Жылқы кісінескенше...
«Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген екен бізден бұрынғы қазақтар. Ия, жан-жануарларда сөйлейді. Бір-бірімен қалжыңдаса да алатын шығар бәлкім.
Ауылда өскен бала болған соң әр малдың жүріс-тұрысын аңдап өскенбіз. Жүні қалың қойларға қарап «Осылар ыстықтамай ма екен?» деп бала кезімде талай ойланушы едім. «Денелері қышымайды ма?» деген сауалда миымның бір бөлшегінде жатушы еді. Біз, адамдар бір жауырынымыз не болмаса басқа да қол жетпейтін жерлеріміз қышыса бауырымызға, баламызға, келіншегімізге айта аламыз. «Жауырынымды қасып жіберші. Е, е, осылай, сәл төменірек» дегендей. Қой-ешкі, сиыр деген малдарыңыз қышыған жерлерін ағашқа, бағанаға, темірлерге, тіпті трактор, тележкалардың астына кіріп кетіп тыр-тыр қасып алады. Мүйізі қатты қышитын бір қошқарымыз шегініп-шегініп барып, қатты екпінмен бағананы сүзетін. Кейде бұқалармен де сүзісіп жататын(Біз өзіміз жеке шығып, жайлауда өз малымызды баққанан бері бақташыға ыңғайлы болу үшін ірі қара мен қой-ешкіні бірге жаятынбыз. Бақташы дегендеріміз мына өздеріміз. Біздің әулеттің балалары. Кезек-кезегімізбен, ержеткенімізге қарай, атқа отыра алатын жасқа жеткенде мал соңында кететінбіз.
Бірді айтып бірге кеттім-ау. Сонымен, жылқының арқасы я болмаса құлағының түбі қышыса не болады? Ол жануарлар мойнын бұрып алып, артқы тұяғымен құлағын қаси беретін аша тұяқты мал емес. Жайылымда жүрген жылқының жауырыны қышып кетсе жанындағы екінші бір жылқының дәл сол жерін ептеп тістейді. сол кезде әлгі жылқы жауырыны қышып тұрған жылқының жауырынын тістелеп қасып береді.
Бұл жазбам еш қызық болмауы мүмкін. Бала кезімде, жайлауда жүргенде осы жаңалықты өзіме ашқан күні қызық секілдітін. Бірақ, ол кезде үйде интернет болмады да жаза алмап едім…
Суретке сілтеме

А айтпақшы, қошқарың нағыз қошқар екен