Сылтау! Сылтау керек!

Жаппай өтпуск жайлаған кезең. Адамдарда «шабаданды көңіл-күй». Жұқпай қоймайды екен. Менің де «ауруым» басталды, бүгін тағы жұмысқа кешігіп келдім. Күндегі әдетімше аяғымның ұшымен басып келе жатсам, қарсы алдымнан отдел кадр бастығының шыға келмесі бар ма (1 ай бойы ешкімнің көзіне түспей жүрген ем) Өтірік жымиғансып, басымды изеп жанынан өте шықтым. Уффф! Қатардығы қызметкермін, фамилямды жатқа білмейтін шығар деп үміттенем.
Сәлемдесе кабинетке кіріп келсем Директордың өзі төрге жайғасыпты. «Таң атпай не істеп жүр, отырмай ма кабинетінде». Ішімнен.
Екі адам ғана жұмыс орнында. Бірнәрсе дейтінін ішім сезіп тұр  
-Ммм, 16 минөт… не болды?
Дәлелді сылтау ойлап табуға уақыт жетпейд…
-Ұйықтап қалыппын…
Қарсы столға көзім түсіп кетіп еді, коллегам шұқшиып бірнәрсе жазып отырғандай. Мм, түсінікті.
-Объяснительный жаз!
Бас шұлғудан басқа амал жоқ. Не жазам, а?! Қап, нем бар еді ашықауызданып…
2-3 парақты шимайладым. «Ұйықтап қалуыма байланысты» деп жазып көріп едім, біртүрлі… күліп алдым еріксіз) Ақыры «Уақытты тиімді пайдаланбауыма байланысты… енді қайталанбайды» деп жаздым.
Менен кейін елген әріптестерімнің сылтаулары:
1. ваннадан су кетті,
2. медсправкадан өтуге поликлиникаға бардым,
3. үйге қонақтар келіп еді, соларды шығарып салдым.
P/S. Құдай қаласа, 22 аптадан соң өтпуск. Оған дейін неше рет «ұсталар» екем?! Бауырлар, илана қалатындай сылтаулар мен мықтыыы аргумент айтындаршы.

35 пікір

asaubota
22 апта дегенің жарты жыл ғой?
Lyaila
Желтоқсанның 16-на қарай менің де өшертім келеді
satibaldi
-Ммм, 16 минөт… не болды?
Бұрын ұзағырақ па еді?
Lyaila
30-40 минут дегендер болып тұрса да, көзге түспейтінмін
alisha
Негізі көп кешікпеймін, керісінше елден бұрын жүремін. Бірақ түрлі жағдай болады ғой. «Есіктің кілті бұзылып қалды?», «Туфлиімнің тақасы сынып қалды, үйге қайтып баруға тура келді» деп сылтаурататынмын…

Қазір электронды пропуск   16 минутқа ЕЖК-ның жартысынан айрылар ек біз…
Lyaila
Келесі жылы бізге де электронды пропуск енгізбекші, фууу
dark_nazgul
Бұрын баспада істеп жүргенде кешігетінмін. бірақ, қолжазбалардың бәрін сумкама салып жүретіндіктен, жұмысқа бәлендей зияны тие қоймайтын, «міне, кешіксем де, жұмыс жүріп жатыр» деп құтылып кететінмін.
patick
Сылтау:
1. Үйдің кілтін жоғалтып алдым, әйелімді жұмыстан шақырып алып, ол келгенше күтіп отырдым үйде.
2. Автобусты ұзақ күттім.
3. Пробкадан тұрып қалдым.

