махаббат қызық мол жылдар

Құдай ау қайда сол жылдар

махаббат қызық мол жылдар

Ақырын — ақырын шегініп,

алыстап кетті ау құрғырлар, — деп Абай атамыз жырлағандай сезім мен сырға толы жастықтың 24-ші көктемі өтіп жатыр. Бүгін мен өзімнің әріптесім Алина атты қыз туралы жазайын деп отырмын. Жұмысқа бірінші келгеннен, оң көзқарас қалыптастырған, осы бір сүйкімді әріптесімнен өзімді алыстау ұстайтынмын. Жеңіл әзіліне жылы ғана күліп, тереңдеп ойнап, әзілдесе бермейтінмін. Өзімді одан төменірек санайтынмын. Бірақ, уақыт өте келе, екеуміздің құрдастығымыз бар, әлде ол төмен түсті жоқ, мен аздап өзіме сеніңкіредім ба, ашық жарқын араласа бастадық. Жұмыс уақытында, жәй сәлемдестіктен, зілсіз де болса «жаным»,«алтыным», "құдай бере салғаным" деген сияқты сөздер қолдана бастадық. Екеуміз де ортақ айтатынбыз. Әзіліміз де жарасып кетті. Осылайша, «сананы жіпсіз байлаған, әріптестік махаббатымыз басталған болатын». Бос уақытымда қасында отырып қайтатынмын. Жұмыстың бітпейтін шаруалары шаршатқанымен, «Жаным сол» деген бір ауыз сөзі барлығын ұмыттырып жіберетін. Мен де қаламын ба «Алтыным», «Асылым» деп барлық жақсы сөзімді айтып қоямын. Ол кезде «жіпсіз байланған махаббаттың уытына мас болып жүріп», алдағы күндері не болатынын ойлап, қалай жалғасады дегенді ойлауға мұрша болмапты. «Бойдақта ес жоқ!» керемет айтылған. Ессіз осылай күн кешіп жүріп мен «осы махаббатымнан ажырап» қалатыным ойым түгілі түсіме де кіріп шықпапты.

Барлығына өзім кінәлімін. Әңгіменің басында бекер айтқан жоқ, «төменірек» деген сөзді. Соның айғағы ретінде айтсам да болады, жұмыс барысында, кеңейтілген жиналыстан шығып, шаршап отырғанда, мен оның көңіл-күй, жалпы оның сенімін жерге таптап, саналы деңгейден төмен іс-әрекет жасап, қатты ренжітіп алдым. Қатты ренжігені сондай, күніге «жаным» деп алдымнан шығатын періштем, амандасуға да көңіл білдірмеді. Сонда ғана сезіндім, мәңгілік ешнәрсе жоқ, қасықтап жинаған абыройымның сол бір есіме де алғым келмейтін ыңғайсыз оқиғадан, шелектеп төгілгенін. Ия, расында да мен ол қыздың деңгейінен әлдеқайда төмен екенмін. Соншалықты неге нәпсімді тежей алмай, тәкәппарланып қалғанымды өзім кешіре алмай келемін. Сол ренжітіп алғаннан кейін, араға аз уақыт салып 8-наурыз қыздардың мейрамы келді. Жұмыста орташа қылып әріптес қыздарымызға арнап дастарқан жайдық. Ия, ниетіміз қыздарды мерекелерімен құттықтау болатын. Ал, менің ішім алай-түлей. Қайтейін, жақсы көретін адамымнан көз алдымда айрылып тұрсам. Сөз кезегі маған келгенше, ешбір көңіл күйім болмады. Сөйлеген кезімде де арнайы кешірім сұраймын ғой көпшіліктің көзінше оқталғанмен, тәуекелім жетпеді.

Ал, қазіргі таңда, өмір бірсыдырғы ағып жатыр. Күні кеше жұмыста отырсам, әріптесім Мәншүк өзінің тойында түскен суретті әкеліп көрсетіп тұр. Осы жарияланып отырған сурет сол. «Махаббат қызық мол кезең еді, ау» деп ішімді бір тырнап өтті ол сурет. Суретті алған күйінде Алинаға жетіп барып, суретті ұстаттым да кете бардым. Қиын өмір. Қалай ақталамын, қара басыммен үлкен қателік жіберсем. Бямасыз, бар шындығым сол. Бұл тақырып кеше осылайша жұмыста отырып туындаған болатын.

Өмір бір орнында тоқтап қалмайды. Осыны жаза отырып өзімді кішкене де болса жеңілдендіріп, алдағы күнімде ондай қателіктерге бой алдырмаудың жолдарын іздедім. Бүгін, барлық әріптестеріміз болып, қалалық сенбілікке шықтық. Арасында менің ғашық жаным да жүрді құлпырып. Бірақ, амал нешік, жай ғана амандық саулықтан ары бармаймыз. Алдағы уақытта бақытты болуын тілеймін. Өзіңнің жақсы көретін адамыңды қашанда биіктен көргің келеді. Менің де кіршіксіз ақ тілегім осы!
Әрі қарай