USA Today болжаған Лондонның 6 алтынын кімдер алады?


USA Today газеті Infostrada Sports агенттігімен бірге жүргізген сараптамасы бойынша соңғы мәліметтерді қарайтын болсақ Қазақстан спортшылары 6 алтын, 2 күміс, 4 қоламен командалық есепте 24-ші орын алады екен. Бұл сраптама спортшылардың Олимпиадаға дейінгі түрлі жарыстардағы нәтижелеріне сүйеніп жасалған. Қаншалықты дұрыс шығатынын Олимпиада соңында көретін боламыз. Біз үшін оптимистік бұл болжам бойынша қай сопртшыларымыз медаль алады екен? Бірге қарайық.
Алтын:
  • Серік Сапиев (бокс)
  • Максим Раков (дзюдо)
  • Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика/ұзындыққа 3 қарғып секіру)
  • Мая Манеза (ауыр атлетика)
  • Светлана Подобедова (ауыр атлетика)
  • Алмат Кебісбаев (грек-рим күресі)


Күміс:
  • Зулфия Чиншанло (ауыр атлетика)
  • Илья Ильин (ауыр атлетика)

Қола:
  • Әділбек Ниязымбетов (бокс)
  • Ғани Жайлауов (бокс)
  • Нұрмахан Тінәлиев (грек-рим күресі)
  • Жұлдыз Ешімова (еркін күрес)

Бар үміт әдеттегідей ауыр атлетика мен бокс, сосын аздап күрес. Лондон Олимпиадасы 27 шілдеде басталып, 12 тамызда аяқталады.
bk
Бөлісу:

68 пікір

Marationok
Бар үмітім Серік Сапиевте, егер осы олимпиядада алтын ала алмаса білмеймін…
Кім біледі, Манус Бумджумнонг-те қатысады ма?
zztop
Серіктің басты қарсыласы украиналық Шелестюк деген жігіт
omarbirat
Манус Бунджамнонг кәсіпқой боксқа ауысып кеткен ғой деймін. Ең жек көретін боксшым
19852407
Ох, панде-манде хум! Ол кім, қай жақтың батыры?
Манус Бумджумнонг
kokbori
Ильинді ысырғандары, енді… көреалмаушылық шығар))), Чиншанлоға тең келер алыпты білмедім, өйткені ол осы кезге дейін жасырынған толағай, ал мына аталған ауыр атлеттерден басқа қытайдан келген екі "қазақ" барын американдар естімеген болуы керек. Олар тіпті әлемдік рекордқа түзету енгізуге қауқары бар екенін ескерсек, ауыр атлеттердің осы қалайы жоқ. Меніңше сегіз толағайдың сегізінің де жүлдемен қайтатынына сенім мол. Бокстан Серіктің алтын алуы екіталай, өйткені бокс тарихында әлемдік сында жүлдені жиып алып, олимпиадан құр қол келетін саңлақтар аз кездеспейді. Ә.Ниязымбетов болса әлі шикілеу көрінеді, бірақ қоланы еншілеуі бек мүмкін. Ал Д.Елеусіновтің алтын алуына ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын. Ол нағыз бабында. Бұйырса Артаев пен Сәрсекбаевтың жолын жалғастыруына сенім басым. Осы үшеуінен үміт күтем бокстан.
Күрестен Алмат Кебісбаев, Н. Тінәлиев, Раковтың ғана алтынға таласуына шамасы келеді.
Жеңіл атлетикадан тек қана Рыпакова жоғары нәтиже көрсететін секілді. Себебі соңғы сындардың түгелінде дерлік тұрақты нәтиже көрсетіп жүр.
Мен тек алтынға үміткерлерге басымдық бердім, кім білсін, аяқастынан жарқ ете қалар бәлкім. Мысалы, боксшы Ғани Жайлауов. Ол алтын алмаса да, күміске лайықты өнер көрсетуі мүмкін. Әрине, финалға дейін украйналық Ломаченко жолығып қалмаса…
asaubota
бұл енді компьютерлік сараптаманың нәтижесі ғой. шын мәнісінде қалай болатынын бірге көреміз. бұл болжамды тек медальдан үміткер негізгі спортшылар деп қабылдасақ дұрыс шығар.
kokbori
медальді негізінен тек қана осылар алатын болса, американдар Ермегияевтің соңына шырақ алып түсті десейш. Ол он төрт медаль алған Бейжің олимпиадасына медаль саны жетпесе отставкаға кетемін деді емес пе?
asaubota
14 медаль деген не ол? 4 түйір алтынның өзі үлкен жетістік болады дым қола болмаса да
19852407
Подписал сэбэ приговор?
«Атың шықпаса жер өрте».
Бұл ақбасты қазақты қойсаңшы

