Өткен жылы Ұлттық арна эфиріне шыққан «Елім менің» бағдарламасын дайындау кезінде әнұран мәтіні бірнеше рет жазылып, әзер бекітілген болатын. Бірнеше мәтін ұсынылды. Таңдалған мәтінді тыңдап жүрсіздер. Сіздердің төреліктеріңізге екі мәтін ұсынып отырмын, бірін белгілі ақын жазған, екіншісін есімі мүлде танымал емес адам жазды. Сонымен төрелік сіздерде. Белгілі ақын жазған, бекітілген нұсқа мынадай:
Дариядайын тасқанда
Бақыт дәулет тапқан ел.
Қырандайын аспанда
Көкке қанат қаққан ел.
Қоғадайын жапырып,
Дұшпан-жауын шапқан ел.
Балдай қымыз сапырып
Нар-тұлпарды баққан ел.
Елім менің кең көсілген даламдай,
Елім менің шексіз мынау ғаламдай.
Елім менің Алатаудай еңселі
Елім менің, сүйем мәңгі мен сені.
Тәңіріне сыйынып
Тыныш бейбіт жатқан ел.
Құйын тағдыр үйіріп
Ащы-тұщы татқан ел.
Толқындары жарысып,
Тасып өзен аққан ел.
Береке-бақ табысып,
Тәуелсіз таң атқан ел.
Елім менің кең көсілген даламдай,
Елім менің шексіз мынау ғаламдай.
Елім менің Алатаудай еңселі
Елім менің, сүйем мәңгі мен сені. Ал бекітілмеген мәтін мынадай:
Зау құрлықтың жүрегін,
Еркін жайлап жатқан жұрт.
Тәңір берген тартуды
Толағай билеп татқан жұрт.
Бозторғай қойға ұя сап,
Таңы бейбіт атқан жұрт.
Қайырмасы:
Болат тұяқ тұлпарлы,
Темір қанат сұңқарлы,
Даңқы әлемге тараған.
Қазына, кен данасы,
Бесіктен батыр баласы,
Менің елім абадан!
Қарашаның қамын жеп,
Хандар билік құрған жұрт.
Адасқанын аз сөзбен,
Билер бетін бұрған жұрт.
Ел шетінде бел шешпей,
Есіл ерлер тұрған жұрт.
Екі бассаң ен байлық,
Тәңір сүйген құтты жұрт.
Аспан астын, жер үстін,
Мойындатқан мықты жұрт!
Пікір жоқ әзірше