Түс немесе сағыныш

Міне бүгін өмірімде бірінші рет өз ойымды интернет желісіне жазып отырмын. Осы 2-3 күн болды мен бір ай бұрын айырылскан қызды түсімде көріп жүрмін. Мен оны қатты жақсы көргенмін(Өмірімнен артық десем өтірік емес).Осыдан бір ай бұрын ол қыз ұзатылып кетті. Біздің қосылмауымызға көп нәрсе себеп болды. Оның есімі Жанар болатын. Жанармен соңғы рет оның ұзатылуына бір күн қалғанда жолықтым. Екеуміз кафеге барып шай іштік. Мен сол кезде мауқымды басып оның иісіне тойып алғым келген. Мен оның алдында жатып әңгімелесіп кеттік. Сол мезетте ол өз сезімін іс-әрекетімен білдірді. Ал мніе бүгін арадан бір айдан көп уақыт өтті. Мен оны ұмыту үшін көптеген қыздармен таныстым, бірақ түк шықпады онымнан. Ақйық ақын Мұқағали атамыздың «Шын ғашықпын» өлеңін оқысам сол есіме түседі. Ал енді түсіме оралайын. Кеше ол маған түсіме кірген еді. Түсімде ол мені іздеп жүр екен мен оқыған мектепте. Ал мен болсам одан қашып жүомін. Неге екенін өзімде түсінбедім.Ол болса сол жерде жүрген адамдардан мені сұрап жүрді. Ал бүгін және түсіме енді. Бұл түсте мамасы екеуін көрдім. Ол үйіне ажырасып қайтып келіп қалыпты. Сол жерде екеуміз біраз сөйлестік, ол маған күйеуін жамандап жатыр. Мен болсам түкке түсінбей тұрмын. Түсімде оны көргеніме қуанып тұрмын ба? Сосын оның мамасы келіп маған әңгіме айтып жатыр, сонда мен түсімде оны алам деп қуанып жүрмін.Ия ол күйеуден шығып келгендігіне қарамайаламын дедім түсімде.Егер бұл өңімде болғанда да мен солай айтар едім өйткені мен оны өте қатты жақсы көремін,өлердей ғашықпын. Бірақ бұл түстің маған неге көрініп жүргенін түсінбедім? Ол қиналып жүрме… Бірақ мен оны қатты сағындым. Мен алдыңғы түстерімде бір адамды күн бойы түсімде көрген емеспін. Достар егер менің жазған мәтініме сын айтпай, түсімді жорып беріңдерші. Менің бұл алғашқы жазған тақырыбым ғой, оғанда себебші сол баяғы ҒАШЫҚТЫҚ.
Әрі қарай

Жылқы кісінескенше...

«Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген екен бізден бұрынғы қазақтар. Ия, жан-жануарларда сөйлейді. Бір-бірімен қалжыңдаса да алатын шығар бәлкім.
Ауылда өскен бала болған соң әр малдың жүріс-тұрысын аңдап өскенбіз. Жүні қалың қойларға қарап «Осылар ыстықтамай ма екен?» деп бала кезімде талай ойланушы едім. «Денелері қышымайды ма?» деген сауалда миымның бір бөлшегінде жатушы еді. Біз, адамдар бір жауырынымыз не болмаса басқа да қол жетпейтін жерлеріміз қышыса бауырымызға, баламызға, келіншегімізге айта аламыз. «Жауырынымды қасып жіберші. Е, е, осылай, сәл төменірек» дегендей.
Әрі қарай

Мақал да ескіре ме?

Құмкешуде өткен балалық шағымның куәгері, сыныптасым Қайрат хабарласты. Бір сыныптасымның сәби шетінеп кеткенін де тілге тиек етіп, неге көңіл айтпадыңдар деді? Кезінде «Б» сыныбының жүгін көтеріп жүретініме үйреніп қалған болса керек, ұлдардың барлық қыздарға жариялаған «сөгісін» «дер» деп менің бетіме басқысы келді ғой деймін. Телефонмен көңіл айтқан ыңғайсыз ғой, Арқалыққа жол түскенде кіріп шығарМЫЗ дедім, әйтпесе, қазақтың «Көрген жерде көңіл айт» деген мақалы бар емес пе дедім. Сондағы сыныптасымның сөзі: «Жәкө, оттай бермеші, қазақтың көп мақалы ескірген. Кезінде апайлар „Әй, асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, ертелі кеш доп қуа бермей, бір уақ тақпақ жаттап, физикадан сабақ айтсаңдаршы“ деп еді ғой, енді не? Жүр ғой анау доп ойнаған Мессилерің ақшаны күреп тауып! Қазақтың мақалы дейді ғой, мыңқылдамай ертең қоңырау шалып, көңіл айтыңдар, Қауын мен әтешке де ызбандап айт, олар да ызбандасын» деді. Реально, ойланып қалдым. Мақал да ескіре ме??Қалай?
Әрі қарай