Өз еркімен отставкаға кетсе мұрнымды кесіп берейін
Бәлкім Ермегияев мырза ужы «алынып» қойған алтындарын меңзеген шығар…
zztop
Чиншанлодан гөрі Манезаның алтын алуға мүмкіндігі мол.
asaubota
скандалсыз турнир бола ма және оған Қазақстан қатысса?  менің ойымша ораза скандалы болатын сияқты. кейбір спортшылар ораза ұстағандары үшін айыпталады.
dark_nazgul
ол туралы айтылып жатты ғой. Кейбір жарыстарды таңертең ерте өткізу туралы ұсыныс жасалыпты, аузы беріктер тың кезінде.
Ал қазақстандықтарға мүфтият оразаны кейінге қалдыруға рұқсат беріпті.
Zhan
Сондай дода кезінде ораза ұстамай-ақ қойса болмас па екен? Қызық…
dark_nazgul
Жұрттың бәрі қазақ емес қой, «ораза-намаз тоқтықта» деп жүре беретін. Сауд Аравиясы бар, мысалы, Әмірліктер… Олар қалай ораза ұстамасын?
19852407
Қазақстаннан басқа мұсылман елдер жетіп жатыр. Олар "ұстаймыз, бірақ дода біткеннен кейін қаза ретінде өтейміз" деп мәлімдеме жасады. Бұндай үлкен спорттық жарыста ораза ұстау мүмкін еместігін айтты өткен аптада
asaubota
негізі сондай пәтуа бар ғой. ауыр жұмыс жасайтындар, спортшылар ораза ұстамай, кейін қазақсын ұстауға болады деген.
Aldeken
ол пәтуа, негізі, қаззақтар олимпиада ойындарына бармай тұрып шығарылып қойған, негізі… сапарға шыққан уақытта, ораза ұстамауға болады деген. және өтеуі де әр күніне бір күннен ұсталады. жеңілгеннің сөзі құрысын…
konvict
Өткенде твден көріп мәз болып қалдық
dark_nazgul
Алашыбыш үштен артық алтын алады деп болжап берді ғой.
Rafaello
Штангадан 3 алтын. Қалғаны мен үшін сенсация болмақ. Боксқа да күреске де сенбеймін. Дзюдодан ешқашан Олимпиадада жолымыз болған емес.
asaubota
біреулер тендерден ақша алса да мындай шын жүректен шыққан ролик жасай алмайды-ау, а?

mercedes
маған дым да ұнаған жоқ!
Adiletshu
Подобедова алтын ала алмайтын сияқты. Евстюхина мен Заболотнаялар мықты болып тұр
kokbori
Заболотная бармайды
19852407
Данияр Елеусінов алу керек, в список его! Бауырым алтынмен оралсын деп тілеуін тілеймін.

*Сосын әльгі біздің фигурист ағашкі қосқан оралдық алты орыс аман болсын!  Бірдеңке бітіріп келмесе, Оралдың қақпасынан кері қай
19852407
*тарып жібереміз
Орысы бар, дағыстаны бар, өзгесі бар (әцйтеуір бір қазақ жоқ), ептілер, алғандары айына 2 мың доллар айлық, 4 бөлмелі кв, 20 мың долларлық мәшине бас-басында, ақтасын! Орал бюджеті, халық қалтасы үшін слишком жирно
mercedes
Орал легионерлердің қаласы ғой атын шығарып отқаны
mercedes
Әйтеуір Алмат Кебіспаев, Нұрмахан Тінәлиев және Дәурен Жұмағазиевтер алтын алса екен
Adiletshu
Кеше бір қызға барғам. Тінәлиевпен көрші тұрады екен.
mercedes
мына мақала бұрын жазылыпты ғой міне
asaubota
ай сайын өзгеріп отырады ол рейтинг
aza
Менің спортшы досым айтады: Әділбек Ниязымбетов алтын алады. Бакудың алтынын Лондондағы бас жүлде үшін алмай қалған. Жұмбақ жарау болу үшін, әйтпесе, анау кубалықты Алматыда қуып жүріп сабады… Демек, үміт зор, Әділбектен!
asaubota
Олимпиадада сондай небір жұмбақтар шығады. әсіресе ауыр атлетикада
alisha
Саша мен Зульфия рейтингтерін «наққа» жіберді ғой

