Үзік-үзік ойлар

***
Денсаулық-зор байлық. Осындай ұран іспеттес, нақыл деуге де келетін мәтелді денсаулық мекемелерінен жиі көремін. Кейде осыған қарап отырып «Зор байлық-денсаулық» деп жазса не болар еді деген сынды ойға шомамын…
***
Бұл денсаулық дегеніңіз адамзатқа Құдайдан берілетін сый секілді. Сый деген әркімге беріле бермейді ғой. Денсаулық та дәл солай. Қанша жерден күтінсең де ауыруға шалдыға беретін кездер болады. Қарапайым ғана мысалдар келтіре кетсем.
Біздің үйдің балалары қыста далаға шыққанда жемпірдің сыртынан свитір қабаттап, қалың пәлтесін киіп, мойнына шарпы орап, киіз ұлтарақ салынған етіктерін аяғына іліп, буынып-түйініп шана тебуге шығады. Көрші үйдің балалары күзгі күртемен, жеңіл – желпі киіммен қалай болса солай шыға салады. Біздің үйдің ең кішкентай баласы астына көрпе төселген, одеялмен қымталған шанада отырады. Көрші үйдің сол шамалас баласы астына сабан төселген боқ шығаратын кәритада жатады. Ертеңіне, тымауратып, суық тиіп, сабаққа бармай қалатын біздің үйдің балалары. Ауырмайсың деп тұмшалай беруге де, өбектей беруге де болмайтын шығар. Бірақ, дәл ана балалар секілді жеңіл –желпі киініп шығып, ауырып қалып жататын да сол баяғы біздің үйдің балалары.
***
Біздің ауылда Тайкен деген азамат болды. Мен ес білгелі жалғызбасты. Тайкеннің отбасысы болған еді деген әңгімені естімеппін және ол жағына бала болған соң ба бас ауыртпаған екенмін. Сол Тайкен тереңдігі 3-4 метр болатын құдықтарды жалғыз өзі бір күнде қазып тастайтын. Біз ол кісіні күші қайта бастаған кезде көргенбіз. Құдықтың түбінде тұрып, дымқыл сазды құдықтың ауызынан ары 4-5 метр жерге лақтыратын жарықтық. «Денсаулығы бар кезде Тәйкендерің бұндай саздарды 10-12 метрге лақтырушы еді. Қартайыпты.» деп үлкендер бас шайқап отырушы еді. Денсаулығы қайтқандағы түрі қылшылдап тұрған жігіттерді жолға қалдырып кететін. Құдайдың сыйы емес деп көріңізші енді…

***
«Ақша болса болды, қалғанын сатып аламыз» деген қалжың-шыны аралас тіркесті жиі естіп қаламын. Бос сөз секілді. Рас, қатты ауырып жүрген, қымбат дәріге, қымбат отаға ақша таба алмай жүрген адамдарға солай болса солай шығар. Бірақ, жағдайлы адамдарға да медицинаның көмектеспей қалатын кездері көп. Менің атамның немере інісі ҰҚК ұзақ жылдар қызмет еткен болатын. Мен білетін шені полковник. Сол кісі зейнеткерлікке шыққан соң өзін-өзі керемет күтті. Оған дейін де күтініп жүрген адам деп естігенмін. Мен ол кісімен қызметінен кетер кезден бастап араласа бастадым. Қарағандыға оқуға келген кезімнен бастап дегенім дұрысырақ болар. Ия, сонымен, ол әкеміз өзін қатты күтетін. Тағамдарды талғап жейтін. Жылына екі-үш мәрте денсаулығын тексертіп отыратын. Шипажайларға бас сұғуды да ұмытпайтын. Өзі менің атамнан бір он жас шамасында кіші. Менің атам қайтыс болғаннан кейін үш айға жетер-жетпес уақытта ол кісі де кетті ғой…
***
Жұрттың күтініп жүрген қатындары бала туатын кезде түрлі аурулары шығып, ем қабылдап барып бала көтеріп жатады. Ақ қар, көк мұзды к*тімен ерітіп қайыр сұрап отыратын анабір халықтың қатындарына таң қаламын. Жылда бала туатын секілді өздері. Емшегінде бір бала, жетегінде жеті, етегінде екі бала. Әлде, ол балалар олардікі емес пе? Әй, сонда да денсаулықтары мықты әлгілердің…
Бөлісу:

7 пікір

zholantai
оқылды, айтар жоқ, пікір жазылып, тікелей эфирге шықсын деп сол ))
Korkem
)))))))) құщті! Соңғысына күлдім)))
Abilakim
Менің анам дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып қалған адам. Бірақ, ол жайлы жазғым келмеді. "Қазақстан дауысын" ұтсам анамды Мепккеге апарамын" деген сынды аяныш тудырғым келмеді
zholantai
Менің анам дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып қалған адам.
дәрігерлерден осы үшін де қорқамын, қатты, емдей алмайд екен, қоя салса,
bizbike
Соны айтамын да, қаңғып жүріп бала тапқыш-ау деймін де соларды. Сосын қайта-қайта түсіртіп тастайтындарға бала біте береді неге екенін, ал тілеп жүргендер әрең көтереді сол баланы.
zholantai
аха, айтпаңыз, маған қызығы күйеулері не істейд екен, жата ма үйде, шалжиып, аяқтарын аспанға көтеріп қойып, беліне күш жинап, ужсс
madlen
Инстаграм мен твиттерде қайта-қайта шығатын «баламыз өте қауіпті дертке шалдықты, ақшалай көмек беріңіздер» деген хабарламалар туралы не ойлайсыздар? Кей кезде ондай посттардан шаршап, тіпті көңіл бөлмей өтіп кететіндей жағдайға жеттім…