Көңілдің кейбір кездері..
Әлі күнге дейін мені біреу көзімді бақырайтып қойып мақтап тұрса, ең алдымен «бұл неге мақтап тұр екен?» деп қылп ете қалатын әдетім бар. Енді біреу, жерден алып, жерге салып сынаса «бұл неге сынап тұр?» деп ойланамын. Әрине екі жағдайда да бірдей реакция жасайтыным ешкімге қызық емес. Бірақ, маған дәл осы маңызды. Өйткені, өміріміздегі әлсіздіктеріміз бен кемшіліктеріміздің бәрі қарабайыр деп санайтын болмашы нәрселерден бастау алып жатыр. Өз басым ешқандай мақтауға сенбейтін адаммын. Себебі, қазір көп адам фактімен мақтамайды, жалпылама мақтайды. Жалпылама мақтау, сөздің шыны керек, ол — таза «драма». Ал, мен нәтижеге ғана сенгім келеді. Адамды мақтау үшін де еңбектену керек. Фактімен мақтау үшін. Егер, осылай істесек, әлгі мақтап тұрған адамымыз шынымен риза болар еді-ау!
Әрі қарай


Жүзуді өзім енді үйреніп жүрмін. Қыздар мен апашкалар емін-еркін жүзіп жүргенде, бассейннің бір бұрышында жігіт басыммен тұрып бақылаған ұяттау екен. Нәзік жандардан көмек сұрағанша, «бассейнге батып кетті» деген атақ артық қо.
Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Ақшам хаттары» атты тоқсан үшінші жылы шыққан мүкәммал кітабы қолыма жақында түсті. Ішінде бәрі бар. Махаббат та, ғадауат та, мұң да, қайғы да, қуаныш та… Кітапты ала сала алғашқы беттеріне көз жүгірткенімде осы «Жеке қоңыры» көңілімді ерекше толқытты. Көптен мұндай сезімге берілмеген едім. Өлеңдерінің барлығы сүт қатқан қызыл күрең қою шай ма дерсің?! Бірінен кейін бірі күшті кетеД. Ал, «жеп-ішіп» отырыңыздар







<img src=«
alt="" /><img
Толығырақ