хАМ-ға қарсымын!

Санк-Петербургтағы бассыздықты көріп отырып, оны «СтопХам» деген акцияға теңегенін байқап қалдым. «СтопХам» туралы естіген де, көрген емеспін. Отыра қалып, интернетті шарлап шықтым.
Менде бір керемет сюжет бар...: хАМ-ға қарсымын!

Менде бір керемет сюжет бар...: хАМ-ға қарсымын!СтопХам — жол ережесін бұзушыларға қарсы жұмыс істейтін қоғамдық ұйым екен. Жобаның басты мақсаты — жол жүру ережелерін бұзатын, көлігін рұқсат етілмеген жерге қаңтаратын, тротуармен жүретін жүргізушілерді тәртіпке шақыру. Бұған дейін Стопхам «Наши» деген жастар қозғалысының құрамында болып келген. 2012 жылы бөлек отау болып шығыпты. Жобаның басты жетекшісі — Дмитрий Чугунов деген амиго.


Менде бір керемет сюжет бар...: хАМ-ға қарсымын!Жобаның жұмысы мынандай. Бір топ ерікті жол ережесін бұзған көліктің жүргізушісіне сыпайы ескерту жасайды. Дұрыс емес жерде тоқтап тұрса, рұқсат етілген жерге барып көлігін қоюды өтінеді. Алда-жалда көнбейтін болса, «Мне плевать на всех, паркуюсь где хочу» деген жазуы бар плакат іліп кетеді. Немесе тротуармен жүріп келе жатқан машинаға өз жолымен жүруге кеңес береді. Әрі бүкіл оқиғаны видеоға түсіріп алады. СтопХамның еріктілерін тыңдайтындар да бар, қарсылық білдіретіндер де көп. Жоба мемлекет тарапынан қолдау тапқандықтан, ГИБДД өкілдері еріктілердің сөзін сөйлейді. Сондықтан, «банда» деп атап, мент шақырғанымен, жүргізушілердің жолы болған емес.

Жоба басталғалы бері кішігірім түсініспеушіліктен бөлек, мемлекеттік дәрежеде шешім қабылдатқан айқай-шуға дейін барды. 2012 жылы сәуірде Мәскеудегі «Европейский» сауда орталығының жанында бір топ стопхамшы қымбат көлік мінген әйелге машинасын рұқсат етілген жерге қоюын өтінеді. Алайда, әйел сөзге құлақ асу былай тұрсын, сол жерде айқай-шу шығарып, жастарды қорқытпаққа тырысады. Кейінірек әлгі әйелдің ұлы келіп, соңы төбелеске айналып кетеді. Сөйтсе, әлгі әйел Ресей президентінің Шешенстандағы өкілінің орынбасары Тамерлан Мингаевтың жұбайы Мадина Мингаева екен. Сол оқиғадан кейін Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Тамерлан Мингаевты қызметінен алып тастады.



Менде бір керемет сюжет бар...: хАМ-ға қарсымын!Ал биыл, 2013 жылдың сәуірінде, Ресей орталық сайлау комиссиясының консультанты Маргарет Аракелян көлігін жаяу жүргіншілер жолына қаңтарады. Стопхамшылар әдемі әйелге(қыз емес шығар енді) ескерту жасайды. Алайда, Маргарет олардың сөзін тыңдаудың орнына еріктілерді көлікпен қағып кетудің аз алдында қалады. Содан кейін, көліктен түсіп өзінің мемлекет қызметкері екенін, қай жерге қоятынын өзі білетіні айтып қоқан-лоққы көрсетеді. Видео интернетке шығып кеткен соң, орталық сайлау комиссиясының басшысы Владимир Чуров қызметкері үшін кешірім сұрады.



Очм, «СтопХамның» әрекеті маған қатты ұнады. Жол жүру ережесін бұзатындарды осылай жазалау керек. Өкінішке қарай, стопхамда денелі жігіттер аздау екен. Төсін ұрған жігіттер айтқанға көнбегенде, жұдырық иіскетіп қоятын. Бұған ұқсас жоба біздің елде де бар көрінеді. «Я паркуюсь как осел» деп аталады. Сайты мынау: www.oselparking.kz Меніңше бұл жоба «СтопХам» секілді сәтті бола қоймайтын секілді. Күні бойы Стопхамның видеоларын көріп шықтым. Осындай жоба біздің елде де болса ғой…
Бөлісу:

9 пікір

Edu
Осындай жобалардың басы қасында басқа ұлт өкілдерінің жүретіні ұнамайды. Артында басқа біреулер тұратын сияқты.
Arys_arlany
ия, Шымкентте болса, елестете алмаймын, машина жыл сайын көбейіп жатыр, дегенмен, мұндай жағдайлар қызыл жағалылар айналысады, еріктілер айналысса, екі күн өмір сүре алмайтын шығар)))))))))
omarbirat
«Я паркуюсь как осел» неге сәтті емес деп ойлайсың? Ондағы база бойынша жол полициясы шытырап салған жағдайлар болған, білуімше.
Мүгедектерге арналған тұраққа қойылған машиналарға «Мүгедек жүргізуші» деген белгі жапсыратын бір топ болған еді. Қазір қайда кеткенін білмедім.
omarbirat
айтпақшы, оселпаркинг.қз сайтын сатамыз деп жатқан өткен апталарда.
zholantai
қой сияқтымын, өріп жүрем дейтін жаяулар туралы да жоба ма шыққан еді ғо, ол не болды?
konvict
Ол сайтқа шыққан сурет ғана ғой. Мына жерде кішкене тірілеу. Адамдар көшеге шығып, жүргізушіге түсіндіреді.
Ispek92
хАМ дегенді басқаша екі әріпін оқып кіріп жүрсем автокөліктер екен ғой, бірақ жақсы нәрсе екен