырған, осы бір сүйкімді әріптесімнен өзімді алыстау ұстайтынмын. Жеңіл әзіліне жылы ғана күліп, тереңдеп ойнап, әзілдесе бермейтінмін. Өзімді одан төменірек санайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе, екеуміздің құрдастығымыз бар, әлде ол төмен түсті жоқ, мен аздап өзіме сеніңкіредім ба, ашық жарқын араласа бастадық. Жұмыс уақытында, жәй сәлемдестіктен, зілсіз де болса «жаным»,«алтыным», "құдай бере салғаным" деген сияқты сөздер қолдана бастадық. Екеуміз де ортақ айтатынбыз. Әзіліміз де жарасып кетті. Осылайша, «сананы жіпсіз байлаған, әріптестік махаббатымыз басталған болатын». Бос уақытымда қасында отырып қайтатынмын. Жұмыстың бітпейтін шаруалары шаршатқанымен, «Жаным сол» деген бір ауыз сөзі барлығын ұмыттырып жіберетін. Мен де қаламын ба «Алтыным», «Асылым» деп барлық жақсы сөзімді айтып қоямын. Ол кезде «жіпсіз байланған махаббаттың уытына мас болып жүріп», алдағы күндері не болатынын ойлап, қалай жалғасады дегенді ойлауға мұрша болмапты. «Бойдақта ес жоқ!» керемет айтылған. Ессіз осылай күн кешіп жүріп мен «осы махаббатымнан ажырап» қалатыным ойым түгілі түсіме де кіріп шықпапты.

Барлығына өзім кінәлімін. Әңгіменің басында бекер айтқан жоқ, «төменірек» деген сөзді. Соның айғағы ретінде айтсам да болады, жұмыс барысында, кеңейтілген жиналыстан шығып, шаршап отырғанда, мен оның көңіл-күй, жалпы оның сенімін жерге таптап, саналы деңгейден төмен іс-әрекет жасап, қатты ренжітіп алдым. Қатты ренжігені сондай, күніге «жаным» деп алдымнан шығатын періштем, амандасуға да көңіл білдірмеді. Сонда ғана сезіндім, мәңгілік ешнәрсе жоқ, қасықтап жинаған абыройымның сол бір есіме де алғым келмейтін ыңғайсыз оқиғадан, шелектеп төгілгенін. Ия, расында да мен ол қыздың деңгейінен әлдеқайда төмен екенмін. Соншалықты неге нәпсімді тежей алмай, тәкәппарланып қалғанымды өзім кешіре алмай келемін. Сол ренжітіп алғаннан кейін, араға аз уақыт салып 8-наурыз қыздардың мейрамы келді. Жұмыста орташа қылып әріптес қыздарымызға арнап дастарқан жайдық. Ия, ниетіміз қыздарды мерекелерімен құттықтау болатын. Ал, менің ішім алай-түлей. Қайтейін, жақсы көретін адамымнан көз алдымда айрылып тұрсам. Сөз кезегі маған келгенше, ешбір көңіл күйім болмады. Сөйлеген кезімде де арнайы кешірім сұраймын ғой көпшіліктің көзінше оқталғанмен, тәуекелім жетпеді.

Ал, қазіргі таңда, өмір бірсыдырғы ағып жатыр. Күні кеше жұмыста отырсам, әріптесім Мәншүк өзінің тойында түскен суретті әкеліп көрсетіп тұр. Осы жарияланып отырған сурет сол. «Махаббат қызық мол кезең еді, ау» деп ішімді бір тырнап өтті ол сурет. Суретті алған күйінде Алинаға жетіп барып, суретті ұстаттым да кете бардым. Қиын өмір. Қалай ақталамын, қара басыммен үлкен қателік жіберсем. Бямасыз, бар шындығым сол. Бұл тақырып кеше осылайша жұмыста отырып туындаған болатын.

Өмір бір орнында тоқтап қалмайды. Осыны жаза отырып өзімді кішкене де болса жеңілдендіріп, алдағы күнімде ондай қателіктерге бой алдырмаудың жолдарын іздедім. Бүгін, барлық әріптестеріміз болып, қалалық сенбілікке шықтық. Арасында менің ғашық жаным да жүрді құлпырып. Бірақ, амал нешік, жай ғана амандық саулықтан ары бармаймыз. Алдағы уақытта бақытты болуын тілеймін. Өзіңнің жақсы көретін адамыңды қашанда биіктен көргің келеді. Менің де кіршіксіз ақ тілегім осы!
Әрі қарай