Ал, негізі ондай сылтау айтпауға тырысамын. Кейде таңертең ұйықтап қалсам, жұмысқа звондаймын:
— Мен сәл кешігемін, бір жағдай болып қалды, себебін кейін айтамын.
Жұмысқа барғанда себебін сұрауға да ұмытып кетеді.
Lyaila
звандай салған өте дұрыс па дедім, бір әріптесім «шаруалар болып қалды, кешігемін» деп ескертіпті, жұмыс уақыты аяқталып қалды, әлі «кешігіп» жатыр))) оны ешкім іздемейді
alisha
Құпия болмаса, жұмысыңыз қайда еді? Рахат екен!
Lyaila
Университет, негізі жаз мезгілінде оқу процесі толығымен демалады да, сол жайбырақаттылық барлық процестерге жұғады
alisha
Енді түсінікті болды… сұрауы жоқ рахат жұмыс екен деп отыр ем
ErNur
Менің бір кластасым түріктердің құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Үнемі сұранып жүретін көрінед жұмыстан, қандай жағдай десе, кластасым қайтыс болып еді дейтін көрінед. Бір күні кезекті сұранса түрік бастығы: тағы кластасың қайтты ма? Жұмыс іштеңе етпес ау, кластастарың жалкы болды дейтін көрінед
Lyaila
Тым "қатты" сылтау. Бір-екі рет ауырып қалдым деп сылтауратып едім, шынында да ауырып қалдым) Сондықтан, мұндай сылтау айтуға тіпті қорқам
VKM
Бір де рет кешіккен емеспін
Lyaila
Не деген тәртіпті жансыз! Қызығып әрі қызғанып кеттім ғой)
VKM
Менің папам неміс ауылынан ғой, мүмкін сондықтан шығар, тәрбиеміз сондай.Мектепте оқып жүргенде мені мектепке ерте әкелетін.Еден жуатын апаймен сөйлесіп отыратынмын, басқа балалар келгенше
alashaman
Талай кешіккем жұмыстан. Бірде тіпті жараланып қалдым деп, сау қолыма гипс қойып алып келгем. Әрине, оған дейін үш күн бойы жұмыс түгілі, Астанада болғам жоқ. Гипсі бар қолдан іспірәбкі сұрамайды екен
nurbergen_makym
Күнде кешігем. Кешіккен уақытымды кешке отырып кетем.
Gulistan
Менде де солай.
Lyaila
Біздегі бастықтар кешке отырғанды есепке алмайды((
Аптасына 40 сағат жұмыс жасауымыз керек келісім-шарт бойынша. Кейде обедке шықпастан не түнге дейін жұмыс жасайтын сәттер болады, соларды есептеп 1 апта жұмыс жасап, келесі апта демалып отырсақ
donen
Қазақ: Ассалаумағалейкүм, кешіріңіздер — деп өз жаназасына кешігіп келсе таң қалмас едім
alisha
Бұрын болған деседі осындай жәйт… Естімеп пе едіңіз?!
donen
болса болған шығар, сақалы шыққан әнек есіме түспей отқаны осыған байланысты
alisha
Қожанасырдың "Өткел арқылы жүріңдер, тез барасыңдар" дейтіні емес пе?!
donen
Иә осы болуы керек, қауешегіме шет жағасы келіп кетіп зықымды шығарды, есіме түспей отыр)))
alisha
Қилеке, сіз бе едіңіз?!
VKM
мен де ұқсаттым.Қилызаман ағаға)
donen
Жоқ, мен Дөненмін шын атым Дөненкелді, Ағамның аты бас бәйге алып келген күні туыппын
alisha
"Қауашағыма" деп сөйлейтін еді ғой ылғи, сосын сілтемелер
donen
Жоқ мен емес)))
Қилекесі кім еді?
Gulistan
Дөненнен гөрі, Бәке жақсы келеді Қилызаман ағайға
VKM
Жоқ, Бәке Қилызаман аға сиқты түсініксіз сөйлемейді Біз жақтан болғасын ба, жақсы түсінемін жазғандарын.
Аға үйін салып болды ма екен?)
alisha
Иә, Бәкең аудармашыны қажет етпейді
Lyaila
Жұмыс пен үйдің арасы қашық кезде, оны-мұны, жолға кететін 30-40 минутты есептеп кешікпей-ақ келетінмін жұмысқа, ал қазір...үй мен жұмыс арасы жайбасардың өзіне 5-ақ минут. Басқаны қайдам, Сейфуллин көшесінің басынан келетін Динарадан ұят