"Бізде бәрі "көтен арқылы" жасалады ғой" (с) өзім айтқам

Бағана осы тақырыпта кәдімгідей күшті пост жазып отырғанмын. Байқамай өшіріп алдым. Содан, қыңқылдап шағымданып отырып, бір ой келді.
Ойын ойнасақ қайтеді?
Мен осы жерге, қазір өзім редактурасымен айналысып жүрген химия пәнінен цифрлік білім беру ресурстарынан үзінділер жазып отырамын, ал сіздер ол сөйлемнің дұрыс қазақшасы қалай болатынын жазасыздар.
«Мозговой шторм» жасасақ қайтеді?
«Для начала» мынау:
Эвтрофикация су өсiмдiктерiнiң шамадан тыс бойына алып келедi.
Шалағай су қоймаларына тыңайтқыштардың түсуін қалай болдырмауға болады?
Өндiрiс үшiн шикiзат материалдары фосфорлы тыңайтқыштар
Топырақ жер қабыршағының жоғарғы, жұмсақ жiгi болып табылады және төменде жататын жыныстарды қамтиды.
Әзірше осы жетіп қалар. Саспаңдар, әлі мұндай «жауһарлар» көөөөп.
Ал, кеттік!
Бөлісу:

50 пікір

Gastarbaiter
«Бізде бәрі „көтен арқылы“ жасалады ғой» © өзім айтқам
"Қатырған" екенсің
dark_nazgul
Бұл ЦОРлар шыныммен де тура емес, сондай «айналма» жолмен жасалып жатыр… Келесі жылдан бастап мектептерге барып түседі… оқу бағдарламасына енгізіледі.
Мен мына жерде күлкі қылып жазып отырмын, шын мәнінде қандай истерикада жүргенімді білмейсің ғой…
bake
Осы төңіректі қонақ қылған меніңше жараспайды, тақырып атауы ұнамады (өкінішке орай жалғыз емессің, мен білетін тағы біреу бар осында). Қазақша қалай оқылатынын, ұйқасатынын маман иелері «бірлестіктеріңізде сынаңыз», ондай мәселе өз басымда бар
dark_nazgul
Бұл жерде мәселе қазақша қалай оқылып, ұйқасатынында емес…
bake
Бастан өткердік. Информатика кітабы басылмай турып авторына пікірімді білдіргем бар айтқаны «білгір болсаң өзіңнің орталығынды ашып ал» -деген, «беделді» бір мектептен кітапты сынақтан өткізіп «бәрі дұрыс» деп жібергенде табылып көрсетілген қателерімді ескерусіз қалдырған. Соңында кітап басылымнан шығып келгенде принтерден қате кеткен жерлерді түзетіп басып беттердің үстіне және жаңа беттер қосып желімдеп қоюға тура келді
alisha
(өкінішке орай жалғыз емессің, мен білетін тағы біреу бар осында).
Мені айтып отыр
Мені сізге осымен екінші адам ұқсатып отыр. Онда да мен оған сыпайы формада айтқан ем.

Ол сөзде тұрған не бар, соншама жау көрінетіндей. Тіпті, қазақ баласына осылай деп ат берген, одан кем болған ешкім жоқ, тарихта батыр ретінде аты қалды.
bake
жә… жә… жау көрінгеністіс.., көментті. Мойындаймын текст түзу тігіс секілді түспей жататына, «тегіс түспейді» -деп жазалағанша… қисығына қисынын келтіріп оқысаң, келмесе өткізіп жібер. Қол созбасаң ешкім қолыңды сұрамайды. Кибернетикада шамадан тыс асырып кодтау ұғымы бар, яғни ақпарат берілгенде жоғалып немесе өзгеріске түссе қалыпқа келтірілетін амалдар қолдануға болады. Біз болсақ осы білімді орыс тілінде алдық, инженерлік мамандықта жалғыз қазақ болып оқыдым өз тобымда. Қазір сол білім қазақ тілінде жету үшін бар күшімді салып жүрм. Жыл көлемін алсақ қазақша 50 күн сөйлеймін. Тура аударуға келмейді, қазақша ойлаған кезде қазақша сөйлем шығады. Техника саласына қазақша ойламақ тұр ғой сөздікпен сөйлей қалғандарын аялап үкілеп жүресің. Керісінше біз техниктер жылына 350 күн қазақша сөйлесек. Маған КерекИнфо -Қазақша сөйлеу мен жазудан мүлдем қарайып қалмаудың бір амалы. Фольклор тілінде сөйлеп жүргендерді техника тілімен сөйлетіп көрдік тәжірибе бар.
alisha
Осы төңіректі қонақ қылған меніңше жараспайды, тақырып атауы ұнамады (өкінішке орай жалғыз емессің, мен білетін тағы біреу бар осында).

