Ақбота "Қызыл гүл" ме?
Ақбота Керімбекованың орындауында баяғыда тамаша бір ән болушы еді.Көше әні болуы керек шамасы. "Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай" деген жолдары бар. Соның өзгертілген түрін құлағым шалып қалған.Әлгі әнде "Қызыл гүлмін-ай, қызықтырдым-ай, аппақ гүлмін-ай, ардақтымын-ай" деп айтылады.
Жас әншілердің бірі бұрмалап айтып жүрген болар деп қатты да мән бермеген едім. Сөйтсем, осылай орындап жүрген Ақботаның өзі екен. Сіздер не дейсіздер?

Суретке сілтеме
Әрі қарай
Жас әншілердің бірі бұрмалап айтып жүрген болар деп қатты да мән бермеген едім. Сөйтсем, осылай орындап жүрген Ақботаның өзі екен. Сіздер не дейсіздер?

Суретке сілтеме


Арқада алты шекті гитарадан күй төгілткен, әуезінің өрнегі өзге Сейіл Аяғанов атты әнші бар. Секең өнер адамы болған соң халықтың ортасына жиі шығады. Ағадыр деген елдімекендегі жүзден асқан Исатай деген ақсақалдың үйінде құрметті мейман болады. Шай ішіп жайланған соң Секең қарияға: «Исеке ана жылы бір балаңыздың алпыс жылдық мерейтойына кеп едім ғой»,-деп әңгіме бастайды. Сонда ақсақал: «Сол балам көрінбей кетті, өліп қалған ғой деймін»,-деп әншіні шалқасынан түсіріпті.