Сағыныш Айдынғалиұлы-Бара алмадым

Сәлем, Керекшілер
Әнші Қайрат Нұртастың орындауындағы Бара алмадым атты әні маған қатты ұнайды. Өзім кәсіпқой әнші емеспін. Жәй ғана әуесқоймын. Үй жағдайында өзімше студия жасап осы әнді записке жазғанмын. Сіздерме бөліссем деймін. Бағасын бере жатарсыздар
Әрі қарай

Лекцияда.....

Қызық екен өмірдің мынау ағымдары,
Алдымнан қолын бұлғап бақытымның сағымдары,
Физматтың лектің залына асығамын,
Оқитын корпусымның жанындағы.

Қызғалдақ гүл жаңа ашылған көктемдегі,
Мөлдір бұлақ сылдырап аққан өткелдегі,
Айналаға көрік беріп нұрландырып
Аппақ гүлім жалғыз өскен көк белдегі.

Айта берсең жақсы теңеу қыз дегенге
Сұраған бола бермес іздегенге,
Махаббат айдынында шаршамастан
Табысар аққулар үмітін үзбегенде.

Ғашықтық сезім деген оянғанда,
Тұла бойды нәзік сезім ой алғанда,
Сен кіріп түстеріме оянамын,
Түн болып айнала қараңғыға боянғанда.

Ұйқысыздық мазасыздық түнгі менің қонақтарым,
Ойыма басқа жанды жолатпадым.
Қиялмен сырласқан түндерімнің тұңғиығында
Сан – саққа арман болып қонақтадым.

Таң атып қызыл арай көрінгенде,
Шуақ шашып күн сәулесі төгілгенде,
Тағыда физмат жақа асығамын,
Қолыма қалам алып қиялым бір арнаға өрілгенде.

Ой санамды бірақ сәтте ұрладыңда,
Шығып ап түсе алмай толғаныстың шыңдарында
Келемін тағдыр атты теңіздің кемесінде,
Ақ-адал махаббатқа жету жолының елесінде…

Бұл бірінші курста болатын артынан ол қызды саябақта сүйіктісімен отырған бақытты кезін көргенімде жалындап тұрған махаббатым су сепкендей басылды… Неде болса бақытты болсын басқа айтарым жоқ!!!

Марат Нигметжанов
Әрі қарай

"Менмін" деп кеудесін соғатындарға

Автограф!

Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?
Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Біреуде ғайбаттап жатқанда, өзгенің ісіне көңілім толмай жатқанда осы өлеңді оқимын да «көзімді» қыса қоямын
Әрі қарай

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік таңы атқан арайлы
Болашаққа нық сеніммен қарайды.
Желбіреді тек биікте жалауы,
Сөнбей жанып еркіндіктің алауы.

Қылшылдаған боз баланың жасындай
Аз мерзімде ірге тасы қаланыпты.
Бүкіл әлем мойындап қазақ елін,
Дамыған елдердің қатарынан саналыпты.

Астанасы аз уақытта бой түзеп,
Көк тіреген ғимараттар әдемі.
Осы жерден табылар-ау сұлулық
Әсемдіктің, кереметтің әлемі.

Ұлт аралық татулыққа ту тіккен,
Жарасыпты жұлдызымыз өзге ұлтпен.
Ынтымақпен сыйластықтың мекені,
Әлемге аян Қазақстан екені.

Сәтін салып, айы туып оңынан,
Қазақстан көшті бастап жолынан.
Халықаралық ұйымдарды басқару,
Келе бермес әр мемлекеттің қолынан.

Елімізде барлық бақыт тоғысқан,
Бақыттың білмес бағасында кей адам,
Назарбаевтай көшбасшыны бұйыртқан,
Мың тәуба жаратқанға дей алам.

Қазақстан жиырма жаста бүгінде,
Алып қыран самғап ұшқан көгінде.
Бейнесімен қайраттанған барыстың,
Бейбітшілік бастау алған жерінде.

Туған елім арта берсін ырысың,
Түзу болсын тіршілікпен тынысың.
Жүрегінде жұдырықтай әр қазақтың,
ТЕК СЕН ҒАНА, ТЕК СЕН ҒАНА ҰЛЫСЫҢ!!!

Марат Нигметжанов.
Әрі қарай