Сіз тім алыстап кеттіңіз… Мен тап мынаған қатысты айтқан ем… яғни «бір жерді» төңіректеу туралы
bake
жалықпас… айтарға сөз жоқ. Оффтоптар жаза болдық қой
Aldeken
әәә, редактураны біз жасаймыз, ақшасын сен аласың, ия, найман-стайл детектед…

Не ғо, сосын
«Мозговой шторм» жасасақ қайтеді?
«Для начала» мынау:
мыналардың дұрыс қазақшасын жаза салуға не кедергі?
dark_nazgul
Дабай, сен редактурасын жасаған бес сөйлемнің ақшасын саған-ақ берейін.
Ал дұрыс қазақшасын жазбау себебім — сол ЦОРлардың стилінен ауытқымайын дегенім ғой.
Aldeken
қой құрысын, өзімнің заң-зәкүндерімнің ішіндегі шедеврлар жетеді…
asaubota
тек қана аударма ісі емес былай барлық нәрсе көтпен жасалады ғой
Gastarbaiter
не деген пессимизм.
Aldeken
Не ғо, құрдас, бұныңа келісе алмаймын, енді… сонда қалай, бәріміз де көтпен жұмыс жасап отырмыз дегің келе ме?
asaubota
жалпы жүйені айтамын да
Gastarbaiter
Жалпы жүйені сылтау қылу әдет болып кетпесе болар еді. Түптеп келгенде бүгін кешке қайда боларымызды, кіммен ішіп, кіммен істес болатынымызды өзіміз шешеміз ғой көбіне.
Басыңа қарға тышып кетсе де өзің кінәлі деп үйретуші еді, марқұм әкем.
Marationok
Гастарбайтер, ондай әңгімелерімең емдемесең де болады, бәрі белгілі жағдай ғой. Мысалға, бюракратический препондарды айтайық, жер телімді өз атыма аудартқым келген, сонда, жасағанымды сипаттай алмаймын, былайша айтқанда раком тұруға мәжбүрледі. Анаған, мынаған шоколад, ананы майлау, мынаны, оны қойып тағы тақсырдай бас июің керек, оны да қоя тұрайық, ал жұмыстағы вазелинсіз айдауды айтсаң енді…
alisha
Білім базама қосып қоюға ұялып отырмын бір сөздерді
Marationok
Жалпы, ол кеңес заманынан қалып кеткен әдет қой, пыросто қазір, оған әбден бой үйреніп алған да, салық комитет, кедендік жұмыс, МАИ, немесе КНБ неге барады дейсің? Сол баяғысынша… ал кейбір, миы мүгедек жандылар «ох бір екі буын өтсін, түзеледі» деп арман етеді екен, оған үлкен, үлкен күмәнім бар, менталитетіміз жібермейді.
Gastarbaiter
Маратенок, лузерлік көзқарастар әрине бірге отырып ішкенде бөлісіп, арқа қағысып, жұбатысқанға жақсы. Бірақ соңғы кезде реально жылауық әңгімелер напрягать етед. Сенімен спорласпаймын, пессимисттер пікірталастың майталманы болады.
Уақытша қиындықтар бәрінде болады, бірақ егер сенің оң жағың да боқ сасыса, сол жағың да, үстің де, астың да барлық жерің боқ сасыса, ойланып көру керек. Бәлкім өзім тышып қояған шығармын ә? деп.
Marationok
Қайдағы пікірталас, пыросто өмір шыңы ғой, жауап бермесең де болады. Адамдар пыросты түсінбейді, әрқайсысының бұл үлкен жүйінің винтигі екенің. Әрине алтын торда жайбірақат сезінесін, қолыңнан көп келеді деп ойлайсын.
Оптимисттер боқ сасысада өздерің әтір сеуіп алғандай сезінеді. Көзді ашып, бұтты жабу керек.
Gastarbaiter
Жүйесіз өмір болмайды. Біз социалды жануармыз. Солай болды, солай бола да бермек.
Оптимист көзін жаппайды, оптимист көзін басқа нәрселерге де ашады.
«Мен оптимист болуға мәжбүрмін. Одан басқа нәрсе болудан ешкімге пайда жоқ секілді»