Ажалды жеңген анекдот немесе өзім жайлы сатира

Неден бастайын? Өзім ат жақты, қыр мұрынды келгем. Нағашы ағамның мұрнына айнымай тартқан. Бірақ оның мұрнының тарихы зор. Бірінші рет доп теуіп жүргенде мұрнымен гол соққанда сынған. Екінші рет жоғары оқу орында сабақ жүргізген практикантканы ойлап келе жатып көшедегі бөренеге соққан. Ал менің мұрным қалай тартқан? Әсілі былай-ау:
Жатырда жатқан кезімде қабырғаға аямай соққам-ау, шамасы?
Одан анам көк өрікке жерік болып Қытайға құжатсыз тартып отырыпты. Мүмкін осыдан да шығар заңды бұзбай жүріп бұзғанға саналатыным. Туылғаннан ерекше бұзылған екем. Турасынан тартып әкемнің аузына шаптырыппын. Кейін әкем жайлы есімде қалғаны таңғысын мені мойнына отырғызып жүгіретіні.
Сөйтіп жүріп бес-алты жасқа келіппін. Біздің әке сымақ ішіп жыртылғанды сүйеді. Арағын құшақтап жыртылып жүріп, аңдаусызда қалтасынан «адам» сөзін түсіріп апты. Сол түсіріп алғанына қызарақтап бізді ұра беретін. Боксер болам деді ме? Білмейм. Қолын сермегенді сүйетін… Артынша бізді тастап кете барды. Аузына шаптырғаныма ренжіген-ау? Содан бері естігенім бес жұлдызды «Көше» атты қонақ үйде сыйлы қонақ дейді. Және екінші рет әйел алып, күнде сол әйелден оңбай таяқ жейді екен! Өмір алма кезек екені рас-ақ?!
Жеті жасқа келгенде мектепке бардық. Содан сабақтастарыммен емес алқашпен тығылмаш ойнадым. Менің тығылатын орным мектеп директорының арқасы еді… ақыры мені алып қашты. Сөйтсем, бұл алқаш менің әкем екен?! Мені ала қашты. «Көше» атты бес жұлдызды қонақ үйдің ерек қонақтарға арналған «Қоқыс» атты люкс-ынан орын тептік. Көпті көрген алқашым мені алдап жүріп өз үйіме ұрлыққа түсірді. Ұзаққа бармады, анам мені өзіне алды.
Содан бермен «әке» атты сөзді естісем шашым тік тұрып күлкіден жарылам. Қиналсамда сол әдет. Он сегізге келгеннен бері кәдімгідей вольтпен оңдырмай соғып, жерде көбік атып «диско» ойнаймын. Біртіндеп «танцор диско» дәрежесін иемдендім. Адамды ұялтып көрермендер бірге билейтін әдет тапты ғой… қайтейін?! Біртіндеп бір жағынан билеп, бір жағынан анекдотты жіберіп үйрендім. Аналарың шетінен «инфаркт»…
Негізі тірілуім өлең өрнектегеннен басталды. Ұйқы дегенді ұмытып түнімен жазып, сабақта сабақ емес, өлең жазумен өзімше «өнерлі» болатынмын. Сөйтсем, кішкене кезімде «мылқауланып» біраз әңгіме жиналып қалыпты да. Ең бірінші жазғаным:
Өмір – өзен ағып кетер,
Хандық, байлық бәрі бекер.
Одан әрмен «Жетім» деген жыр сымағымды жаздым. Өкініштісі оным нақ «жетімге» ұқсамай қапты…
Аяқ астынан ұйқаспен сөйлейтін әдет таптым да, «оратор» атандым.
Ең қызығы мынау: бала кезімде ағаштан оңбай құлап демім тоқтап қалған. Жанымдағы бала нағашы ағамды шақырып келсе, мен жылаудың орнына қарқылдап күліп отырғанмын. Ал ақымақтығым мынау: қосымша сабақтан үйге ұшып келе жатқам, жолдан жүгіріп өткенде көлік қақты. Сар жапырақтай ұшып барып арыққа құлап түскем. Шопыр болса дірдек қағып жаныма келді. Мен болсам «бәрі жақсы» деумен қайыра салғам. Бұнымен қоймай тағы бір рет соқты. Ұшып барып капотына құладым. Ұялғаным-ай? Зардап шеккен мен емес, көлік… Өзім таңғалам.
Содан бермен күн өтті, ай өтті, жыл өтті. Он сегізге келгенше бір рет «тежелмептім». Он сегізге келген соң газға басты. Сол басқаннан бері бір МАИ ұстамапты. Қайда қарап жүр деймін?
Қысқасы тағдыр мені «накаудтқа» жіберді. Былай болған ғо: отыз тоғыз градуспен бір ай «қуырып» алған. Қатты «қуырғанда» бүйрек зейнеткерлікке шықты. Іші пысқан соң бауыр ізімен кетті. Бүйрек кеткен соң қыңырланып асқазанның моторы күйіп-жанды. «Бұлар кеткен соң, мен қарап отырам ба?» — десіп аяқта декретке кетті. Ең соңында оларға ренжіп жүрек «брейк» билейтін болды.
Он екі мүшем еліктеуіш келген. Қызғанда асқазан істемеген соң, денеге су тарап моншаға айналып булана түсті. Будың жоғары қарай көтерілетіні заңдылық. Біздікіде тура миға барып жадымды тазалап жіберді. Бұрын оқығандарымның бірде бір түйірі есте жоқ. Дрігердің айтуынша мен қайта туылыппын, қызық ия?
Заң бойынша мешіттен көңілі ағарып шығатын еді. Бір күні мешітке барғанымда тізерлеп қалдым. Қыстың күні аяғым шаңғы, қолым таяқ болды. Қарға екі жолды сызып келем. Өткіншілер маған үрке қарайды, мен оларға қарап күліп келем. Қарды қолмен теуіп келем. Сөйтсем, бір километрдей жүріппін. Жолдан әйтеуір өттім. Мешіттің ауласына кірдім. Мешіттен бір жігіт шықты. Көмектесер десем кетіп барады. Амалсыз көмек сұрадым. Сонда бұл қазақ мешітте не істеп жүр?
Одан біретінде қызбен кездесіп жүргем. Ғашық едім. Жағдайымды білетін. Мен жұмыстан қайтқанда жатақанасына соғып кездесетінбіз. Ең соңғы кездесу алдында «вибрация» болдым да қалдым. Оның көзінен жас сорғалады. Бір жас жігіт жүгіріп кеп көмектеспек. Менікі тез басылды. Тура салып үстімді қағып:
— Сценарий бойынша ғой, — десем ағам шошып кеткен. Тайып тұрды.
Ал менің сүйкімдім шошынып иығыма жасын сіңдірді. Арамыз бұзылды. Өзім қандай мықты болсам да қоршаған ортама анайы әсерімді тигізетін бір «дүние» секілдімін.
Бұны жазуымның себебі мынау:
Түнде шәйнектей ысқырып қайнадым. Оның себебі тыныс жолында қақырық тұрып қалды. Неге тұрып қалды десеңіз, асқазанда төл құжатын ұмытып, «МАИ» жібермей қойған. Осыдан кеңірдекте «қақырық» тығыны орын алды. Мұндай кезде ажал келіп есік қағып тұрады. Анам жанымда сүйектен май шығарғандай маған «Құс! Құс!» деп әлек.
Ажал достым бірінші келгенінде бірге кеттік. Содан не керек бір ақ есікке бардым. Есігін қақсам, ашты да бір тепті. «Жассың»,- дейді.
Екінші рет келді. Жырымыз бір, күле-күле мені ұмытып кетті-ау? Қап?!
Кеше тағы келді. Маған «Кеттік пе?» дейді. Мен болсам:
— Мені алып кетсең қонаққа кеп тұратын үйден айрыласың ғой, — дедім. Ажал достым басын қасып:
— Рас, ия? – деп қайқайды. Не болсада Алланың қалауымен.
Өзім кейде күлкі мен жасты шатастырам. Айтқым келгені:
Халқым, күле біл!!!
ТӨРЕХАН Арыстан
Әрі қарай