Ештеңе етпейді, бір күміс кем, екі алтын артық аламыз
asaubota
букмекерлер Чиншанлоға сенді. ең төменгі коэффициент берді — 1.75
alisha
Ставка тіктің бе?
asaubota
жоқ, Олимпиадаға тігіп жатқан жоқпын
Aldeken
тіктің бе?
тігіп жатқан жоқпын
эротикалық әңгімелеріңді басқа ауымдастықта айтыңдар еу…
alisha
Саламаттың қайғысына орай бір күні Керекинфода қазақша сөйлеуден қалатын шығармыз осы
alisha
Жеңісіңмен құттықтайын деп жатсам…
asaubota
мына болжамдағы 3 алтын дұрыс шықты.

мақалаға Рыпакованың суретін босқа қоймаппын, басынан сендім
mercedes
Бүгін грек-римдер шығады. Ту ұстаушы Нұрмахан мен Алмат Кебіспаевтан жоқ дегенде қола медальдар күтем.
alisha
Нұрмаханның кездесуін қарай алмайтыныма ренжіп отырмын
mercedes
Екеуі егер финалға өтсе, олардың финалы 22:45 те болады.
alisha
Өтеді ғой, иә?!
mercedes
білмейім. Екеуіне де қиын болады. Менің ойымша олар 1\4-тен өте алмайтын сияқты. Сөйтіп 3-орынға таласатын сияқты.
alisha
Туһ… Алтынды көріп, жолдан тайып жатырмыз… Дәніккеннен құныққан жаман деп, алтынға әбден құнығып алыппыз

Серік ше? Балгердің алдына кеп отырғандай болдым-ау…
mercedes
урааа Алмат жаңа ғана украиндық алғашқы қарсыласын жеңді.
mercedes
www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html
мына жерде боп жатыр. 5-каналды таңда
alisha
Өткенде де аша алмағам, қақшиды да қалды тағы
mercedes
Нұрмахан жеңіліп қалды ((
alisha
Қасқа бала, таңның атысы, күннің батысы «Нұрмаханға артылар жауапкершіліктің жүгі ауыр. Оған ту сеніп тапсырылды» деп қақсап жатыр еді ТД-дан… соққы болатын болды біраз…

Серік пен Даниярдан дәмелімін өз басым…
mercedes
Бұл олимпиадада қазақтар алтын ала алмайтын сияқты
alisha
Сіздің әулиелігіңіз бар, құрсын, жаман сөз айтпаңыз…
Marationok
Ондай бола жатса, алты алтынға қуанбауға да болады.
alisha
Жақсы сөз айтыңдар, жақсы сөз, Ильядан үйреніңдер мұны
alisha
Солай бола қалса, біздің орыстарға жақсы болатын болды, онсыз да «біз, біз» деп кеуде қағушы еді.

Бірақ Илья шын патриот қой… Ол үшін қуанар ем, екі сөзінің бірі — Қазақстан.
mercedes
Даниял Гаджиев деген келімсегіміз жеңді
mercedes
Алмат та жеңіп 1\4-ке шықты. Енді ол өзінің басты қарсыласы иранецпен шығады. Оны жеңсе 90 пайызға алтын алу мүмкіндігі бар Алматтың.
StrangeR
Қап( ұтылып қалды
mercedes
бітті. Алмат та ұтылып қалды иранецтен
mercedes
Рамадан айы болмағанда ай осы кезде бір боқтап боқтап алатын ем
StrangeR
Нұрмаханды ұтқан Швеция палуаны жартылай финалға шықты, егер финалға шықса Нұрмаханға қолаға таласуға мүмкіндік туады
StrangeR
Марина Вольнова жартылай финалға шықты!
Adiletshu
Рейтингте 1-нші тұрған Ұлыбритания боксшысын ұтты