Студенттер қосымша гранттарға зәру

Жастар арасында қордаланған мәселелерді 2020 жылға дейін шешу үшін мемлекет тарапынан тұжырымдама жасалғандығы белгілі. Осы орайда, бірқатар мәселелер тасада қалып бара жатқандығын айта кету керек. Солардың ішіндегі әлеуметтік маңызы жоғараларының бірі жоғары оқу орындарындағы білім алу, анығын айтқанда талапкерлердің мемлекеттік грантқа ие болу мәселесі. Осы саладағы өзімнің ой-пікір, ұсынысымды қоғам талқысына салуды ұйғардым.
ҰБТ айтыла-айтыла жауыр болған тақырыптардың бірі. Десек те, мәселеге ден қойып, шешудің балама жолын қарастырғандығымыз дұрыс. Дұрысы мен бұрысын санамалап қаншама қайталағанмен де ҰБТ талапкерлер үшін білім сынағы, ал мектептер мен мұғалімдер үшін сапа сынағы болып қала береді. Тек енді оны жетілдіру жолдары мен басқада мүмкіндіктерін қарастырғанымыз абзал.
ҰБТ бірқатар шенді-шекпенділер мен жұмыртқадан жүн қырқып үйренгендердің табыс көзіне айналғандығы баршаға аян. Бір өкініштісі тамыр-таныстыққа арқау болатын тесттілеу нәтижесінде білімі таяз, тіпті кей жағдайда мүлдем білімі жоқ талапкерердің грантқа ие болып, нағыз оқыған, білімді жеткіншектердің оған ілінбей қалуы секілді оқиғалар жиі көрініс беретіндігі. Сонымен қатар, психологтар ҰБТ кезінде жастардың санасына үлкен психологиялық салмақ түсетін айтуда. Көп жағдайда осы салмақ біраз жастарды депрессияға ұшыратып, тіпті кейбіреулерінің өз өміріне қол жұмсайтындары да бар. Суцид қазақ қоғамның жегі құртына айналып отырған өкінішті проблемалар қатарын толықтыруда.
Жоғарыда айтылған мәселерді шешудің бір тетігі ретінде ЖОО-да ақылы оқитын студенттер арасында қосымша гранттар енгізуді керек деп пайымдаймын. Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 182%-ға ұлғайған. Десек те, ақылы оқитын білім құмар студенттерді ынталандыру мәселесі тасада қалып келеді. Біз, елімізде қабылданып жатқан қаптаған стартегиялар мен тұжырымдамадағыдай білімді ұрпақ тәрбилегіміз келсе, онда 2, 3, 4 курстар мен магистратураның 2 курсында ақылы түрде оқитын білімгерлер арасындағы, білімі мен үлгерім деңгейлері жақсы студенттер үшін қосымша байқау өткізіп гранттар бөлуді қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл өз кезегінде студенттер арасында білімге деген құштарлыққа итермелесе, ал білімділер арасында мақсаткерлікке тәрбиелейді. Сонымен қоса, өзі қаламайтын мамандықта оқып жатқан жастарға өзі таңдаған мамандығында оқуға қосымша мүмкіндік болар еді. Өйткені, 1 жылдай ЖОО-да оқып оң-солын таныған жасөспірім, жаңа мүмкіндіктер көріп, жаңаша пікір қалыптастырады. Сонымен қатар, және, бір айта кетерлігі, бұл ҰБТ кезінде түсетін психологиялық салмаққа төтеп беретіндей, талапкерлердің төзімділігіне игі ықпалын тигізетіндей әлеуметтік маңызға ие болар еді. Себебі, білімді талапкердің, өзінен әлдеқайда нашар оқитын сыныптасының тамыр-таныстық арқасында грантқа түсіп, ал өзінің ҰБТ-да «сүрінуі», оның бойына психологиялық ауырпалық салып, қоғамымыздағы әділетсіздік туралы ойларға жетелеуі мүмкін. Бұл жағдайды елімізде астыртын жұмыс жасап жүрген радикалды, жымысқы топтар өз мақсатында пайдаланып кетуі ықтимал. Ал болашақта өз қарым-қабілетін көрсетіп, дәлелдей алу мүмкіндігі, жастардың санасында ертеңгі күнге деген сенім қалыптастырары сөзсіз.
Сондықтан, осы бастаманы қазіргі жастар болып, оның ішінде жастар ұйымдары талқылап, жетілдіріп билікте отырған ел ағаларынан талап ете білсе, онда жастар өз болашақтарын және өзін-өзі басқаруды өз қолдарына алу мүмкіндігіне ие болады деге. Ал атқа мінерлеріміз жастар болашағы ел болашағы екендігін нақты іспен де көрсетіп, білімді жастарды қолдай білсе игі.
Бөлісу:

