Тағы да сол жазбаларды оқып отырмын. «Эстафета» атты жазба ұнап кетті. Ұнайд, ұнамайд деген ше. Мен де кішкене өз ойымды жаза кетейін деп шештім.
Ұнайды: Анамның көңілденсе «Айгуля», ал Папамның «Айкон» дейтіні. Бешбармақ емес Асылған ет. Париж. Қазақстанда тұратын қазақтардыңң бәәріінің қазақша сөйлегені. Рафаелло. Шашлык. Шын дос. Ауылым. Қыста қарды қырт-қырт деп басқан. Сыйластық. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер. Қап-қара лексус. КФС. т.б көп кой енді тізе берсең. Жаңбыр жауып тұрғанда (құйып тұрғанда) терезеден тамашалау және жасыл шай лимонмен және бал қосып ішіп отырып кітап оқыған или теледидар көру. Алма.
Ұнамайды: Жасандылық.Менсінбеу. Күйеуіммен ұрысып қалған. Қас қылғанда есіме түспей отыр.
Күлкі қандай болады екен? Ойланып көрдім. Маған келесідей күлкі түрлері таныс екен. Қуаныш күлкісі. Ондай күлкіні сәби бетінен, лотереяда үлкен ұтыс алған адамдар бетінен көруге болады. Бір қуаныш сезімі лап беріп бірден жаулап алғанда пайда болады.
Керек Инфолықтар алғашқы қарларыңызбен!.Сіздерді қайдам өз басым әжептәуір қуандым, сұмдық жаурағышпын, неге қуандым өзім де білмеймін?. Бірақ аяз болмаса, жапалақтап дәу-дәу болып, баяу жауып тұрса керемет емес пе иә, нағыз романтика мен үшін.
Қар жауа бастағаннан ақ таныстарыма агент арқылы «алғашқы қарларыңызбен» деп сүйіншілей бастадым.Шым қаладағы таныстарыма да бұл жаңалығымды жеткіздім. Сөйтсем олар көздері бақырайған мынандай смайликтер жіберді. Және сұрағандары бір-екеуінің "қар қалың ба?".
Айтпағым Шымкентте ыстық дейді. Бір лямкамен ыстықтап жүрміз дейді.Менің Шымкентке барғым кеп отырса ыстықтаған Шымкенттегі бірді-екілі таныстарым Астанаға келгілері бар. Ыстықтан ығыр болдық дейді.
Негізі адамға дауа жоқ ше
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі.Осы мерекеге орай Ақтөбе қаласындағы Н.Назарбаев атындағы тұңғыш саябақта мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекеге ақтөбе қаласының жастар жұмылдырылып, флешмоб ұйымдастырды.
қазақша әндерге 10 минуттық флешмоб биледік. Флешмоб яғни би билегендіктен, күннің суығы да онша білінбеді. Ақтөбе қаласының түрлі сала қызметкерлері қазақ тілінің облысымызда дамуына үлес қосып, жүргендері үшін Гүлайым Төлеубекованың марапат қағаздары мен ақшалай сыйлықтарына ие болды. Бәріміздің үстімізде ақ футболка болды.Оның алдында "Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде", ал артында «Біз Қазақстанның патриоттарымыз» деген жазуы бар болатын.
