АТЫРАУДА ДОМБЫРА PARTY ӨТПЕКШІ

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР! Барлығыңызды 24/04/13 күні сағат 19:30да (жергілікті уақыт бойынша), Махамбет-Исатай алаңында өткелі отырған ДОМБЫРА PARTYге шақырамыз! Бірнеше домбырашылар мен жас айтыскерлер және бірқатар блоггерлер мен интернет белсенділері келеміз деп отыр. Сіздің де домбыра шертетін өнеріңіз болса, жұлдызды сәтіңізді пайдаланып, ел-жұртты бір таң қалдырып қайтыңыз. Немесе жәй әсем ән мен тәтті күйдің ләзатына шомылып, адамдармен танысыңыз. Күтеміз, ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ!=)



P.S.: Сурет аптыры Maralbek Sagynganov. Мен жәй өзгерттім)
Әрі қарай

"Хочу с мамочкой на улице погулять"

Бір танысымның 3 жасқа толған қызының айтқаны еді бұл. Өткен аптада туған күнін атап өтіп, тортты үрлерде ұзақ ойланды бүлдіршін. Ойланды да дәл осылай дүрс еткізді. Ауылдан келген атасы «Не дейді? Не дейді?» деп түсінбей қалды. Әрине, ауласы өзінікі, қолындағы немерелері еркін асыр салып ойнайтындықтан қайдан түсінсін. Қыс бойы 4 қабырғаға қамалған сәби қоғамның белең алып бара жатқан созылмалы дертін ашып тастады осылай. Бүкпесіз.
Бәріміз әке-шешесіне қараппыз ғой. Олар да қипақтап қалды. Бірақ, оларды кінәлаудан аулақпыз. Ауласына шығарса бала көп, ойын алаңы аядай. Оның жартысына көлік қойып тастаған. (Жүргізушілерді де сөгулден аулақпын. 300 пәтерлік үй салып, 30 көлікке тұрақ орын ойластырса қайтсін). Саябаққа жиі апарудың реті келе бермейді.
Тек ата-ананың ықыласын ғана аңсайтын кіршіксіз бала сезім, көңіл бөлмесек доғалданып материалдық құндылыққа бас иіп кететіндей ме?..
Әрі қарай

БЕСІК ЖЫРЫН БІЛЕ МЕ, ЖЕҢГЕЛЕРІМ?

«Бесік» жыры… Бесік және жыр!
Осы бір құстың қос қанаты іспеттес егіз ұғым нақ күні кешеге дейін Алашымыз үшін ешбір асылға айырбастамас, баға жеткісіз құндылық. саналатын-ды. Олар үшін бесік пен жыр киелі де, кепиетті ұғым-тын. Осынау өмірлерінің басты өлшемі болып табылатын құндылықтарға тәубе дей отырып, тәу ететін де еді олар. Бесік пен жырды төбелеріне көтере, марқая масаттанатындары да рас-тын. Алашым үшін бесік пен жыр ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе тіктеуінің де негізі болып табылатын.

