"Бізде бәрі "көтен арқылы" жасалады ғой" (с) өзім айтқам

Бағана осы тақырыпта кәдімгідей күшті пост жазып отырғанмын. Байқамай өшіріп алдым. Содан, қыңқылдап шағымданып отырып, бір ой келді.
Ойын ойнасақ қайтеді?
Мен осы жерге, қазір өзім редактурасымен айналысып жүрген химия пәнінен цифрлік білім беру ресурстарынан үзінділер жазып отырамын, ал сіздер ол сөйлемнің дұрыс қазақшасы қалай болатынын жазасыздар.
«Мозговой шторм» жасасақ қайтеді?
«Для начала» мынау:
Эвтрофикация су өсiмдiктерiнiң шамадан тыс бойына алып келедi.
Шалағай су қоймаларына тыңайтқыштардың түсуін қалай болдырмауға болады?
Өндiрiс үшiн шикiзат материалдары фосфорлы тыңайтқыштар
Топырақ жер қабыршағының жоғарғы, жұмсақ жiгi болып табылады және төменде жататын жыныстарды қамтиды.
Әзірше осы жетіп қалар. Саспаңдар, әлі мұндай «жауһарлар» көөөөп.
Ал, кеттік!
Әрі қарай