Безеу тасып кетті, көмектесіңіздерш...

Бәріне сәлем, жаңа жылда көктем мерекесінде құлпырып жүрген шығарсыздар. Келе жатқан мерекелеріңізбен…
Сіздерден көмек… Бетіме безеу, қара нүктелер (угри, черные точки) қаптап кетті. Құрысын, бет ажарын бұзып, бет терісін шыдатпай қозып мазаны алады екен. Бірер қытайдың жолдарда, базарда сататын сабындарын пайдаланып көрдім, басында кетірді, соңынан қайта шығып кетті. Зинеритті теледидардан жарнама етіп жатқанда сатып алғым келіп еді, көбісінен Зинериттің пайдасы жоқ деп естідім, алмадым, бағасы да арзан емес…
Сіздер білетін безеуге қарсы халықтық рецептілер барма, болса бөлісіңіздерші.
Алдын ала рахмет…
Әрі қарай

Интернет журналистиканы дамыту керек!

  • KazNET
«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысында қазақ журналистикасына жаңа пәрмен беретін, қадамын ашатын интернет журналистиканы дамыту керектігі айтылды.

Басқосуда Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі кеңесінде көтерілген проблемалар талқыланды. Ақпараттық саясаттағы жаңашылдықты мамандар интернет журналистикамен байланыстырды.
Әрі қарай

LG OPTIMUS L7ᶦᶦ DUAL смартфоны Қазақстан электроника дүкендерінде пайда болды

смартфонЕкі SIM-картасымен активтендірілген LG Optimus L7ᶦᶦ жаңашаланған стильді дизайны мен жоғары өнімділік пен инновациялық функционалдылықты сәйкестендірген. Әртүрлі тарифтік жоспарлар сәйкестендіру мүмкіндігінің арқасында, пайдаланушы Optimus L7ᶦᶦ Dual смартфонын қолдануда қосымша мүмкіндіктерге ие болады, ал нақтырақ айтатын болсақ смартфонда орналасқан сенсорлы батырманы бір рет қана басып SIM-карталарды ауыстыра аласыз.

LG Optimus L7ᶦᶦ Dual смартфоны 2460 мАч батарея қуаттылығымен ерекшеленеді, батарея 2 күнге жетеді. Энергия қуатын үнемдеу режимін қолдану арқылы аккумулятор қуатын өзіңіз басқара аласыз, яғни энергия қуатын аз жұмсап, қалған қуатты үнемді түрде қолдана аласыз.

1.0 ГГц қуатты екі ядорлы процессор мен Android Jelly Bean (4.1) жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді. Көңілден шығарлық өнімділігі смартфонға контент пен ғаламтор-беттері мен ойындардың тез жүктелуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар ешбір кідірулерсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

8 Мп-ді камера кеңейтілген функционалдылық керемет видео түсірілім мен суреттің сапалы болуын қамтамасыз етеді. Қосымша кіріктірме функциялары пайдаланушыларға ыңғайлылық пен қызықты сауықты қамтамасыз етеді («Cheese» дауыспен басқару пәрмені, QuickMemo және т.б.).
Optimus L7ᶦᶦ Dual смартфоны QuickMemo, QuickTranslator мен QSlide QuickMemo, QuickTranslator және QSlide жетілдірілген функцияларымен ерекшеленеді.

QSlide функциясы сізге екі мәселені бір сәтте шешуге мүмкіндік береді, яғни екі функцияны бір мезетте орындай аласыз. Мысалы: видеоны тамашалай отырып, SMS хабарламаны жіберу мүмкіндігі бар.

Quick Translator функциясы тілді түсінудегі кедергілерді жояды
Quick Translator– жазба, мәзір жолдары мен кез-келген сөйлемді бір тілден екінші тілге тез арада аударуға көмектеседі. Quick Translator 44 шет тілден 64 шет тілге оңай, әрі лезде көшіріп, аударуға мүмкіндік береді.

Quick Button функциясы қалаған қосымшаңызға лезде кіруге мүмкіндік береді. Ол үшін жай ғана Quick Button батырмасына қол тигізсеңіз болғаны, экран бетінде өзіңіз көрсеткен қосымша ашылады. Экран блокта тұрса да, Quick Button батырмасы арқылы сіз камера, карта немесе сүйікті желіңізге лезде қосыла аласыз.
Әрі қарай

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

  • KazNET
Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин:

«Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек»

Бұл сөздерді блогшылар әр түрлі формада қабылдап, түрлі-түрлі пікірлер айтыла бастады. «Тәжин тізімі» деген атау да қойылып үлгерді. Мемлекеттік хатшы сол жиында не айтты, қысқаша қарап көрейік.
Әрі қарай

Ата-ананың қадірі.