Ал, бүгін өкінішке қарай, бағзыда өткен Елтеріс, Тоныкөк, Күлтегін, Еділдейін баһадүр бабаларымыз тербеліп өскен бесік те, олардың бойына нәр-қуат берген бесік жыры да өздерінің теңдесі жоқ қадір-қасиетін жоғалтып, архаизмге айналып отыр. Осынау ұлтымызды құрдымға алып бара жатқан жосықсыздыққа ешбіріміз селт етер емеспіз.
Япыр-ай, сонда осылайша қағымыздан жерініп, ата-бабаларымыздың аманатынан, ұлттық салт-дәстүрлерімізден безінгенде қайда барып оңбақпыз? Ұрпағымыздың ертеңгі күні не болмақ? Келешек алдында не деп жауап бермекпіз? Ой-тоба, мұнан асқан сұмдық болмас сірә. Қайда бағыт алып бара жатқанымызға бір сәт мән берсек етті? Бүгінгі күні «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тағылымды тәмсіл де адыра қалғандай. Япыр-ай, егемендік алып, еңсе түзедік пе дегенде, шын «зар заманға» енді тап болғандаймыз-ау, тегі. Жоғарыда баяндалған жайттардан кейін бұлай демеске біздің әддіміз де болмай отыр.
Ал енді осынау өзіміз тілімізге тиек етіп, отырған өзек жарды өткір мәселе туралы қарымды қаламгер Аян (Сейітхан) Нысаналин не деп толғанады екен? Қанеки, құлақ түрелікші. («Зерде» кітабынан):
«…. мен естіген ең ғажап ән – «Бесік жыры». Қандай өміршең, қандай мұңды! Шындық бет-жүзіңе қаратпайды. Хан ба, қара ма, талбесікте тербеліп жатқанда нәрестеге бәрібір секілді, даңғаза дүние таң шығындай мөлдіреп, періштедей бал-бұл жандырады. Оның құлағына әлгі әспет әуенмен бірге ұлы дала жыры келеді. Қайдағы-жайдағы сағыныш сарыны еміс-еміс талып жетеді. Сайын сахара, түз тебініндегі тарпаң тұлпарлар тұяғының дүбірі, бозала таңда титтей, ноқаттай болып таңдайынан әуез төгетін бозторғай, түгел тіршілік сәби сезімін қытықтайды оятып. Маған анам айтып, Ханзада әпкемнің аузынан жазып алған «Бесік жыры» әлі күнге дейін әлдилеп тұрғандай:
-Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікте жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқасқаның құйрығын,
Жіпке тізіп берейін.
Құйрығындағы сатпағын,
Быламық қылып берейін.
Оның дәмін кім татар,
Жеңгелері татар.
Сейітхан деген туыпты,
Ту биені сойыпты,
Аталары жиналып,
Атын Сейітхан қойыпты.
Қара қасқа атты Қамбар-ай,
Қараның бегі хандар-ай,
Сейітхандікіне түсе кет,
Шай самаурын іше кет!
Қанша қонақ келсе де,
Есебін оның табады.
Сейітхан күтіп алады.
Сейітхан деген бір кісі,
Арабаның тіркесі,
Шаудан қалпақ басында,
Ханның қызы қасында,
Саудырайды теңгесі,
Теңгесінен бермесе,
Өкпелейді жеңгесі.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікте жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Уыз дәмін тат, көкем.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
Менің азамат атанып, ақын болып қалыптасуыма осы «Бесік жыры» өзінің ізгі ықпалын тигізді деп ойлаймын».
Аса қадірменді оқырман! Жыр жампозы шерткен осынау бір үзік сыр біздің де көкейіміздегіні дөп басып, «Бесік жырының» ұрпақ тәрбиесіндегі орыны мен мән-маңызын жетемізге жеткізе түсіндіріп отыр деп білеміз. Ендеше, ел ертеңіне алаңдайтын, ардақты ағайын, бүгінгі күннің «бас ауруына» айналып отырған маңызды мәселеге бей-жай қарамалық. Барша келіндердің «Бесік жырын» біліп жүруіне түрткі болалық.
Әрі қарай

Көлемді видео жүктегіңіз келсе...

Жұртың көбінің видеоларды ютубтан көретіні жасырын емес. қызықты видеоларны да осы видеохостинг арқылы бөліседі. Олары дұрыс та. Себебі, көпшілікке танымал. ана жолы Омарбрат бір жазбасында (қай жазба екені есімде жоқ, әлде пікірлерінің бірінде) Ютуб-ке 15 минуттан асатын виео жүктей алмайтынын айтқаны бартын. Мен де сол мәселеге бетпе-бет жолықтым.
Бұның оңай шешімі бар екен. Бар-жоғы http://kset.kz/ сайтына тіркеле салып, қалаған видоңызды жүктей беріңіз. Жүктелу жылдамдығы да тез. Бәлкім, үйдегі провайдер жылдамдығына да байланысты болар. Салмағы 1.25 гигтік видеоны 10 минут жобасында жүктедім. Сапасы да сонша нашар деуге келмес.

