Қазақстан Қытайстан болып бара жатыр ма?
Қазақ қонақжай халық, аңғал, ақкөңіл дегенге бәрі басынып бара жатыр. "Қара қытай қаптаса ақырзаман болады" дейтін. Сол қара қытай елімізді соғыссыз-ақ басып алып жатыр. Тіліміз орыс, дінімізге өзіміз шошып қараймыз, руға бөлініп тағы бүлінеміз.осының бәрі шет елдіктердің арам ойын іске асыруларына жол ашып беріп отыр. "Қазақ жақсы" — деген өтірік мақтауға алданып, барымызды береміз. Мына бейнебаянда тек қытайлықтардың елімізді қалай басып плып жатқаны айтылған. Қытайдан бөлек қаншама шет елдік фирмалар, шет елдік тыңшылар бар. 7-8 миллион қазақты әдемі сөзбен алдап, арзанын беріп,қымбатымызды тонап жатқандар қаншама. "Қара қытай қаптаса, сары орыс ағаңдай болады" дейді, «ағамыз» жерімізді улап зымыранын жарып жатыр, жастарымызды арағымен алдап жатыр. Тіліміз орыс болды. Қазақтар ояну керек! Қазақтың салт-дәстүрін, дінін, өнерін ескінің сарқыты деп қарауды қою керек, шет елге еліктемеу керек. Қазіргі жаһандану уақытында ұлттық құндылықтарымызды сақтап, өз тілімізде сөйлеп, дәстүрірімізді қайта жаңғыртып, қазақ екенімізге мақтануымыз керек. Қытайлықтар "қазақ тілі міндет емес" дейді екен, "Қазақтардың өздері қазақша білмейді" — деп. Аллаһ біздерге көп нығметтер берді, соны дұрыс пайдалану керек. Ата-бабамыз дініне мықты, ұлтжанды, намысты болғандықтан еліміз бай, жеріміз кең болды Аллаһтың қалауымен. Иманды, ұлтжанды, намысты болайық. Қытайдың емес құдайдың құлы — қазақ!
Негізі сіз шындығы сондай "Ұлтжанды" жансыз ба әлде…