Ассалаумағалейкум ағайындар.Сіз бен біздерге мына оқиғадан сабақ алуға болады екен.Бізден алдыңғы заманда, атасы мен баласы бір қылмыс істеп қойып,қазының алдына келеді.Қазы дегеніміз біздің тілімізбен айтқанда сот қой.Сонда сот, олардың ісін қарап, “атасына-он қамшы, баласына-он қамшы”,-дейді.Бұлардың жазасы сол,-дейді.Одан кейін атасы мен баласын жазалап, бірінші атасына-он қамшы ұрады.Сонда атасы тісін-тісіне қойып, мыңқ етпестен шыдап тұратын еді.Кейін кезек баласына келіп, баласына бір қамшы ұрған кезде, баласын көріп тұрған атасы айқайлап жылап жібереді.Сонда жаңағы кісілер, “ей ақсақал жаңа өзіңе қамшы тигенде жыламадың, балаңа қамшы тигенде жылайсыңба?”,-депті.Сонда қарияның айтқаны ғой: “сендер жаңа менің теріме, етіме ұрдыңдар,қазір менің бауырыма ұрып жатсыңдар, бауырымның ауырғанына шыдай алмай жатырмын”,-деген екен.Міне құрметті ағайындар ата-ананың балаға деген мейірімділігі, “ата-ананың қадірін, балалы болғанда білесің”,-деген ақиқат бұл.Біздер ата-анамыздың қадірін тірі кезде білуіміз керек екен.Ата-анамызға тірі кезінде қылған қызметіміз, олардың дүниеден өтіп кеткеннен кейінгі қылған қызметтерімізден артық екен.Мысалы бір адамның үйі жоқ болуы мүмкін, болмаса жұмысы енді оңалып келе жатқан болуы мүмкін.Мен енді осының бәрін бітіріп алайын, кейін ата-анама қызмет қылам,-деген жарамайды екен.Мен үйімді бітірем,қарызымнан құтылам,-деп жүргенде, ата-анаңыз өтіп кетсе қайтесіз?Қызмет қыла алмай, арманда қап кетпеңіз.Сол үшін ата-анаға көп қызмет қылайық.Біздер ата-анамызға қанша көп қызмет қылатын болсақ, Аллаһ Тағала біздің барлық жақсы жұмыстарымызға береке береді екен.
Әрі қарай

Әйелдің сырын әйел түсінер

Шынында да қазіргі заманда әйел епті болып, жұмысқа да, балаға қарауға, үй тіршілігіне, күйеуінің бабын табуға үлгермесе, көштен қалып қояды. Бұл жағдайды тек әйел ғана түсінетін шығар. Ерінің ғана табысына қарап отырған әйел қазір кемде-кем. Тіпті отбасында өзі ғана табыс тауып отырғандар да бар. Ал балаларын жалғыз өзі ешкімнің көмегінсіз екі-үш жұмыс атқарып асырап отырған аналарымыз қаншама. Осының салдарынан біз осыгүні ана болу бақытын жоспарлауға мәжбүрміз. Әрине барлығына нарық заманы кінәлі деп қарап отыруға да болады. Бірақ бұл әсте олай емес. Бала күтіміндегі әйелдерге үкімет әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшалай көмек береді дегенде өте қуанғанбыз, төленген ақшалай көмек талай отбасына ана бала күтімінде болғанда бірталай көмек те болған. Бірақ биыл 6 ақпанда заңға өзгеріс енгізіліп, жалақысы 10 АЕК-тен артық табысы бар аналарға қаржылай көмек тек сол он айлық есептік көрсеткіштен ғана есептеліп, төленетін болыпты. Ал айырмашылығын жұмыс беруші төлейді деген, бірақ Еңбек кодексінде жұмыс берушінің ондай міндеті жазылмаған. Бұл жайт қыз-келіншектердің жиналып, әлеуметтік желілерде ұйымдасып, соңынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында қарсылық шарасын ұйымдастыруға әкелді. Сонда халық санын көбейтеміз деп ұрандап жүрген шенеуніктеріміз осы заңға өзгеріс енгізгенде не ойлады екен? Қайран болатынымыз, елден миллиардтап ақша ұрланып жатқанын көрмейтін ағаларымыз аналардың алатын ақшасын көріп қалып, оны өте көп деп есептепті. Ақылға сыймайтын нәрсе. Сондай біз неше түрлі форум, конференция, олимпиада өткізуге, демалыс кешендерін салуға ақшаны оңды-солды шашамыз да, баланы күтуге керекті қаражатты үнемдейді екенбіз. Салыққа келгенде қанша тапсаң да табысыңнын он пайызын алады, ал ақшалай көмекке келгенде алалайды екен. Әлсіз әйелге көмек берудің орнына, тағы сол байғұс әйелді жейді. Осыдан жиырма жыл бұрын қайта құру кезінде базар жағалап, беті үсіп, қолы күс-күс болып отбасын асыраған осы әйелдер емес пе еді. Неге біздің қоғам әйелді бағаламайды? Қолдап, қолпаштап отырудың орнына үнемі басып-жаншып отырады? Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп өмір сыйлайтын аналарымызға демеу көрсете алмаса не болғаны соншалық?
Бұл өзгеріске қарсы болған қыз-келіншектер онлайн петицияға қол қоюға шақырады. Мен де қосылдым. Мен наразымын. www.onlinepetition.kz/popravka2013/petition.html Сіз де өз болашағыңызға немқұрайлы болмасаңыз, қосылыңыз!
Әрі қарай

Азап – ғажап!