Әрі қарай

Блогқұрылтай 2013 - өткізілу орны

Ассалаумағалейкүм!

Шараның алғашқы күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтеді. Бұл жайында толық бағдарламада жазылған. Екінші күні өтетін орын ретінде «Бәйшешек» лагерін таңдап отырмыз. Бүгін шымкенттік ұйымдастырушылармен бірге «бәйшешекке» барып, Сіздерге түсініктірек болуы үшін суреттерге түсіріп келдік.

Әрі қарай

Мұңды сауалнама. Қайсысымен таныссыз?

Әр жас адамның басына келетін жағдай. Жігіт бар күш-жігерін жинап, оңтайлы сәт тауып сөз айтады. Қыз қайтарып тастайды.

Осылардың қайсысы көбірек таныс сізге? Жігіттер, қай сөзді көбірек естідіңдер? Қыздар, қайсысын көп айттыңыздар?

Әрі қарай

Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Қазір Қазақстан Республикасында 3G интернет қызметін көрсететін компаниялар көп. "Қайсысын таңдаймын? Қайсысы жақсы?" — деген сұрақтар да қаптап кетті. 3G модемдер жайлы ойлап жатқан кезде, бас қалаларымызға 4G да келді. Ол әрине Altel 4g. Ал бүгінгі мақала Altelдің Алматы қаласының әр жеріндегі жылдымдықтарын салыстыру туралы болмақ. Модем туралы қайталап жазбаяқ қояйын. Ол ақпараттың барлығын «Смартшоу» редакторы Рустам Ниязов және Роман Антонов өзінің мақалаларында жазған болатын. Ол мақаларды мына жерде, мына жерде және мына жерде оқи аласыздар.

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Жылдамдық шынымен 40 Мбит/сек-ке жетеді ме? Әлде кезекті алдану ма? Міне осының барлығын тексеру үшін Алматы қаласының негізгі нүктелерін өзім аралап шықтым. Төменде мекен жай және сол жердегі Интернет жылдамдығын жазып отырамын.