Ощм, мерке жоғары деңгейде өтті.Бәрі керемет болды. Таңғалдырғаны бір кішкене орыс ұлтты қыз қазақ тілінде ән шырқады, бір ғажабы егер мен оның бет әлпетін көрмесем,қазақ деп те қалар едім. Ең қатты ұнағаны осы болды. Ал кеш жүргізушілері орыстар болды, мүмкін осы мерекеге орай әдейі орыс ұлттының адамдарының қойған болар деп ойладым.Оларда ешқандай «акцентсіз» таза қазақша сөйледі
Біз түрлі ұрандар айттық.Соның бірі «Тілге құрмет-елге құрмет»
Кеше ақылыма осындай бір сұрақ келді. Жалпы қолым бос кезде аударма мен шимай шатпақ жазумен айналысатыным бар еді. Ноутбугімнің түкпіріндегі сары папкаға жиналып қалған туындыларымды интернетке салғым кеп жүргеніне біраз болған еді. Сөйтіп кенеттен Керекинфоға кездестім. Әрине тіркеліп жазғандарымды салмас бұрын, біраз уақыт сайтты бақылап көрдім. Жазылған шығармаларды, пікірлерді оқыдым. Байқағаным бұл жерде нормативтіге жатпайтын лексика мен жаргон сөздерді қолданғанды жақсы көретін адамдар көөп екен. Очм, ырысбек, зайып алды, тігем, исчо деген сөздер алғашында құлағыма түрпі тікенегіндей тигені былай тұрсын, мағынасын түсіне алмай дал болдым. Артынша үйреніп кеттім. Осыған орай бір айтарым жаргондарды жинап арнайы Керекинфо сөздігі деген сөздік шығарса да болатын секілді. Жалпы айтқанда жақсы сайт. Адамдар тіркеліп, бастарынан өткендерін жазып, одан қалса Инекеңнің түкпір түкпірінен тірнектеп жинаған мәліметтерімен бөліседі екен. Бір бірімен пікір алмасады екен. Сонымен бірнеше меланхолиялық жазбаларым мен өлеңсымақтарымды арқалап мен де келіп қалдым араларыңызға. Бәлкім бұл жазғандарым балалықтың ауылынан ары аса алмай жүрген қыздың шатпағы болып көрінер. Шын мәнісінде де солай болуы мүмкін. Не де болса салып көрейін деп тәуекелге бел будым. Дей тұрғанмен кермек шындықты кедергісіз айтатын керекинфошылардың критикасына қаламын деп ойламадым. Сын пікірлеріңізді оқи отырып таңғалдым, таңырқадым, бір жағынан қуандым, бір жағынан мұңайдым.Қайтем енді тумысымнан қатты әсершілмін. Алайда жазғандарымды оқыған барлық адамдарға ризашылығымды білдіргім келеді. Пікір қосқандарға да жеке жеке алғысымды білдіремін. Оның ішінде
Zholantai (атыңызды дұрыс жаздым деп үміттенем) мырзаға кетш, оттамаш дегендері үшін рахмет, көктен жерге парашютсіз ақ түсірдіңіз.
Araika ханым мен Daniar Alan мырзаға да пробел жөнінде жазған сындарыңыз үшін алғыс айтам.
MERmukhanov мырзаға да бұл жазбада әсіре ештеңе жоқ деп шындықты айтқаны үшін үлкен рахмет.
Және басқа да пікір жазған адамдарға көптен көп рахмет. Пкірлеріңіз жақсы болсын жаман болсын мен үшін өте қымбат. Алдағы уақытта да сіздерден сын пікір күтетін боламын. Және де бұдан да жақсы жазбалармен қуантып тұруға тырысамын. Соңында керекинфошылардың тілімен айтатын болсам ОЧМ БАРЛЫҒЫНА ҮЛКЕН ЫРЫСБЕК КО.
— Үш жүз сестерций — деді Клавдий астындағы жәлапты жәукемдеуін тоқтатпастан.
Шошып кеттім шешесс.
— Марстан қорықсаңшы, Клавдий! — дедім мен жалбарына, — қураған бұтағы да жоқ даладағы қуып кеткен халықтар үшін — үш жүз сестерций? Араның ашылайын депті!
Тоқты
Егер «аулау» ұзақ болса, арбалып қалу қауіпі мол. Кейде ол жәй ғана достарының алдында мақтану үшін ғана сүйіктісіне опасыздық жасай алады. Бірақ, оның өзіне опасыздық жасалған жағдайда Тоқтының кегі қатал келеді.