Лүпілдейсің, нені аңсайсың пәк жүрек?
Мен сүйгенмен ол сүймесе не керек?
Күндіз-түні ойлайтыным бір тілек –
Тұрса екен деп сол перизат еркелеп.

Сезесің бе бұл күйімді мендегі?
Алданышпен болды өмірім ертегі.
Мен ынтығып жүргеніммен сыртыңнан,
Сүйесің-ау өзге жанды сен тегі.

Тілеуің де, ойың дағы жырақта,
Білемін ғой, көз жұмамын бірақ та.
Ғашықтардың басындағы хәл бөлек,
Бірақ оны сүйген жаның сұрап па?

Жаның жұмбақ, санам жетпес–шыңырау,
Көрер көзің мені көрмес, тәңір-ау!
Тіл қатқанда елеңдейтін құлағың,
Жүрек үнін естімейтін «саңырау».

Қатыгезсің дей алмаймын, демеймін!
Хор қызына – перизатқа теңеймін.
Бақытты боп жүрсең болды қашан да,
Кірбің түспей қабағыңа, жемей мұң.

Б.Әлібай 24.03.2011ж
Әрі қарай

Ойланшы....

Саған деген ықыласпен, ынтызарлық сезіммен,
Жүрегіңді, қалауыңды берші маған дедім мен.
Алыс жүрсем құлазиды жаным сенсіз жабығып,
Сен бар кезде мәңгі өлместей бәдік күйді сезінгем.

Бір күлгенің! Бір күлкіңді көру маған шын бақыт!
Тәубә деймін дауысыңды қойғанына тыңдатып.
Көруді де бақыт еткен сенің жарқын жүзіңді,
Сол бір сәтте тәтті мұңға кетем лезде шым батып.

Қырау түссе қабағыңа – жас жүректі мұз еткен,
Жан болсамшы бірге жүріп бақытыңды күзеткен.
Ұйықтау тұрмақ байыз тауып отыруым бір арман,
Сені емдеп ала алмасам жалғыздықтай «сүзектен»!

«Қош» дегенде «кездескенше» дегенің деп білемін,
Сүйме мейлі, мен бәрібір тілекшің боп жүремін!
Алқымдаған сезімімді сырқатымның аты – сен,
Сол дертімнің дауасы да өзің ерке – біл емін.
Б. Әлібай 09.03.2011жыл.
Әрі қарай

Жапырақ

Тіл қатпай томсырады күллі атырап,
Жаздайғы бар қызығын ұрлатып ап.
Ең соңғы күнпарақтың бетіндей боп,
Бұтақта ең ақырғы тұр жапырақ.
Елеусіз-
Көзге тіпті білінбейді,
Қалтырып, қалтарыста дірілдейді.
Басынан сұмдық күйді кешіп тұрған
Тағдыры басқаларға білінбейді.

Бір күні-
Арпалысқан бір өмірдей,
Әрең тұр бар жоғы да біле-білмей,
Сәл ғана салмақ түссе үзілердей.
Қажыған әлде кімнің жүрегіндей.

Бір мезет түсіне енсе күн кешегі,
Бір үміт, бір күдікпен тілдеседі.
Күз келіп, тұрғыласын онамасқа,
Тірліктің парқын бәлкім білмес еді.

Қаншама қиындық тұр бір басында,
Өзімен-өзі ғана мұңдасуда.
Жалғыздық жабырқатқан сыңайы бар,
Сыңар жоқ сыбырласып сырласуға.

Сұстылық байқалғандай күзгі бұлттан,
Тітіреп, тіксінеді ызғырықтан.
Жас еді-жасыл еді,
Енді сары,
Өмір-ай!
Өң бояуын жүз құбылтқан.

Жұлқынып әне-міне қалмағы анық,
Қайтадан қона алмайды талға барып.
Тыныстап суық дүние құшағында
Жатады біраз уақыт қарға оранып.

Сол сәтте зым-зия боп жоғалады,
Жол солай…
Жоғалмасқа жоқ амалы.
Қайтадан қанша көктем оралады,
Олар да тоналады, тоналады.

Жайқалды-
Жарқын күлді, жайраңдады.
Өмірдің еркелетті сайран бағы.
Сыр бермей сіресіп тұр,
Күресіп тұр,
Сарбаздай жалғыз қалған майдандағы.
Әрі қарай