Көрмеге бардық, барғанда не таптық?

стенд материалдары
Өткенде мына жазбамда «Биоотын—энергия көзі. Қаншалықты үмітім ақталады? „ Өскемен қаласында Германия елшілігі ұсынған “ Возобновляемые источники энергии. Сделано в Германи» аударсақ «жаңғыртылмалы энергия көздері Германияда жасалынған» атты көрмеге бармақшы болғанымды жазғанмын. Бардым, көрмені жетекшілерінің арттарынан еріп келген бір топ мектеп оқушылары аралап жүр. Көрме бойынша жетекші әрбір баннер қасына барып түсіктемесін айтып жатырмын. Көрме дегеніміз 20 шақты баннер. Мұндайды стендтік көрме деп те атайды. Стендтерінде әр тақырып бойынша қысқа шолу жасалынған. Іліп алар ешнәрсе жоқ. Бір нақты компанияның, кондырғының техникалық сипаты, Германияның нақты қандай жерінде іске асырылғандығы т с.с. нақты ақпаратты таппайсын. Орыс тілін ғана түсінетін жабайы халыққа Германия елінің кереметтілігін ұлықтап көрсететін көрме деп түсіндім. Шыдамай кетіп залдың ортасына шығып алып өзімді таныстырған соң жерге қарап отырмағанымызды айттым. «Су диірмен бізде де болған. Желді пайдаланып құдықтан су шығарып малды суарамыз, бізде қиды отын қыламыз оны бізге германдықтар тайпасы үйреткен жоқ (біз үйретпесек оларға). Біраздан соң биодизелімізді де өндіреміз. Геотермальді жылу көзін де пайдаланамыз. Біз тек жаңғырмалы энергияны пайдалану көлемінен қалып қойдық, энергетикалық ресурстар қымбаттады (елімізде тапшы дегенге тілім бармайды), қажеттілік туындады, енді бізде жаңғырмалы энергияны пайдалану көлемін арттырамыз»,— деп бір кең дем алып қалғансын ғой
Әрі қарай

