Лекцияда.....

Қызық екен өмірдің мынау ағымдары,
Алдымнан қолын бұлғап бақытымның сағымдары,
Физматтың лектің залына асығамын,
Оқитын корпусымның жанындағы.

Қызғалдақ гүл жаңа ашылған көктемдегі,
Мөлдір бұлақ сылдырап аққан өткелдегі,
Айналаға көрік беріп нұрландырып
Аппақ гүлім жалғыз өскен көк белдегі.

Айта берсең жақсы теңеу қыз дегенге
Сұраған бола бермес іздегенге,
Махаббат айдынында шаршамастан
Табысар аққулар үмітін үзбегенде.

Ғашықтық сезім деген оянғанда,
Тұла бойды нәзік сезім ой алғанда,
Сен кіріп түстеріме оянамын,
Түн болып айнала қараңғыға боянғанда.

Ұйқысыздық мазасыздық түнгі менің қонақтарым,
Ойыма басқа жанды жолатпадым.
Қиялмен сырласқан түндерімнің тұңғиығында
Сан – саққа арман болып қонақтадым.

Таң атып қызыл арай көрінгенде,
Шуақ шашып күн сәулесі төгілгенде,
Тағыда физмат жақа асығамын,
Қолыма қалам алып қиялым бір арнаға өрілгенде.

Ой санамды бірақ сәтте ұрладыңда,
Шығып ап түсе алмай толғаныстың шыңдарында
Келемін тағдыр атты теңіздің кемесінде,
Ақ-адал махаббатқа жету жолының елесінде…

Бұл бірінші курста болатын артынан ол қызды саябақта сүйіктісімен отырған бақытты кезін көргенімде жалындап тұрған махаббатым су сепкендей басылды… Неде болса бақытты болсын басқа айтарым жоқ!!!

Марат Нигметжанов
Бөлісу:

5 пікір

Abilakim
Ұйқысыздық мазасыздық түнгі менің қонақтарым,
Ойыма басқа жанды жолатпадым.


келген соң бес күндік қонақтарым
бойыма басқа жанды жолатпадым-дегендей екен)))
bi2
ех, махаббат, не боп барасың? адамдар сен үшін күреспейді қазір, жеңілгенін тез мойындайтын болып кетті)))
Armanjan
Ооооо, физматтың корпусы қараңғағыр,
Сенде ремонт, менде маха жоқ — жарамыз бір.
Корпусы физматтың құлап түскір,
Қараңғағыр өмір-ай, қараңғағыр…