махаббат қызық мол жылдар

Құдай ау қайда сол жылдар

махаббат қызық мол жылдар

Ақырын — ақырын шегініп,

алыстап кетті ау құрғырлар, — деп Абай атамыз жырлағандай сезім мен сырға толы жастықтың 24-ші көктемі өтіп жатыр. Бүгін мен өзімнің әріптесім Алина атты қыз туралы жазайын деп отырмын. Жұмысқа бірінші келгеннен, оң көзқарас қалыптастырған, осы бір сүйкімді әріптесімнен өзімді алыстау ұстайтынмын. Жеңіл әзіліне жылы ғана күліп, тереңдеп ойнап, әзілдесе бермейтінмін. Өзімді одан төменірек санайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе, екеуміздің құрдастығымыз бар, әлде ол төмен түсті жоқ, мен аздап өзіме сеніңкіредім ба, ашық жарқын араласа бастадық. Жұмыс уақытында, жәй сәлемдестіктен, зілсіз де болса «жаным»,«алтыным», "құдай бере салғаным" деген сияқты сөздер қолдана бастадық. Екеуміз де ортақ айтатынбыз. Әзіліміз де жарасып кетті. Осылайша, «сананы жіпсіз байлаған, әріптестік махаббатымыз басталған болатын». Бос уақытымда қасында отырып қайтатынмын. Жұмыстың бітпейтін шаруалары шаршатқанымен, «Жаным сол» деген бір ауыз сөзі барлығын ұмыттырып жіберетін. Мен де қаламын ба «Алтыным», «Асылым» деп барлық жақсы сөзімді айтып қоямын. Ол кезде «жіпсіз байланған махаббаттың уытына мас болып жүріп», алдағы күндері не болатынын ойлап, қалай жалғасады дегенді ойлауға мұрша болмапты. «Бойдақта ес жоқ!» керемет айтылған. Ессіз осылай күн кешіп жүріп мен «осы махаббатымнан ажырап» қалатыным ойым түгілі түсіме де кіріп шықпапты.

Барлығына өзім кінәлімін. Әңгіменің басында бекер айтқан жоқ, «төменірек» деген сөзді. Соның айғағы ретінде айтсам да болады, жұмыс барысында, кеңейтілген жиналыстан шығып, шаршап отырғанда, мен оның көңіл-күй, жалпы оның сенімін жерге таптап, саналы деңгейден төмен іс-әрекет жасап, қатты ренжітіп алдым. Қатты ренжігені сондай, күніге «жаным» деп алдымнан шығатын періштем, амандасуға да көңіл білдірмеді. Сонда ғана сезіндім, мәңгілік ешнәрсе жоқ, қасықтап жинаған абыройымның сол бір есіме де алғым келмейтін ыңғайсыз оқиғадан, шелектеп төгілгенін. Ия, расында да мен ол қыздың деңгейінен әлдеқайда төмен екенмін. Соншалықты неге нәпсімді тежей алмай, тәкәппарланып қалғанымды өзім кешіре алмай келемін. Сол ренжітіп алғаннан кейін, араға аз уақыт салып 8-наурыз қыздардың мейрамы келді. Жұмыста орташа қылып әріптес қыздарымызға арнап дастарқан жайдық. Ия, ниетіміз қыздарды мерекелерімен құттықтау болатын. Ал, менің ішім алай-түлей. Қайтейін, жақсы көретін адамымнан көз алдымда айрылып тұрсам. Сөз кезегі маған келгенше, ешбір көңіл күйім болмады. Сөйлеген кезімде де арнайы кешірім сұраймын ғой көпшіліктің көзінше оқталғанмен, тәуекелім жетпеді.

Ал, қазіргі таңда, өмір бірсыдырғы ағып жатыр. Күні кеше жұмыста отырсам, әріптесім Мәншүк өзінің тойында түскен суретті әкеліп көрсетіп тұр. Осы жарияланып отырған сурет сол. «Махаббат қызық мол кезең еді, ау» деп ішімді бір тырнап өтті ол сурет. Суретті алған күйінде Алинаға жетіп барып, суретті ұстаттым да кете бардым. Қиын өмір. Қалай ақталамын, қара басыммен үлкен қателік жіберсем. Бямасыз, бар шындығым сол. Бұл тақырып кеше осылайша жұмыста отырып туындаған болатын.

