«Еуропаға махаббат білдіру» атты байқауға қатыс, Стамбулға 2 билет ұтып ал!

EUNIC Алматы Turkish Airlines компаниясының колдауымен Еуропалық тілдер күніне арнап «Еуропаға махаббатын білдіру» атты байқау жариялайды.
Сіздің Еуропаның бір қаласына немесе бүкіл бір еліне өз махаббатыңызды білдіргіңіз келе ме? Онда өлеңмен білдіріп көріңіз!
Бұл байқауға қатысу үшін қандай шартты орындау керек:
— Қазақ немесе орыс тілінде өлең жазып жіберіңіз. Өлеңнің көлемі 12 жолдан кем және 30 жолдан артық болмауы керек.
— Өлеңіңізді мына почтаға жіберіңіз: eunic.almaty@gmail.com. Өзіңіздің аты-жөніңізді, мекен-жайыңыз бен электрондық почтаңызды, үй және ұялы телефон номерлерін толық жазып жіберіңіз.
— Осы байқауға қатысуыңызбен Сіз өз жұмысыңызды пайдалануға / жариялауға, сонымен қатар EUNIC сайтында және EUNIC ұйымына қатысушылардың сайтында / әлеуметтік желілердегі тобында аты-жөніңіздің аталуына рұқсат беретіндігіңізді ескеріңіз.
Бұл байқауға 18 жастан бастап Қазақстанда тұратын кез-келген адамдар қатыса алады.
Жұмыстарыңызды 2014 жылғы 12 қазанға дейін жіберуіңіз керек.
Жеңімпаз бен бас жүлде:
Жеңімпаз Еуропалық тілдер күнінде 2014 жылғы қазанның 19 күні жарияланады. Нақты өтетін орнын кейінірек хабарлаймыз.
Бас жүлде: Turkish Airlines тарту еткен Стамбулға екі билет.
Әділ қазы алқасы:
Байқаудың әділ қазы алқасы келесі ұйымдар өкілдерінен тұрады: Аlliance Française Almaty, British Council, Goethe-Institut Almaty, Швейцарияның Алматыдағы Консулдығы.
Іріктеу кезінде бағаланатын жайт:
— Мазмұнның ерекшелігі
— Тақырыптың ашылуы
— Шығармашылық ізденіс
Сіздерге табыс тілейміз және белсенділік танытады деп сенеміз!
Егер сұрақтарыңыз болса, Динара Сериковамен байланысыңыз: eunic.almaty@gmail.com
+ 727 244 41 44, ішкі: 303




























Нұржан мен 300 теңгеге туфли алдым, сен қаншаға алдың", дегендi.Ал мен өз туфлиымды 1500 теңгеге алғанымды айттым,әлгi досым «Нұржан сен 1500 теңгеге бiр ғана туфли алсаң, мен 5 туфли аламын», деп бiр мақтанды.Сөйтiп оқу жылы басталды.5-сынып оқимыз-ау шамасы.Жаңагы туфлиын айтып сыныпта барлығына мақтанып шықты.Мұғалiм келдi, сабақ басталды.Қонырауда әбден жүгiрген Ержан досымның туфлиының бiр табаны түсiп калды.Өзi мән бермейдi оған.Не керек төрт сабақ бiткенше Ержанның екi табаны да түсті.Сабақтан қайтқанда екi табанын ұстап қайтқан жайы бар.Мұнымен айтқым келгенi,«арзан дүние тұтынушыны өзiне көп тартады», екен…

