Солақай әнші
«Солақай болса не болыпты?»деп сөге көрмеңіздер. Қарағандыда қазан айында болып өткен Ж.Елебеков конкурсы кезінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленген әншілердің бірі. Орындайтын әні де керемет. Қарқылдап күліп алады арасында. әміренің Парижде орындаған «Ағаш аяғын» орындап арасында жылайтын жерінде жылап та алды бұл жігіт. Ол әннің видеосы жоқ екен бірақ. Айтпақшы сапасына кешірім сұраймын. Жүктеуге жеңіл болсын деген әрекетімнің нәтижесі еді. Сонымен ,
Еркебұлан Қасымов
Домбырасын асынып
Келе жатыр томпаңдап
Ән салуға асығып-қабыл алыңыздар!
www.youtube.com/watch?v=E5BQOOfH2Y0&feature=plcp
Әрі қарай
Еркебұлан Қасымов
Домбырасын асынып
Келе жатыр томпаңдап
Ән салуға асығып-қабыл алыңыздар!
www.youtube.com/watch?v=E5BQOOfH2Y0&feature=plcp
Осындай әншілер бар еді
90-жылдардың соңы. Алматы. ТВда осы әншілердің клиптерін күніге көрсететін. Түнгі клубратда, мерекелік күндері алаңдарда осылар ән айтатын. Очм танымал болған кезінде.
Көбі осы күнге дейін жетпеді. Жоқ болып кетті. Кейбірлері 2000-жылдардың ортасына дейін ТВдан көрініп жүрді.
Тағы Шармани деген бір әнші бар еді. Бірақ оның сол кездегі бір де бір клипін де, әнін де таппадым. Сосын Яшлык, Тахир Ибрагимов дегендер де болған.
Есіме түскендері осылар.
Төмендегі клиптер 90-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басындағы клиптер.
Кирилл Ли

Сөзжұмбақ - Қазақша сайттар

Мына торкөздерден неше қазақша сайт атауын көріп отырсыз? Сөздер солдан оңға және жоғарыдан төмен жазылған.
"Шал". Қазақ киносы өсті
Бір секундқа да қалғытпайтын фильмдерді жақсы көремін. Егер ұйықтап кетіп, кез келген жерден оянып, не болғанын түсіне беретін болсаң – кино емес. Ал әр секунды ажырамас бөлік болса – кино.
Кезінде тап-тамаша фильмді «Келін» деп атағаны үшін Ермек Тұрсыновты жек көріп едім. Оның режиссурасы мықты. Ұлтжандылық жетпейді. Ал «Шал» үшін алғыс айтамын. Бір-ақ сөз «Гармония»!
Ұнады:
1. Қасқыр (Құртқа)
2. Ерболат Тоғұзақов (Шал)
3. Сценарий (мәтін)
4. Операторлық жұмыс
5. Музыка
6. Футболист қойлар
«Тырнақ астынан тапқан кір»
1. Шайтанбек: Даланы тұман басты
Иісбек (ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ТЕРЕЗЕГЕ ҚАРАП): Еее…
2. Шайтанбектің даусы жүйкемді жұқартты
3. Қай ауылда телевидениеге жарнама беріп, іздеу салу бар? (Дикторына қарағанда 80-жылдардағы телевидение)
4. «Хамер» ішіндегілер қалай апатқа ұшырағаны мүлде түсініксіз
5. Із кесе алмайтын неғылған ТЖМ???
6. Орликтен бас, жүген, құйрықтан өзге ештеңе қалдырмаған қасқырлар қойды шала-пұла жеген…
7. Шайтанбек сайға түсіп, шалды сүйретіп, атқа отырғызып, қырға шыққанша ТМЖ-ң асығып кетіп бара жатқан көліктері әлі сол жерде кетіп бара жатты.
8. Қасқырдың бөлтірігі КӨКТЕМДЕ дүниеге келеді, ЖАЗДА бауырын көтеріп жүреді.

Француз кофесі
Көңіл-күйіңіз болмай отыр ма? Онда сізге мына мультфильмді көру керек!
Осындай ыңғайсыз жағдайға тап болсаңыз не істер едіңіз?
Әрі қарай
Осындай ыңғайсыз жағдайға тап болсаңыз не істер едіңіз?
Нацгопниктің әнұраны
Таяғына қалдым, бірде, қандастың,
«Атам менің Аттила» деп бөсіп ем,
Көтере алмад еркелігін бір мастың…
Жыным келед әкесстерге, әннастың
Әрі қарай
«Атам менің Аттила» деп бөсіп ем,
Көтере алмад еркелігін бір мастың…
Жыным келед әкесстерге, әннастың
Сөз құдіреті
Сөз, осы бір үш әріптен құралған дүниенің кереметіне тірі жан таласа
алмаса керек. Осы бір ауыз сөздің кесірінен елмен-ел кетіскен, ермен-ер шабысқан замандар болған екен. Осы бір ауыз сөздің құдіретімен бабаларымыз бітіспес жер дауын, келіспес жесір дауын шешіп отырған екен. Қазақ халқы әу бастан-ақ сөзге тоқтаған, сөз қадірін білген елміз. Қазір сол бабаларымыздың тамаша қалпынан тайып барамыз ба деген күдік бар. Осы жайлы ойлана отырып бұрынырақ естіген бір әфсананы жариялағым келіп отыр.
Сонау ілгергі халықты хан билеген замандарда бір қаһарлы хан түс көріпті. Түсінде аузында бір тісінен басқа тістерінің бәрі түсіп қалыпты.Содан шошып оянған хан, орнынан тұра сала екі уәзірін шақыртып түсін жорытыпты.

Жұманың уағызынан немесе ит пен мысық неге жауығысады һәм ғайбат сөйлеу жайында
Ғалымдардың қызықты зерттеулері
Жаңа инеттен қызық жаңалық тауып алдым. Ғалымдар бәрін қойып, осы шаруаны зерттеуге кірісіпті. 
Хакасиде ғалымдар маралдардың жыныстық қатынастары кезіндегі айғайын зерттеуді қолға алды
Ресей мен неміс биоакустика ғалымдары алғаш рет Хакаси тірі табиғатындағы бұғылардың бір «жұмысты» тындыруы уақытындағы айқайын зерттеп, олардың дауысының қаншалықты зор шығатынын жазып алуға көшкен. Осы елдің «Малый Абакан» қорығындағы марал аталықтарының жыныстық қатынастары кезіндегі әрекеттерін бейнекамераға түсіріп, дауыстарын жазып алуға арналған аудиоқабылдағыш орнатпақ. Бұған дейін Хакасиде марал тұрмақ, арыстанның жыныстық қатынасы қаншалықты әсерлі екені тексерілмепті. Енді осы материалдар қорықтың марал туралы мәліметтерін толықтыратын болды деп қуанып жатыр екен сондағы жұмысшылар.

Мұндай зерттеулер, (жаман ойлап қалмаңдар, жыныстық әрекетті зерттеу емес) яғни жануарлардың биоакустикасын тексеру 70-ші жылдары Ресейде жүргізіліпті.