Әрі қарай

Шығыс пен Батыстың аздаған (шамалы) айырмашылықтары

Негізі бұл әңгімені не үшін жазып отырғанымды өзімде білмеймін, бәлкім біреуге қызық ал біреуге пайдасы тиіп қалар оны әркім өзі білер.Әйтеуір Америка ашудан аулақпын. Менің туып өскен жерім Шырайлы шығыс өңірі ал қазір мұнайлы Батыста жүрмін нақтырақ айтқанда Ақтөбе қаласында. Я мұнда келгеніме де көзді ашып-жұмғанша 2ші жыл болыпты. «Әр жердің салты әр басқа иттері қара қасқа »-деген сөз барғой. Сол сияқты бір Қазақстанның іші болсада біздің жақтан (Шығыстан) біраз ерекшелігі бар екен. Қазақ халқының келген қонаққа ең алдымен ет асып табақ тартатын дәстүрі бар екені бәріңізге аян. Бізде келген күні түскен үйімізде қазан қайнап дастархан жаюлы екен. Әне міне дегенше ортаға етте келді жол жүріп шаршап оның үстіне аздап қарнымыз ашқаны да бар еді исі мұрынды жарып барады бірақ әлі үстелге қасық қоймады ең таңқалғаным сол болды себебі мұнда «бешбармақты қолмен жейді» екен.4 күн бойы жол жүріп келе жатқанымызданба мән бермеппін аздап тырнағымда өсіп кеткен екен сондағы қысылғанымай. Әрі бұрын қолмен ет жеп көрмеген адамға ыңғайсыз болады екен бірақ уақыт өте келе оғанда үйреніп кеттім. Мені тағы бір таңқалдырған жәйт тілдік диялектнің айырмашылығы. Адамдармен сөйлескенде осы тілдің арқасында талайды қыран топан күлкіге батырып, өзім күлкіге қалған кездер көп болды өйткені кейбір сөздер 2жақта 2 түрлі мағынада қолданылады екен. Бұрын естімеген сөздерімде бар екен ол сөздердің мағынасын адамдардан сұрап алып жүрдім. Ақыры оғанда үйрендім. Енді төменде сөздердің қолданысындағы айырмашылықтарды ұсынамын. Көпке ортақ түсінікті болу үшін орысша атауында жазып отырмын.Егер де осы сөздер арасында жіберген қателерім болса алдын ала кешірім сұраймын.
Сөздердің бірінші бағанында орысша, екінші бағанында шығысша,үшінші бағанында Ақтөбеше атауы жазылған
спичка сіріңке шырпы
стул орындық стол
подушка жастық көпшік
тақыр тықыр
тазик тегене (леген) табақ
кленка жапқыш дастархан
паутина өрмекшінің торы шалам
стена қабырға жар
чайник шәугім шәйнек
шәйнек ақман
сахар қант шекер
сестра апай апа
бабушка апа әже
мальчик ұл бала
дядя Немере аға тәте
куда пойдешь? қайда барасың? қаяққа барасың?
че делаешь? не істеп жатырсың нестеватсын
телка по третьему году (коровы, оленя) құнажын қашар
валенки пима байпақ
қуырдақ қуырмаш
жаркое қара қуырдақ қуырдақ
Бүлдірді(қуып кетті деген жаргонда) картопты жарды
Примите соболезование алдынан жарылқасын қайырлы болсын
поздравляю қайырлы болсын құтты болсын
родственник туыс тума
врач доғдыр доқтыр
скажи айт айтшейш
лук сарымсақ жуа
мало, немного аз, аздап шамалы
Естуімше басқа ұлттардың тілінде мұндай айырмашылық жоқ екен. Ал қазақ халқы қашанда қайталанбас ерекшелігімен өзге жұрттан дараланып тұрады.

Әрі қарай

Қазір интернеттегі мода немесе жастардың жиналатын орны,,

Маған ұл,қызына қарамастан интернет әлемінде әртүрлі адамдармен танысып, пікір алысқан ұнайды. Әр адам интернетті, социальды сеттерді көбіне қандай мақсатта қолданатынын білмеймін, бірақ маған жаңа адамдармен танысып,әртүрлі тақырыпта сөйлесіп, адамдардың ойларын тыңдап, содан кейін қорытындылаған ұнайды. Сонымен айтайын дегенім, осыдан біраз жыл бұрын интернетте «чат, форум» деген беттер мода сияқты еді, яғни өте көп жастар жиналып танысып, сөйлесетін. Қазір чатта да, форумда да қызу әңгіме жоқ. Тіпті ешкімге қызық емес секілді. Кейде өзің көңіл-күй жооқ боп отырғанда, сөйлесейін десең ешқандай интернетте адамдардың жиналатын жері жоқ сияқты. Мен ағылшын чатын білем, онда тек ағылшын тілін білетін бар адам бүкіл әлем түкпірінен жиналып,әңгіме-дүкен құрады.Мен арасында сөйлесем.Бірақ кейде өз тіліңде,қазақ жастарымен сөйлескің келеді.Қалай ойлайсыңдар, қазір социальды сеттен басқа қандай беттер бар? Кейде танымайтын адамдармен сөйлескілерің келсе қай сайттарды пайдаланысыңдар? Қазір чат, форумды көп адам пайдаланама? Кім қалай ойлайды? Айтып жіберіңдерші?
Әрі қарай