Сәлем, достар!
Әйтеуір әртүрлі себептермен созылған телеарнамыздың жұмысын бастадық. Кеше біраз роликтер түсірдік, ал мынау промо ролик сәтсіз моменттерден құралды. Осы Керекинфо сайтында видео блоггинг жүргізгісі келіп жүрген блоггерлер болса және жақсы түсіре алсаңыздар, шын көңілмен және шын ниетпен арнамызда көрсетуге дайынбыз.
Ата бабаларымыздан жеткен рухани мұрамыз ұшан теңіз. Ауыз әдебиеті, қол өнер, ақындық-шешендік өнер, құсбегілік, ат баптау, спорттық түрлі ойындар, ән-күй тағы басқа көптеген әлем халықтарынан ұлттық бояуымен өзгешеленіп тұратын ерекше өнерлер мирас болып қалды. Солардың бірі және бірегейі ұлттық саз аспатары.
Алғашқыда ел арасындағы әнші күйшілер өздері қажетті аспаптарын жасап алып ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берді. Келе келе қазақ сахарасының жағрафиялық ерекшеліктеріне орай саз аспаптары үндік ерекшелігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады. Ертеде саз аспаптарды ағаштан, түрлі өсімдіктерден, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, қылынан және басқа Қазақтың ұлттық саз аспаптарының өткені, бүгіні және келешегі да түрлі заттардан жасаған. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз.
Жастар арасында қордаланған мәселелерді 2020 жылға дейін шешу үшін мемлекет тарапынан тұжырымдама жасалғандығы белгілі. Осы орайда, бірқатар мәселелер тасада қалып бара жатқандығын айта кету керек. Солардың ішіндегі әлеуметтік маңызы жоғараларының бірі жоғары оқу орындарындағы білім алу, анығын айтқанда талапкерлердің мемлекеттік грантқа ие болу мәселесі. Осы саладағы өзімнің ой-пікір, ұсынысымды қоғам талқысына салуды ұйғардым.
ҰБТ айтыла-айтыла жауыр болған тақырыптардың бірі. Десек те, мәселеге ден қойып, шешудің балама жолын қарастырғандығымыз дұрыс. Дұрысы мен бұрысын санамалап қаншама қайталағанмен де ҰБТ талапкерлер үшін білім сынағы, ал мектептер мен мұғалімдер үшін сапа сынағы болып қала береді. Тек енді оны жетілдіру жолдары мен басқада мүмкіндіктерін қарастырғанымыз абзал.
ҰБТ бірқатар шенді-шекпенділер мен жұмыртқадан жүн қырқып үйренгендердің табыс көзіне айналғандығы баршаға аян. Бір өкініштісі тамыр-таныстыққа арқау болатын тесттілеу нәтижесінде білімі таяз, тіпті кей жағдайда мүлдем білімі жоқ талапкерердің грантқа ие болып, нағыз оқыған, білімді жеткіншектердің оған ілінбей қалуы секілді оқиғалар жиі көрініс беретіндігі. Сонымен қатар, психологтар ҰБТ кезінде жастардың санасына үлкен психологиялық салмақ түсетін айтуда. Көп жағдайда осы салмақ біраз жастарды депрессияға ұшыратып, тіпті кейбіреулерінің өз өміріне қол жұмсайтындары да бар. Суцид қазақ қоғамның жегі құртына айналып отырған өкінішті проблемалар қатарын толықтыруда.
Жоғарыда айтылған мәселерді шешудің бір тетігі ретінде ЖОО-да ақылы оқитын студенттер арасында қосымша гранттар енгізуді керек деп пайымдаймын. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайған. Десек те, ақылы оқитын білім құмар студенттерді ынталандыру мәселесі тасада қалып келеді. Біз, елімізде қабылданып жатқан қаптаған стартегиялар мен тұжырымдамадағыдай білімді ұрпақ тәрбилегіміз келсе, онда 2, 3, 4 курстар мен магистратураның 2 курсында ақылы түрде оқитын білімгерлер арасындағы, білімі мен үлгерім деңгейлері жақсы студенттер үшін қосымша байқау өткізіп гранттар бөлуді қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл өз кезегінде студенттер арасында білімге деген құштарлыққа итермелесе, ал білімділер арасында мақсаткерлікке тәрбиелейді. Сонымен қоса, өзі қаламайтын мамандықта оқып жатқан жастарға өзі таңдаған мамандығында оқуға қосымша мүмкіндік болар еді. Өйткені, 1 жылдай ЖОО-да оқып оң-солын таныған жасөспірім, жаңа мүмкіндіктер көріп, жаңаша пікір қалыптастырады. Сонымен қатар, және, бір айта кетерлігі, бұл ҰБТ кезінде түсетін психологиялық салмаққа төтеп беретіндей, талапкерлердің төзімділігіне игі ықпалын тигізетіндей әлеуметтік маңызға ие болар еді. Себебі, білімді талапкердің, өзінен әлдеқайда нашар оқитын сыныптасының тамыр-таныстық арқасында грантқа түсіп, ал өзінің ҰБТ-да «сүрінуі», оның бойына психологиялық ауырпалық салып, қоғамымыздағы әділетсіздік туралы ойларға жетелеуі мүмкін. Бұл жағдайды елімізде астыртын жұмыс жасап жүрген радикалды, жымысқы топтар өз мақсатында пайдаланып кетуі ықтимал. Ал болашақта өз қарым-қабілетін көрсетіп, дәлелдей алу мүмкіндігі, жастардың санасында ертеңгі күнге деген сенім қалыптастырары сөзсіз.
