1 тур. Ла Лига

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 1 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, өзімше бір тігіліп болжам айта қойып едім 4-0 деп, Шиваға жақпай қалдым-ау деймін. Қарапайым ғана, сонда да адуынды Бетисті әупірім деп жүріп жеңдік енді өйтіп-бүйтіп, бастысы мен үшін 3 ұпай қалтада. Мадридтіктер Каталондықтар секілді голдан тау тұрғызбаса да кішкене болса да голдан төбе жасады. Ойынның есебі 2-1. Қанжығасы майланғандар: Бензема мен Иско (менің құрдасым ол)
Әрі қарай

Бет-әлпеті қазаққа ұқсайтын ТВ жүргізушісіне Астанада жақсы жұмыс және пәтер берілмеді

Блог - Rafaello: Бет-әлпеті қазаққа ұқсайтын ТВ жүргізушісіне Астанада жақсы жұмыс және пәтер берілмедіӘсет Хайнрихтың әкесі неміс, шешесі тува халқынан. Бірнеше жыл облыстық ТВ-де қызмет еткен Әсет 1 жыл бұрын арман қуып, Астанаға келген еді. Орындалмаған армандарына өкпелі Әсет кеше Лесная поляна ықшамауданындағы автобус аялдамасында баспасөз мәслихатын өткізді.

— Туған жерімде танымал тұлға едім. ТВ жүргізушілігінен бөлек концерт, шығармашылық кештерді де жүргіздім. Достарым «Астанаға баруың керек. Ол жақта саған жақсы жұмыс, пәтер де беріледі» дегесін, сол сөздерге сеніп келген едім. Мүлдем олай болмады. Тіпті ең болмаса СТВ арнасына да кіре алмадым
Әрі қарай

Менің балалық шағымдағы Айт мерекесі

Бала кезімізде ауылда «айттық-айттық» деп әр үйге бас сұғып шығушы едік. Үлкендер 1 теңге, 2 теңгеден (қазіргі 100 теңгемен бірдей), ол болмаса тәтті-тақасын беріп шығарып салатын. Жантай деген сотқарлау бала болушы еді. Бірде балалар ауыл үлкендерінің бәрін тауысып келе жатса, алдарынан бір апа шыға келіпті. Балаларды көре қалған апа бір-екі теңгесін аяп, айттықты балаларды бұрын сұрап «Айттық» деп қалыпты, сөйтсе апаның қылығына ашуы келген Жантай «Кө..ң айыртық» депті де жүре беріпті… Сондай қызықтар болып тұратын. Қазір өйтіп айтшылау жоқ екен ауылда. Сағынамын сол күндерді…  
ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ДОСТАР
Әрі қарай

Газетшінің тағдыры

Зерттеу жұмыстарыма байланысты деректерді ақтарып отырғанда мына құжатқа көзім түсті. Қазіргі журналистің халі Сталин дәуірінде не болар еді:
Әрі қарай

Тобырды басқару

Сенбі күні Тұлпар сауда орталығы жағына жолым түскен еді. Сыртта адам қарасы көп, музыка ұрып тұр. Жанына бардым қызығушылықпен. Империя звука деген атпен шоу болып жатыр екен. Небір машиналарға дауыс зорайтқыштар қойып, алды артын ашып тастаған.
Блог - A-Za-z0-9: Тобырды басқару
Әрі қарай

Мемдерге сипаттама

Маған ең пүздік пост атағын әперген мемдер еді. Жер әлі де дөңгелек екен, сол тақырыпқа қайта оралдым. Өз басым сол мағынасы бар, сатира мен юморға, ащы шындыққа, тәтті өтірікке негізделген мемдерді жақсы көретінім бар. Қазір мем жасау да өнер болса да, кез келген адам жасай алатын жағдайға жеттік. Өзімнің мем жасағанымды айтқалы отырған жоқпын. Сол мемдерде кездесетін белгілі суреттерге, яғни мемдерге көрік пен ажар беретін образдар жайлы айтпақшы едім. Сол жердегі, ең алдымен атақты образдардан бастайық. Атақты деп отырғаным американ голливудында жүрген, жүре де беретін белгілі актерлер образы еді. Әрине, олар жайлы қазнеттен табу қиындау болса да, рунет әзірге жарап тұр. Сонымен, бастадық:
Әрі қарай