Менің ұнатқан әндерім

Бүгін ютубты ақтарып отырып, Шәкен Аймановтың орындауындағы «Жиырма бесті» естіп сіздерге ұсынып отырмын, «Транссібір экспрессі» филімінен.

Өмірге ерте туып асыға өскен,
Дүниеге адам қонақ түней көшкен.
Ер туып, ел қорғаған ата-баба,
Бұл күнде ізі жатыр, тозаңы өшкен…

төрт-ақ жол, ести білген адамның санасын қақыратып кететін шумақ секілді маған.



Ал келесі ән — Біржанның «Теміртасы».



Үшінші ән -Р. Стамғазиевтің орындауындағы Ақан Серінің «Балқадишасы»

Бөлісу:

10 пікір

AKA
«Балқадиша» әні ұнайды, әдемі!
toha9566
Жігіттер квартеті орындап, бейнебаян түсірген еді ғой мен соны көргем. Ал мынаны бірінші рет көріп тұрмын.
AKA
Иә, көрдім оны.
AKA
П.С. Маған қазақша той әндері, көңілді, билейтін әндер керек еді. Қандай ұсыныстар бар?
Ottegin
Ютубтан керек әндердің клиптерін көшіріп алыңыз да iWisoft Free Video Converter программасы арқылы музыкасын сылып алыңыз, немесе музыкалық сайттарда кездеседі, орындаушыларының есімдері арқылы іздеуге болады, үшінші жолы-торрент-трекерлерден қарастыруға болады
Ottegin
Екінші клиптегі «Теміртас» әнін қырғыз бауырлар өз фильміне салғаны (1972 жылы түсірілген) таң қалдырды
burkitshi
Рахмет әндеріңе. Дегенмен кейде қырғыз бауырларымыздың батылдығы таңқалдырмай қоймайды. Әннің үшеуі де тамаша!!!
Ispek92
Классикалық әндер керемет қой
berkut
Маған мына клип ұнады. www.youtube.com/watch?v=9VBkyKijzSE
Соңғы түзету: