Безеу тасып кетті, көмектесіңіздерш...

Бәріне сәлем, жаңа жылда көктем мерекесінде құлпырып жүрген шығарсыздар. Келе жатқан мерекелеріңізбен…
Сіздерден көмек… Бетіме безеу, қара нүктелер (угри, черные точки) қаптап кетті. Құрысын, бет ажарын бұзып, бет терісін шыдатпай қозып мазаны алады екен. Бірер қытайдың жолдарда, базарда сататын сабындарын пайдаланып көрдім, басында кетірді, соңынан қайта шығып кетті. Зинеритті теледидардан жарнама етіп жатқанда сатып алғым келіп еді, көбісінен Зинериттің пайдасы жоқ деп естідім, алмадым, бағасы да арзан емес…
Сіздер білетін безеуге қарсы халықтық рецептілер барма, болса бөлісіңіздерші.
Алдын ала рахмет…
Бөлісу:

11 пікір

Olzhass
безеудің түп-тамыры асқазанда. ішіп-жеміңді қадағала, тым ащы, тым тәтті тағамдарды азайтқаның дұрыс. оңтайлы тағам ретінде Геркулес ботқасымен тамақтан. Нәтижесі бірден емес, біраз уақыттан кейін көріне бастайды. Жылы суды көбірек іш. Тамақты жақсы қорытуға біршама пайдалы суйықтық деген. Минералды ішімдіктерден аулақ болғаның жөн.
VKM
дұрыс тамақтану керек
daugozhek
сығып таста
aza
Рас айтасың, сығысу жетіспеушілігінен болады дейтін безеуді…
aza
сығу дегенім еді, айып етпеңіздер!
torgai
Рас. Сыққанда ішінен сап-сары нәрсе шығады. Сонымен бір тыныстайды. Біраздан соң қайта толады. Сонда тағы сығу керек.
Adiletshu
сықса орны тыртық боп қалады
Adiletshu
Асқазаныңды тексерт. Гастрит болуы мүмкін
karapaiym_adam
сыгып сыгып акыры бир ауруды жуктырып жаткандар коп, дерматологтен кенес ал бесплатно ол
madikon
сығуға тіптен болмайды, ертенгі күні орны қалып қояды. бетің өмір бойы кедір-бұдыр болғанын қаламасаң сықпа. сосын сабынмен ешқандай жағдайда жууға болмайды. бетің тырысып кеуіп кету мүмкін. әр адамның терісі әртүрлі болады, соған қарап пайдалану керек пайдаланатын крем, т.б. ең дұрысы әр нәрсені бір жақпа. шынымен бір рет болса да косметологқа барған жөн.