Ата-ананың қадірі.
Ассалаумағалейкум ағайындар.Сіз бен біздерге мына оқиғадан сабақ алуға болады екен.Бізден алдыңғы заманда, атасы мен баласы бір қылмыс істеп қойып,қазының алдына келеді.Қазы дегеніміз біздің тілімізбен айтқанда сот қой.Сонда сот, олардың ісін қарап, “атасына-он қамшы, баласына-он қамшы”,-дейді.Бұлардың жазасы сол,-дейді.Одан кейін атасы мен баласын жазалап, бірінші атасына-он қамшы ұрады.Сонда атасы тісін-тісіне қойып, мыңқ етпестен шыдап тұратын еді.Кейін кезек баласына келіп, баласына бір қамшы ұрған кезде, баласын көріп тұрған атасы айқайлап жылап жібереді.Сонда жаңағы кісілер, “ей ақсақал жаңа өзіңе қамшы тигенде жыламадың, балаңа қамшы тигенде жылайсыңба?”,-депті.Сонда қарияның айтқаны ғой: “сендер жаңа менің теріме, етіме ұрдыңдар,қазір менің бауырыма ұрып жатсыңдар, бауырымның ауырғанына шыдай алмай жатырмын”,-деген екен.Міне құрметті ағайындар ата-ананың балаға деген мейірімділігі, “ата-ананың қадірін, балалы болғанда білесің”,-деген ақиқат бұл.Біздер ата-анамыздың қадірін тірі кезде білуіміз керек екен.Ата-анамызға тірі кезінде қылған қызметіміз, олардың дүниеден өтіп кеткеннен кейінгі қылған қызметтерімізден артық екен.Мысалы бір адамның үйі жоқ болуы мүмкін, болмаса жұмысы енді оңалып келе жатқан болуы мүмкін.Мен енді осының бәрін бітіріп алайын, кейін ата-анама қызмет қылам,-деген жарамайды екен.Мен үйімді бітірем,қарызымнан құтылам,-деп жүргенде, ата-анаңыз өтіп кетсе қайтесіз?Қызмет қыла алмай, арманда қап кетпеңіз.Сол үшін ата-анаға көп қызмет қылайық.Біздер ата-анамызға қанша көп қызмет қылатын болсақ, Аллаһ Тағала біздің барлық жақсы жұмыстарымызға береке береді екен.
5 пікір