Мемдерге сипаттама

Маған ең пүздік пост атағын әперген мемдер еді. Жер әлі де дөңгелек екен, сол тақырыпқа қайта оралдым. Өз басым сол мағынасы бар, сатира мен юморға, ащы шындыққа, тәтті өтірікке негізделген мемдерді жақсы көретінім бар. Қазір мем жасау да өнер болса да, кез келген адам жасай алатын жағдайға жеттік. Өзімнің мем жасағанымды айтқалы отырған жоқпын. Сол мемдерде кездесетін белгілі суреттерге, яғни мемдерге көрік пен ажар беретін образдар жайлы айтпақшы едім. Сол жердегі, ең алдымен атақты образдардан бастайық. Атақты деп отырғаным американ голливудында жүрген, жүре де беретін белгілі актерлер образы еді. Әрине, олар жайлы қазнеттен табу қиындау болса да, рунет әзірге жарап тұр. Сонымен, бастадық:

Блог - Ispek92: Мемдерге сипаттамаБлог - Ispek92: Мемдерге сипаттама
Ең алғашқы болып бәріміздің сүйікті актерімізге айналған, көңілді жігіт-Джеки Чан образының мемы. Керек десеңіз, Джекидің образ мемы өзі секілді атақты саналады, көптеген мемдерде орынымен қолдануға болады. Енді бұл сурет қалай пайда болды десеңіз, айтып көрейін… Егер Джекидің шын фанаты болсаңыз, ол кісінің фильмдерінен бұл қимылды көрмейсіз. Яғни бұл сурет қай жерде түсірілді деген сұраққа әлі нақты жауап табылмай келеді. Дұрысы Джекидің өзінен сұрау сияқты, бірақ болжамдарға сенсек бұл сурет кезекті бір Канн фестивалінде түсіріліпті-мыс. Алғаш рет интернетке 2009 жылы Darksky Forever никті адам салған, содан бері Джеки образы мемнен түспей келеді. Бұл образ қандай мағына береді дегенге келсек:
-Миыма сияр емес
-Не үшін наҚ
-Ақымақтыққа таң қалу


Енді, осы меммен бірді-екілі мысал келтірсем:
Блог - Ispek92: Мемдерге сипаттама
Блог - Ispek92: Мемдерге сипаттама

Блог - Ispek92: Мемдерге сипаттамаБлог - Ispek92: Мемдерге сипаттама
Мемдер арасында белгілі актер Николас Кейдж образы да кездеседі. Бұл бейнедегі мем 1988 жылы Николас ойнаған «Поцелуй вампира» фильмінің кадрінде бар. 2011 жылы танымал имиджжасаушы Reddit-тің бір суретшісі интернетке мемдер үшін енгізген екен. Мемнің мағынасы жайлы айтар болсам:
-Сондайда сөз(әңгіме) бола ма?
-Не деп тұрсыз?
-Сарказм
-Немесе жауабы онсызда белгілі, шешіліп қойған мәселені қозғаған адамға қарата көрсетілетін эмоция


Түсінікті болу үшін:
Блог - Ispek92: Мемдерге сипаттама

Жалғасы болып қалар деген ойдамын. Болып жатса Роуэн Аткинсон, Кіші Роберт Дауни(Тони Старк), Киану Ривз, Ди Каприо, Джимм Керри образдары жайлы айтармын.
Бөлісу:

12 пікір

asaubota
жалғасымен толықтырсаң жақсы болады
omarbirat
Екінші мемдегі Николас Кейдж екенін енді біліп жатырмын
Ispek92
Жастау кезі ол жерде
zholantai
Жақсы, Кейдждың мынандай түр жасай алатынына таң боп отырм,
asaubota
жалы мұндай мемдардың шығу тарихын білгім келеді. ең бірінші пайда болған мем кім? Яо Миң ба?
Ispek92
тірі адамдардың бейнесінен алынған мемдерден алғашқысы сол қытайлық ЯО МИН саналады. Мағынасы сол ақымақтық пен надандыққа күлу, ал маған бәрібір наҚ(пофиг)
Daniar-Alan
бір мемді ұмыттың аутор  Жалғас Ертайдың құрылтайдан кейінгі суреті
Ispek92
Ол кісі де голливудтан ба?
Ispek92
Ертең жалғасы болады, күтіңіздер
mercedes
Жазбай-ақ қойшы! Мұндай басқа сайттарда толып тұр. Тіпті Массагетте де жазылған шығу тарихы.