Тавтология 2.0

басы
Тавтологияға жол берген журналистің бәрі бірдей дарынсыз емес. Менің ойымша мұның басты екі себебі бар: уақыттың тапшылығы мен еріншектік.
Тележаңалықтар – конвейер. Кейде мәтінді көркемдеу түгіл, эфриге үлгерудің өзі мұң. Уақыт аздығының емі – тәжірибе. Жүзуді жүзіп үйренетіні сияқты, жазуды да жазып үйренесіз (не деген тавтология).  
Әрі қарай

Үмітсіз шайтан

Баланы туу және оны күтуге байланысты берілетін төлемақыны қысқартуға қарсы петицияның нәтижесі болмады, мүмкін қазақстандық болған соң болар. Енді халықаралық деңгейде Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петиция елбасымызға жетсе, қандай да болса нәтиже болар деп үміттенемін. Бәріңіздің де әлі зейнетке шықпаған апаларыңыз, сіңлілеріңіз, әйелдеріңіз, жақсы таныстарыңыз, құрбы-құрдастарыңыз бар ғой, соларды қолдаңыздар. www.avaaz.org/ru/petition/Otmena_zakona_o_povyshenii_pensionnogo_vozrasta_zhenshchin_Kazahstana/?cZuTzeb
Жалпы зейнеткерлік бәрімізге де қатысты ғой, түсініксіз өзгерістер енгізіп жатыр, ертең сол жинаған ақшамыз қолымызға тисе, соған шүкір деп отыратын шығармыз.
Әрі қарай

Қатал тағдыр

1. Шерхан

Көрдім көзбен айтарым рас құба құп,
Тағдырға да пенде болар шұбар құл.
Тазалықты жуып шайып пасықтық,
Жүректегі сенімді де қылар құм.

Қара сый да, жарық сый да бір Алладан,
Қаралықты тілеп алар адамдар.
Бір тамшы сұм ойың хасіл болар-ау?
Басқа түсер ағат басқан қадамдар!

Аққу қанат сынып құжға таланған,
Алтын тұқым аспас екен шабаннан.
Бастан өтіп таттым дәмін заһардың,
Арбап-сулап кірді тікен табаннан.

Зарын ашып гүлім қурай жылаған,
Мұңлы күйдің үні баурай тыңдағам.
Тамыр кесіп көктем бүрін аттырмай,
Аллам оны сынақпенен сылаған.

Қыз да, ұл да харам іске уланған,
Жамбы жинап фәнилікке буланған.
Шәкәрімнің ізін басып жырлайын,
Шері мүңкіп шабыт туған тұманнан.

Асыл шешей үміттенген арман бар,
Оңдайды ғой ондайды да Тарлан шал.
Өркен жайса шөберелеп шөпшекті,
Көне қосын тамыр жайып жосылар.

Білім теріп кеуде қаққан ұлы бар,
Қажет! — депті, — сұлу ару, білімдар.
Дастарқанды мұштап ұрып ақырды,
Егде ана жылап болды кіріптар.

Үйлі-күйлі, шоқып терген қыз барды,
Шоқалақты сыннан өтіп шыдапты.
Машайықтан текті туған жар етсең,
Боларсың-ау қылыш тері қынапты.

Тыңдап жігіт анасынан қолқаны,
Өткір қанды, ыза туды қылқанды.
Көзі қызыл, уыт төгіп иір тіл,
Осы болды керегенің сынғаны.

Жылдар-жылдар көшкін көшіп ауыпты,
Шерхан өрбіп өсіп білім сауыпты.
Тәкәпарлық бойға дарып қайыспас,
Қызыл қағаз иемденіп даурықты.

Түйе түяқ еңбек ақы суырды,
Төрт тағандап жылан тері шұбырды.
Ойын қуып ұмыт қылды мейірді,
Өзді-өзі жанын отқа қуырды.

Жалғасы бар…
ТӨРЕХАН Арыстан
Әрі қарай