Анама айтқым келген еді...
Мама неге мені кінәлайсың? Ия мен қателестім, үйде болмаған жылуды даладан іздедім. Таптым. Бірақ ол маған ешқашан толықтай тыныштық сыйлаған емес. Бұдан кейін де жаным жай табарына сенімсізбін.
Мен бұны кеш түсіндім тым кеш. Амал не? Қанша тағдырыма қарсы шықтым күресуге тырыстым, өте ауыр соққы болып оралған тәуекелдерге бардым. Жемісін де көрген кездерім болды. Сол аздаған жеңістер менің көзіме шел болып жабысқан сыңайлы. Шектен шыққан сенімділік менің өмірге деген көзқарасымды өзгертіп жіберді. Түбі немқұрайлылыққа алып келді. Бұған үйдегі жайсыз атмосфераның 70-80 пайыз қатысы бар. Соны сіз неге түсінбейсіз. Неге менің қателігімді бауырларымның да бетіне басасыз. Апамның қызы болып махаббатыңыздан айырылғаным аздай енді мені өмірбақи нұқып өтетініңізді ойласам қатты жүрегім ауырады.
Мама, мені жақсы көрші, ұмытпашы қайын енеңіздің сізге жасағандарын ұмытып біз үшін өмір сүрші сіңіліліерім мен інілеріме мен секілді махаббатты сырттан іздеп кетулеріне жол бермеші. Аяғым ауыр кездері жарты жыл маған хабарласпағаныңыз менен мүлдем суып кеткеніңізді дәлелдей түсті. Апа мен сіздің араңызда екі оттың ортасында жүргендей болып бойжеткенімді қалайша ұқпайсыз?
Мүмкін бойымдағы екіжүзділік, өтірік күлу, бір сөзбен айтқанда «маска кию» тағдырдың сол сынағында жапсырып алған жаман қасиетім шығар. Одан құтыламын деп қоғамнан мүлдем оқшауланып қалғанымды сіз білмейсіз. Үйде болмаған «жылуды» сыйлаған адамнан айырылып қалмас үшін не нәрселерді құрбан етпегенімді сіз білмейсіз. Общагада жабыққаным соншалық не болып жатқанын түсінбестен тоқтамай сағаттап жылағанымды сіз түсінбейсіз. Біліп жүрші сол сәттерде мен сізді іздедім. Ес білгелі тимеген алақаныңыздың маңдайымды сипап, бір кездері бесікке бөлеген қолдарыңыз дәл сол кездердегідей мені бар жамандықтан оқшаулап құшағыңызға алсаңыз деп едім.
Мен өзіме қол жұмсауға күшім жетпеді, расын айтсам қорықтым өлімнен, бірақ дәл сол сәттері өмір сүруге де қорыққан едім. Тек кейіннен одан да өлгенің жақсы еді дегеніңізде мен өлімнен қорыққаныма өкіндім. Қатты өкіндім. Ойлағанмын, тірі жүрсем қазіргі ауыртпалықтарға шыдас берсем, бауырларыма да көмектесемін сіздің де үмітіңізді ақтап қателігімнің орнын толтырамын деп, дұрыс ойламаппын. Өткеннің орынын толтыру әсте мүмкін емес екен. Бір рет жағылған күйе ешқашан өшпек емес. Мама, мен аяққа тұрғым келеді. Құшақташы…
P.S. Әке мен шешенің еркелеткені немесе салт-дәстүрді сақтаймын деп еркелете алмағаны қыз ғұмырына өте үлкен кері әсерін тигізетіні туралы келесі блогымда бөліскім келеді.

2 пікір