Сондықтан, осы бастаманы қазіргі жастар болып, оның ішінде жастар ұйымдары талқылап, жетілдіріп билікте отырған ел ағаларынан талап ете білсе, онда жастар өз болашақтарын және өзін-өзі басқаруды өз қолдарына алу мүмкіндігіне ие болады деге. Ал атқа мінерлеріміз жастар болашағы ел болашағы екендігін нақты іспен де көрсетіп, білімді жастарды қолдай білсе игі.
Биыл біздің Айбек 5-ші класты бітірді. Соңғы бір-екі жылдардың күндері өткен сайын еститіні:
-Сен енді кішкене бала емессің, үлкенсің. Баланың қылығын істеме!
Тағы да сол секілді сөздерді еститін. Бәрінің мағынасы «сен үлкенсің, балалық қылықтан арыл» дегенді түсіндіреді.
Көптен күткен жазғы оқу демалысында ата-аналары уәде еткен жаңа жасөспірімдерге арналған велосипед сатып беруін күтіп жүр. Маусым айының бірінші сенбісі ата-анасының демалыс күндеріне сәйкес келетін болып шықты. Сол күні велосипед сатып алынатын күн болып тағайындалды. Күткен күн де жетті. Ата-аналары Әтөшті ертіп алып, базарда велосипед таңдап жүр. Сатушы сауда «балаларды қорғау күніне» сәйкес келгендіктен:
-Таңдауларыңыз жақсы. «Балалар күніне» орай балаңызға жақсы сыйлық болады, -дегенде, Әтөш ұялғанынан:
-Мен бала емеспін, -депті.
Бірақ Әтөш базардан үйіне қайтқанда қуанып келе жатыр. Жаңа велосипед иесі атану қандай болса да, баланы қуантатыны сөзсіз еді.
Мына жазбаның мән-мағынасы не? -деген сұрағыңызға жауап бере кетейін. Жақсы бір лозунг бар еді: «Баланың балалық шағын сақтаңдар!» деген. Үлкендер, баланың балалық шағын ұрламайық.
Біздің ауылда Қабен деген қария өмір сүрді. Ескіше де, жаңаша да оқыған, сауатты, көрген-түйгені мол адам еді. Қалжыңға да шебер болатын, бір айыбы — өтірікті тым көп айтатын. Сондықтан ол айтыпты деген сөзге сырын білетін адамдар илана бермейтін.
Бір жиында отырмыз. Шариғат туралы әңгіме жүріп жатыр. Арасында әзілі де аралас:
«Білім алып жүрген бір шәкірт „Осы бұрын пайғамбарларға шайтан көрініпті, шайтан үйтіпті деген мәліметтерді көп оқимыз. Қазір шайтан туралы айтылмайды. Неге?“ деп ұстазына сауал беріпті.
Ұстазы: — Қазір шайтан жоқ. Барлығы ақысыз демалысқа шығып кеткен. Шайтанның тірлігін адамдар жасап, оларға жұмыс қалмады!» анекдотқа бергісіз әңгімені айтып бір күлдіріп алды.
Жалпы шайтан Дәуіт пайғамбарға көрінген екен. Сонда екеуи сұқбаттасып, шайтан барлық адамдардың нәпсілерін тауып, әлсіз тұстарын атап көрсетіп жатыр екен. Дәуіт пайғамбар өзінің нәпсісін сұрағанда, айтыпты «сенің нәпсің қарның тоқтықта, қарның тойса ойланбайсың» деп жауап қатыпты. Соны естіген Дәуіт пайғамбар өмір бойы шайтанмен күресіп, бір күн ораза, бір күн ас ішіп өткен екен. Ең асыл ораза Дәуіт пайғамбардың ұстаған оразасы деп осыдан қалған екен.
Көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Тыңдап отырып, рухани ізденіске жол ашылғандай әсер қалдырды. Вирус — шайтан, антивирус — иман деп қазіргі заманғы ұғынықты тілмен тамаша теңеп түсіндіре білді.
Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне кұйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып қүйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана