Алматыдағы алғашқы "Асық party" қалай өтті?

3 мамыр күні Алматыда қалалық әкімшілік ғимаратының маңында алғашқы «Асық party» шарасы болды. Асық ату ойынына өмірінде қолына асық ұстап көрмеген кішкентай баладан (тіпті араларында орыстың кішкентай сары қызы да бар) бастап ересек жігіттерге дейін қатысты. Алғашында бәрі бірге ойнап еді, ересек ойыншылар саны артқан соң балалар бөлек, ересектер бөлек ойнады. Ересектер өзара жарысты. Нәтижесінде Нұрдәулет Жеңіс жеңіске жетті. Бижан Сәдібеков есімді жігіт екінші орын алды.





















Нұркен — Ұлы Отан соғысының қанды қырғын майданында қазақ халқынан шыққан жетінші Кеңес Одағының Батыры. Ол 1919 жылы Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылында дүниеге келген. 9 жасқа дейін осы ауылда өсіп, кәдімгі қазақ ауылының тәлім — тәрбиесін алған. Жастайынан ширақ, пысық болып өсті. Содан 30 жылдардың аумалы-төкпелі кезеңдерінде отбасының ұйғаруымен Қарағанда қаласына көшіп келеді. Соғысқа дейінгі өмірі сонда өтеді. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып Орынбор әскери ұшақтар училищесіне оқуға жіберіледі. 1942 жылы 808 полктің әскери ұшақтар дивизоны құрамында соғыс қимылына белсене қатысады. Нұркеннің қан майдандағы өмірі ұзаққа созылмаса да ерен ерлік жасап, өшпес даңқа бөленіп, аңыз болып тарайтын хас батыр болып дүниеден өтті. Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шабуылына қатысып, фашист тасқыншыларының 12 -танкісін, 28 автомашинасын, 3 зеңбірегін, көптеген жау бекіністерін, ондаған жаяу әскерін жер жастандырып, нағыз ерліктің ортасында жүрді. 1942 жылғы желтоқсан айының соңғы шайқастарында жаудың бірнеше объектілерін талқандап үлгеріп, отқа оранған самолетін неміс әскерлерінің қару-жарақ тиелген тұсына қарай бағыттап, жау төбесінен жұлдыздай жарқырап ағып түсті. Өзінің артына өшпес даңқын қалдырып солай қаза тапты…
Тоқтар ағамыз өзінің туған жерінен (Тоқтар ауылы) Нұркен ауылына дейін «Батырдың басқан жерін мен де басайын — деп жаяу келеді екен. Сонаау жерден Тоқтар ағамыз жаяулап келген жерде біз тұрып жатырмыз!.. Біз үшін бұл-қуаныш)) Ауылымызда қазір 2000 мыңға жуық адам тұрады. Нұркен атындағы мектеп бар. Әрбір бүлдіршін оған еліктеп, батыр болсам, елге пайдамды тигізссем деп өсері анық. Туған жердің атына кір келтірмеу әр баланың міндеті. Олардың бабаларымызға арнап, өлең, әңгіме жазатындары, „ұқсап өссем ғой“ — деген армандары қуантады!
Алматы облысының әкімдігі мен облыстық жастар саясаты мәселесі басқармасы жүзеге асырған спорттық дода да волейбол, футбол, тениистен жүлделі орындар сарапқа салынды. Дүбірлі доданы қабылдаған Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайының үлкен залында бұл күні журналист те, блогер де, әкімдік өкілдері де доп тепті. Жанкүйер болып келген жұрттың қарасы да көп болды. Ендеше жарыс күнделігін тарқатар болсақ.
Биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған блогерлер арасындағы турнирдің өзіндік айырмашылығы мен қызықты жайттары да көп болды. Олай дейтініміз еліміздің әрбір түкпірінен жиналған Блогқұрылтайдың қонақтары мен Талдықорған қаласының жастары, жергілікті БАҚ өкілдері, Алматы облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының командалары жарыс көркін қыздыра түсті. Волейболдан төрт құрама өзара үздіктерін анықтаса, футболдан да төрт құрама чемпиондық тәжге таласты.
Сонымен «Жастар» спорт сарайында өткен жарыстың шымылдығын журналистер мен блогшылар ашты. Ойын бірден тартысты бәсекеге ұласып, көрермен делебесін қоздырып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Бұл ойында жергілікті БАҚ өкілдерінен құралған «Журналистер» командасы мен блогшылардан құралған «Испания» командасы жан алысып, жан берісті. Алғашқы болып журналистер бесінші минутта минутта есеп ашып, тұңғыш өткізіліп отырған жарыстың алғашқы голын соқты. Алайда «Испания» командасы тегеурінді қарсылық көрсетіп, ойын текетіреспен жалғасты.
Алғашқы тайм 1:0 есебімен журналистердің пайдасына шешілді. Екінші таймда қос құрама бір-біріне қарымта доп қайырды. Осылайша шиеленісті өткен ойынның қорытындысында 2:1 есебімен «Журналистер» құрамасы жеңіске жетті. Олар ойын барысында Алматы облысы жастар саясаты басқармасының жігіттерінен құралған командамен тең түсіп, осы басқарманың екінші командасын тізе бүктіріп, жарыстың күміс жүлдесін қанжығағаларына байлады. Одан кейін ойын көркін Алматы облысы жастар саясаты басқармасының қос ұжымы қыздыра түсті. Тартысты ойында әкімдік өкілдерінің жастары жеңіске жетті. Осылайша жарыс барысында екі рет жеңіске жетіп, бір рет «Журналистермен» тең түскен жастар саясаты басқармасының жігіттері ұпай саны бойынша бірінші орынды иеленді. Үшінші орын блогшылардың пайдасына тиіп, қола жүлде еншілеріне жазылды. 




