Үлкендерге реніш

Үлкен адамдардан естіп келе жатқан ақылдарым: «Бұл заманда честныйлық деген керек емес», «Слишком ақкөңіл болған дұрыс емес», «Честный болсаң ешнәрсеге де жетпейсің»
Шын жүріп, таза еңбекке ғана арқа сүйеп дәулетті болу қиын, бірақ мүмкін нәрсе. Пара ала алмайтын, тіпті өмірдің өзі олар айтпақшы үйрете алмайтын жандар болады. Ал үлкендер оларды маған бейшаралар, неудачниктер етіп көрсетеді, олардан үлгі алма дейді.
Алдыңа адам келетін жұмысқа тұр дейді, біреу келіп алдыңа іс айтатын жұмыс дұрысы дейді. Санэпидем, прокуратура, министрліктерді мысалға келтіреді.
Ренжимін мен оларға, жастары жарты ғасырға келген адамдардан мен ондайды естігім келмейді. Олар маған барынша таза жүр, артыңда балаларың мақтанардай, жақсы ісің мен атың оларға азық болардай адам болуға тырыс десе екен деймін. Олар өйтіп өте сирек айтады. Дастархан үстінде, жиылыстарда «Бәленше қалай акиматқа кірді солай байып кетті ғо» сынды әңгімелер. Адамдардың маскасы деген, маскарады деген жай айтылмаған дүние болды, шынымен де бәрі бәрі бәрі өтірік пен байлықтың тақырыбынан аспайды. Барлық заманда да солай болған, солай бола береді.
Әрі қарай

Ертеңгі матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч
ХАЛА МАДРИД !!! Интернетті ашып-жапқанша мінекей бір апта да өтіп кетіпті. Еуропада Футбол маусымы қызуға бетбұрыс жасап жатыр, трансферлік терезе жабылысымен қыза түсетініне сенім берік. Сонымен іске көшейік, Мадридтік Реал ертең гранадалық Гранадамен Нуэво Лос Карменес стадионында Ла Лиганың 2-турын жабады.
Әрі қарай

Қазақ тілді журналистер арасындағы IV шығармашылық «Алтын қалам» байқауы жалғасады

Блог - asaubota: Қазақ тілді журналистер арасындағы IV шығармашылық «Алтын қалам» байқауы жалғасады

ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге IV шығармашылық «Алтын қалам» байқауының жалғасатынын хабарлайды. Байқауға республикалық, өңірлік, ведомстволық басылымдардың, теледидар және Интернет басылымдарының журналисттері қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – журналисттер арасында экономикалық және өнеркәсіптік тақырыптар (ҮИИДБ, Индустрияландыру картасы, Жол картасы және т.б.) туралы мақалалардың сапасын арттыру, осы тақырыпқа маманданған үздік журналисттерді анықтау және ынталандыру.

Байқау 2013 жыл бойы өткізіледі. Қорытындысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады.
Әрі қарай

Салфетка

Ақын емес болғандықтан азулы,
Бос сөзде де білмейді екем қажуды.
Таусылғандай әлемде бар тақырып
Тапқан екем мен де нені жазуды!

Сүртейін бе не қолымды, бетімді,
Салфеткамның түрлері бар не түрлі.
Пайдалану осы жұмсақ қағазды,
Мәдениеттің көрінісі секілді.

Әне жатыр салфетканың құрғағы,
Міне жатыр антимикроб-ылғалы.
Жол жүруші адамыңа бұл нәрсе,
Аса қажет жарақ болып тұрғаны.

Пах, салфетка! Демеңіздер далбаса,
Шала біткен ақын жырын арнаса.
Мына өлең шықпас па еді жарыққа
Жазатұғын бір салфетка болмаса.
Қаңтар, 2010
Әрі қарай

Судья 3.14дараз

Кеше Шымкентте Ордабасы Ақтөбені қабылдады.
Футбол, тек қана футбол!: Судья 3.14дараз
Ойын жақсы басталған осылай, әнұранмен. Бірақ, Ордабасы біз күткен ойын өрнегін көрсете алмады. Ақтөбе негізгі құраммен ойнамаса да, бір есте қаларлықтай мардымды шабуыл жасай алмады. Ойлап, қоям, негізгі құраммен келгенде ірі есеппен ұтылатын ба едік. Ощм, дәрменсіздік танытып, жанкүйерлерінң алдында жерге қарап қалды.
Әрі қарай

Дүрсілдеген жүрек

Блог - totiya: Дүрсілдеген жүрекДүниедегі ең керемет мотор — көкірегіңіздің сол жағында орналасқан жүрегіңіз. Жүрегіміз ерекше жүйесімен, тоқтаусыз соғуымен тәулігіне денеміздегі қанды 1000 рет толық айналдырып отырады. Жүрек бір сағатта орташа көлемді машинаны 1 метр жоғары көтеретіндей қуат бөліп шығарады. Жүректің қанды айдаған кезде қолданатын күші өте қуатты. Осы күш арқылы қанды 3 метр жоғарыға ытқыта алады. Жүректің ең бір ерекше қасиеті — тоқтамастан, шаршамастан өмір бойы жұмыс істеуі. Осы тұрғыдан алғанда, дүниедегі тоқтамай, демалыссыз жұмыс істейтін жалғыз мотор деуге болады. Жүрек — шамамен минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам рет соғып, үнемі қозғалыста болатын жалғыз ағза. Адамның орта өмірі бойынша 2,5 миллиард рет соға отырып, 300 миллион литрдей қанды айдайды. Ұйықтап жатқан уақыттың өзінде жүрегіміз сағатына 340 литр қан айдайды екен.
Алақаныңызды қанша минут тоқтатпастан ашып, жұмып тұра аласыз? Алақаныңыз бірнеше минуттан кейін-ақ шаршап, бұл әрекетіңізді тоқтатуға мәжбүр боласыз. Ал енді өмір бойы жүрегіңізді бір мезет тоқтатпастан, денеміздің түкпір-түкпіріне сағатына жүздеген литр қанды айдатқызып тұрған қандай күш? Тағы да кездейсоқтық па? Жоқ әлде…
Әрі қарай

Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?

Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?
Айша анамызға (р.а.) бір кісі келіп: «Адам өзінің жақсы екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін ең жаман адаммын деп қабылдағанында» деген жауап естиді.

«Ал өзінің жаман екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда, «Өзін ең жақсы адам санағанында» деген жауап естиді.
muslim.kz/kk/article/323-adam-ozinin-jaqsy-ekenin-qalai-biledi.html
Әрі қарай

Ит пен мысық

Блог - Ispek92: Ит пен мысық
Менің 4 жыл оқыған универді бітіргеніме көп бола қоймады. Бірақ айтпағым бұл емес еді. Мен оқып жүргенімде квартирада(пәтерде) тұрдым. Яғни, неше түрлі көршілерім болды. Мені таңқалдырғаны кейбір адамдардың(көбісі десемде болады) иттен гөрі мысықты жақсы көретіні. Мысықты асырағандары да болды. Мен керісінше, оларды ұнатпаймын, ал иттерді қалай жақсы көрем десеңші. Мысықты қалай жақсы көруге болады, соны түсіне алмадым. Содан осы жазбаны жазайын деп интернеттен материалдар іздей бастадым. Сонымен, иттерді не үшін жақсы көру керек деген себептерге төменгілерді айтуға болады:
Әрі қарай