Түс немесе сағыныш
Міне бүгін өмірімде бірінші рет өз ойымды интернет желісіне жазып отырмын. Осы 2-3 күн болды мен бір ай бұрын айырылскан қызды түсімде көріп жүрмін. Мен оны қатты жақсы көргенмін(Өмірімнен артық десем өтірік емес).Осыдан бір ай бұрын ол қыз ұзатылып кетті. Біздің қосылмауымызға көп нәрсе себеп болды. Оның есімі Жанар болатын. Жанармен соңғы рет оның ұзатылуына бір күн қалғанда жолықтым. Екеуміз кафеге барып шай іштік. Мен сол кезде мауқымды басып оның иісіне тойып алғым келген. Мен оның алдында жатып әңгімелесіп кеттік. Сол мезетте ол өз сезімін іс-әрекетімен білдірді. Ал мніе бүгін арадан бір айдан көп уақыт өтті. Мен оны ұмыту үшін көптеген қыздармен таныстым, бірақ түк шықпады онымнан. Ақйық ақын Мұқағали атамыздың «Шын ғашықпын» өлеңін оқысам сол есіме түседі. Ал енді түсіме оралайын. Кеше ол маған түсіме кірген еді. Түсімде ол мені іздеп жүр екен мен оқыған мектепте. Ал мен болсам одан қашып жүомін. Неге екенін өзімде түсінбедім.Ол болса сол жерде жүрген адамдардан мені сұрап жүрді. Ал бүгін және түсіме енді. Бұл түсте мамасы екеуін көрдім. Ол үйіне ажырасып қайтып келіп қалыпты. Сол жерде екеуміз біраз сөйлестік, ол маған күйеуін жамандап жатыр. Мен болсам түкке түсінбей тұрмын. Түсімде оны көргеніме қуанып тұрмын ба? Сосын оның мамасы келіп маған әңгіме айтып жатыр, сонда мен түсімде оны алам деп қуанып жүрмін.Ия ол күйеуден шығып келгендігіне қарамайаламын дедім түсімде.Егер бұл өңімде болғанда да мен солай айтар едім өйткені мен оны өте қатты жақсы көремін,өлердей ғашықпын. Бірақ бұл түстің маған неге көрініп жүргенін түсінбедім? Ол қиналып жүрме… Бірақ мен оны қатты сағындым. Мен алдыңғы түстерімде бір адамды күн бойы түсімде көрген емеспін. Достар егер менің жазған мәтініме сын айтпай, түсімді жорып беріңдерші. Менің бұл алғашқы жазған тақырыбым ғой, оғанда себебші сол баяғы ҒАШЫҚТЫҚ.
әрине, айтуға оңай...Мүмкін оны ұмытуға «Ол мені әлі жақсы көреді, ол мені сағынады, ұмытуы мүмкін емес» деген ойларыңыз кедергі болатын шығар.өткен жылы сол сүйген қызым бір жігітпен жүріп жүрген. сосын бір күні түсімде сол жігітімен айырылысқанын естідім. ертесіне өңімде агентте достарым «солай да, солай, екеуі айырылысып кетті» деп айтты. сол күні тағы да түс көрдім. түсімде сол мен сүйген қыз мені іздеп жүр, маған «кетіп қалмаш, сабақтан соң сөйлесейік» деп. ал мен сіз айтпақшы қашып жүрмін, жолым түйіспейді. дәл осылай мазмұнмен 3-4 күн түсімде көрдім…
бұл не?! мүмкін тағдыр…