Өмір бір орнында тоқтап қалмайды. Осыны жаза отырып өзімді кішкене де болса жеңілдендіріп, алдағы күнімде ондай қателіктерге бой алдырмаудың жолдарын іздедім. Бүгін, барлық әріптестеріміз болып, қалалық сенбілікке шықтық. Арасында менің ғашық жаным да жүрді құлпырып. Бірақ, амал нешік, жай ғана амандық саулықтан ары бармаймыз. Алдағы уақытта бақытты болуын тілеймін. Өзіңнің жақсы көретін адамыңды қашанда биіктен көргің келеді. Менің де кіршіксіз ақ тілегім осы!
Бөлісу:

24 пікір

Gulistan
Суреттегі кімдер? Оңнан солға? Солдан оңға?
Arys_arlany
алдымн өзіңізді таныстырып кетсеңіз, басы жоқ, аяғы жоқ, пікіріңізге түсінбедім
asaubota
соншама не істедің қатты ренжитіндей? бәрін қалпына келтіруге болмайды ма?
Arys_arlany
Бұлар менің әріптестерім
neoaskar
Махаббат деп танысаң айрылма, егер жәй әріптестік десең, кешірім сұра да, ары қарай кете бер (өміріңді жалғасытар бер дегенім ғой) басқа жаққа кетіп қалма, досым десең бірге бұрынғыдай жалғастыра бер…
Adiletshu
Не істеп қойдың сонша?
Arys_arlany
кәрөщі, кешке жиналыс бод, үлкен бастықтың алдында. Содан, жүйкеміз жұқарып шықтық. Оның бөлімінде мусор бар, біздің бөлімде мусор бар, ондай кезде қыздар пысықсынып, жұмсауға шебер ғо, апашаш, әкелесаш, барасаш, келесаш дегенн сиякты, сөйтіп жұқарып отқанда: «мынаны апарасаш» демей ма, менде нақ, апармим дедим, мен саған емес, осы бөлімнің мұжықтарына айтып атырмын дед, мен бұл бөлімдегі мұжықтардың бяри кетип қалд дедим. сомен битти амгиме, ертенине амандассам амандаспаид, содан тусиндим «бяри битти»
Daniar-Alan
ой лібәәәәә, қызың да сен де пензец кенсіңдер
Adiletshu
Қызылдағы қыз кім? Соған әрекет етсейш
Arys_arlany
ООООО, ол ШОЛПАН ғой. жүрейін сосын, ШОООООООООООООООООООООООООООЛПАН, ааааааа, шшшшшшшш, ШШШШШШШШолпан деп
Arys_arlany
ол узбецкая марка, тико дейміз өзіміз. Ал, менің «махаббатым» япошка ғой
Adiletshu
Түсінбедім. Япошка, тико деген не мағына береді. Шолпан өзбек па?
Arys_arlany
жоқ қазақ қыз ғой, 92 жылғы. Секси бома ол. Тек обьемі кіші, 0,8 куб моторы сосын тико дейміз))))))
Adiletshu
Маған ұнап тұр. Қарағаны секси екен
Arys_arlany
оның жігіті көп, мля бір күні тойот 35, бір күні ауды 100, бір күні запарожбен, бір күні жаяу кепті жігіті))))))))))
Adiletshu
Қыздарды мәшінеге теңегенді қай атаңнан көріп едің. Ұят-ай.
Arys_arlany
соңғысы реалный машина ғой, жигиттери шынымен машинамен келеди,
Sashok
Біртүрлісің негізі.
Arys_arlany
бұл жақта сау адам бар ма?
zhanara2013
Жынды екенсің гой…
zhanara2013
Адамдар сау, сау емес деп бөліп алдың ба?
Мен де кейде күманданам
Danial
бляяяяяя өзім төмен екенмін төмен екенмін деп таусылып отырғанға не болды екен десем анассс мусор шелек дейдіғо, бауырым сонша таусылғаныңа жол болсын мусор шелекке бола