23 пікір

Arys_arlany
Жақсы пікір бырат, бірақ бөтен адреске түсіп кетті ау деймін
suleimenuly
Бұл блог жүйесінде өзіндік ой-пікірі бар, мәселені талқыға сала алатын адамдар жоқ па?
Adiletshu
4 жыл босқа сандалады. Білім жоқ бізде. Барлық университеттерді жауып, бес-алтауын ғана қалдыру керек. Сол 5-6 университетке жақсы көңіл бөлінсін. Оқуға түсе алмай қалған жастарды 2-3 ай курстарда оқытып, айдау керек.
suleimenuly
Оларды қайда айдайсың? 2-3 айда 11 жыл үйренбеген нәрселерді біліп кетеді деп ойлайсың ба?
Adiletshu
4 жылда да дым қатырмайды
temir1986
Оныңыз дұрыс бірақ оларды айдайтын жұмыс орныны қайдана табамыз?
suleimenuly
КСРО кезінде екі қолға бір күрек тауып беретін, қазір ол жоққой.
Adiletshu
Повар, сварщик, моторист дегендерді итпен іздеп таппайсың. Сондайларды оқыту керек.
suleimenuly
Қазақтың балалары бармайтын оқуғой ол. ылғи да басқа ұлттарды көресің ондай мамандықта. Қазекең заңгер, экономист, кеденге секілді мамандықтарға түседіғой. Содан болар бәсекеге қабілетсіз экономика, орындалмайтын заңдар мен шұрық-тесік шекараға иеміз!
edige
нағыз оқыған, білімді жеткіншектердің оған ілінбей қалуы секілді оқиғалар жиі көрініс беретіндігі.
Бұл жерде мұғалім баласы мен бастауышта көзге көрініп «Тегін бесті» арқалап бітірген балалар нағыз оқыған білімі жоғары бала орнын шатастырмағанымыз дұрыс… Білімді бала жоғары бал алады қайда да…
Кеңес одағы арнайы солай болмауы үшін СПТУ ашқан еді…
Соңғы түзету:
suleimenuly
Албетте, білімді арқашанда білімді. Бірақта, шынайы білімділік пен есте сақтау қабілетіне байланысты жаттандылықтың ара-жігі қашанда бөлек дүние Едіге бауырым.
balyqshy
Мектептерімізді түгендегініміз дұрыс па деп ойлаймын. Едіге айтып кеткендей жақсы оқушы әрқашан өз балын жинай алады, қандай сынақ болса да. Сауда топастарға арналған. Өз кезегімде айтқым келетіні, ҰБТда жоғары балл сатып алу мүмкін болар, ал жоғары баллды төмендету мүмкін емес. Яғни Сізді әдейілеп ешкім құлатпайды. Және бір қызығы кейбір мамандықтарға балдар бармайды да, ол мамандықтарға гран ұту мүмкіндігі көп, және керісінше кей мамандықтарға адам көп барады да кейде алтын белгі иегерлерінің саны грант санынан асып кетіп жататын кездері болады сол кезде жай 98-100 балл (орыс тілін шегергенде) жинаған оқушылар түсе алмай қалып жатады.
suleimenuly
Дұрыс айтасын ешкім де жоғары балды төмендете алмайды. Алайда білімді өз күшімен 100 балдан 90 алса, сатып алушы болса 93 алады, ал шын мәнісінде оның деңгейі 60 балдың төңірегінде. Мына нарсені естен шығармаған абзал: Жақсы оқушы мен жаман оқушының арасында орта деңгейде оқитындар тағы бар. Олар қайтпек?
balyqshy
Бала кезімізде өскенде доғдыр болам, инженер болам, шөпір болам, летчик болам, солдат болам деген сияқты кей мамандытың не екенін түсінбесекте сол мамандық иелері біз үшін авторитет еді. Тамақ жемесең летчик бола алмайсың десе, тәрілкідегіні тауысуға не басқа да айналыспа деген нәрселерден қашық жүруге тырысатын едік. Қазір балдар кім боларға білмейді. Онбір бітірген бала кім болатынын білмейді, ата-анасы сол ҰБТға бір ай қалғанда баласы үшін ойланады.
Менің байқағаным, қазіргі оқушыларда мамандық иесі болу емес, мақсаттары грантқа түсу, „крутой„ ВУЗда оқу сияқты.
PS: Балық шаруашылығына конкурс аз если че
Adiletshu
Дұс айтасың, дұс!
temir1986
Көрдік қой бүгін ҰБТ ны. Сыртта телефонмен әке-шешесі жауап береді балаға, кешке біздің бала маладес 120 балл алды деп жуып жатыр.
er_vostok
Кеше менен ноутбук сурап алып кетти танысым, кызы тест тапсырады екен. Далада вайфаймен жауап жибермек боп алды.
temir1986
Агент тәрізді тағы бір программа бар екен соның көп көмегі тиіпті
er_vostok
Бугин кайтарып берди ноутты. Каншалыкты пайдасы тигенин айтпады, кызы 121 балл алыпты.Оз кушимен алганына сенимдимин, ал мунысылары тек страховка гой айтпесе жауап кутип соган сенип отыру расында мумкин емес кой.
temir1986
Вай-файдың пайдасы аздаау болғанға ұқсайды жалпы. Бірақ жеткілікті ұпай жинағандардың жартысының "үлкен жерден" көмек алғанына сенімдімін!!!
suleimenuly
Не де болса қазіргі ҰБТ оқушының емес ата-ананың сынағына айналғандығы қашан. Алла ақырын берсін!
Emilia
Сіздерге бір амал айтайын ба? Егер төмен балл алған болсаңыз дизайн сияқты шығармашылық емтихан тапсыратынға барған дұрыс. Оқуға солай түсіп, бірінші семестрден кейін қалаған маманыққа ауысып кетуге болады.
suleimenuly
Шығармашылыққа көпшілігінің ақылы жете қояр ма екен?