-деп еді бір ақылды саясаткер.
Қайтесің боқ қайғыны, одан да әнек айтайын саған:
«Бір амиго дәрігерге барып қаралыпты.
— Иә, қай жеріңіз ауырад?
— Лібә, доғдыр, бәр жерім аурат, нақ, сұқ саусағыммен қай жерімді нұқысам да ауыра беред, сука не істейм?
— Қане көрейік, ой лібәд-ау, саусағыңның басына жара шығыпты ғой! -депт.
kokbori
пессимисттер пікірталастың майталманы болады.
dark_nazgul
Гаста, менің жалпы айтпағым — адамдардың жалпы етек алып кеткен немқұрайдылығы.
Жоғарыда аталған ЦОРлар бір мысал ғана. Соларға автор болып жазылған мұғалім, қалай болса солай, тіпті авторлық материал жазуды айтпағанда, орысша нұсқасын қате-қате аударып бере салды. Мен корректор ретінде байбалам салып едім, маған менеджердің берген жауабы: «не парься, первую страницу исправь, в центре учебников все равно только первую страницу буду смотреть. а остальное не трогай».
Сонда, осы ЦОРлар бойынша этерофикация мен годролизді оқыған балалар этерофикацияның қайтымдылығы гидролиздің әсерінен болады деп түсінуші еді.
Кешір, бірақ әр адам істеп жүрген ісіне жауапкершілікті сезінбейінше, жауапкершілігі бар адамның айналасы боқ сасып жүре береді.
Gastarbaiter
Меннен несіне кешірім сұрайсың, менің ұпайым түгел Және сені өмірдің кереметтігіне сендіру менің міндетім емес.
Өзіңе ұнаса, сол жауапкершілігі бар айналасы боқ сасыған адам бола бер.
Маған өмір ұнайды. Жалпы қиын моменттер бәрінде болады енді, мысалы аш кезде, немесе ауру кезде өмір қиын күрес, төбелес секілді, ал адамдардың бәрі наныңды тартып алуды ойлайтын жауыз секілді көрінеді.
Бірақ аш адам объективті ойлай алмайды, ауру адам да әлемге трезво қарай алмайды, сондықтан оларға пессимизм кешіріледі. Ал он екі мүшесі сау, бүгін кешке жейтін наны бар адамның пессимист болуы, қанша дегенмен, рухани жалқаулық.
Marationok
Бір сөзбен похуистпін де
Gastarbaiter
Кім болсам да. похуист емеспін Тек қажет кезде мың-миллион жылдар тұрғысынан қарай алам.
dark_nazgul
Өміріме мен де ризамын. Олай тым терең қазбалаудың қажеті жоқ. Бірақ, басқа адамның жауапсыздығының салдары сенің мойныңа міндет болып артылғанда бәрінен түңіліп, ішіп кеткісі кететін сәттер әр адамда болады ғой.
Ештеңе етпес, еңсерерміз. бірақ, балаларымның болашақта сапалы білім алып шығатынына деген сенім осындай әрбір ЦОРмен бірге кеми бермек…
Gastarbaiter
мойныңа міндет болып артылғанда бәрінен түңіліп, ішіп кеткісі кететін сәттер әр адамда болады ғой.
Менде болмапты, болмай-ақ та қойсын ешкімде.
Marationok
Енді, Ареке, адамдар сондай болғасын...қайтеміз?
MMMM
көтпен жасағыштар, немене ерігіп отырсыңдар?
Armanjan
ойпырмай-ә, қатты-қатты батырып айттың ғой…
MMMM
осы, керекинфодан бір керек пайдалы заттарды қарағың келгенде еріккен әңгімелер жарнама сияқты жылтың-жылтың етіп мезі қылады екен, дейтұрғанымен тәуір әңгімелер бар, жоқтың қасы емес…
Daniar-Alan
қойдым бырат болды… қойдым
pessemist
көтіміз аман болсын әйтеуір
dark_nazgul
Әрине, онсыз ващпе ештеңе істелмей қалады.
pessemist
Көпті көрген кісі екен, толк білетін
Daniar-Alan
ол жағыңыз аман болу үшін ол жаққа ешкімді жібермеңіз да арттан да алдан да боп кетед әйтпесе
pessemist
сол жалтақтап жүрейік енді
pessemist
бір жерлеріңе амандық тілесең де жақпайсың бұларға, айырылып кетсін онда! Ал, минуста!!!
Gastarbaiter
Адамдар саған үйрене алмай жатыр.
Rafaello
Жалғастыр, ойнайық.
nurbolkhan_
Топырақ жер қабыршағының жоғарғы, жұмсақ жiгi болып табылады және төменде жататын жыныстарды қамтиды.
«Топырақ- жер қабыршағының жоғарғы, жұмсақ жиегі болып табылады және төменде көрсетілген жыныстарды қамтиды:… » осылай жазылу керек емес па негізі?
nurbolkhan_
Өндiрiс үшiн шикiзат материалдары фосфорлы тыңайтқыштар
«Фосфорлы тыңыайтқыштар- өндіріс үшін шикізат материалдары.» осылай шығар…
nurbolkhan_
Шалағай су қоймаларына тыңайтқыштардың түсуін қалай болдырмауға болады?
«Су қоймаларға шалағай тыңайтқыштарды қалай түсірмеуге болады?» мүмкін…
nurbolkhan_
Эвтрофикация су өсiмдiктерiнiң шамадан тыс бойына алып келедi
«Эвтрофикация- су өсімдіктерін шамадан тыс көбеюіне әкеп соғады.» осындай сөздер болар бәлкім…