Алматыдағы алғашқы "Асық party" қалай өтті?

Блог - Zako: Алматыдағы алғашқы Асық party қалай өтті?
3 мамыр күні Алматыда қалалық әкімшілік ғимаратының маңында алғашқы «Асық party» шарасы болды. Асық ату ойынына өмірінде қолына асық ұстап көрмеген кішкентай баладан (тіпті араларында орыстың кішкентай сары қызы да бар) бастап ересек жігіттерге дейін қатысты. Алғашында бәрі бірге ойнап еді, ересек ойыншылар саны артқан соң балалар бөлек, ересектер бөлек ойнады. Ересектер өзара жарысты. Нәтижесінде Нұрдәулет Жеңіс жеңіске жетті. Бижан Сәдібеков есімді жігіт екінші орын алды.
Блог - Zako: Алматыдағы алғашқы Асық party қалай өтті?
Халықаралық асық ойыны :)
Асық ойыны қызып жатқан сәтте жандарына аудармашы қызды ертіп алған екі шетелдік қара домалақ жігіт келе қалды. Біреуі Үндістаннан, біреуі Индонезиядан кеген қонақтар боп шықты. Алматыда шетелдік бір компанияның қызметкерлері екен. Асық атып жатқан жігіттердің ойындарын тамашалап, олар да қызығып кетті. Сөйтіп олар да ойынға араласты. Сақаны қалай ұстау керектігін және оны тізіліп тұрған асықтарға қалай лақтыру керектігін үйреттім. Бірақ қанда жоқ қасиет болғандықтан ба, әйтеуір екеуінің де ебі болмады. Ойынның соңына қарай үндістандық жігіт асық атуды аздап қана меңгерді.
Блог - Zako: Алматыдағы алғашқы Асық party қалай өтті?
Бөлісу:

3 пікір

bake
Кішкене кезімде ойнап көргенім бар, еміс-еміс есте қалыпты. Ережесінде ұмытыппын. Есте қалғаны қойдың асығын әр түске боялғаны, шағын дорбаға салып алып жүрдік. Сол дорбадағы асықтарға таласатынбыз.
merekeee
Жиналатын орны мен уақыты бар тұрақты шара ма? Адам аз сияқты. Көбейсін!
Zako
Әр сенбі күні Алматы қаласы әкімшілігінің жанында (Желтоқсан көшесі жақта), сағат 17:00 басталады. Толығырақ мына группада жазылады www.facebook.com/groups/1406516916293729