Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы



Ассалаумағалейкүм!

Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы (қаралай нұсқа):


БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама

1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)

9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
16.30 – «Бәйшешек» лагеріне жиналу, автобустарға отыру.
18.00 – «Бәйшешек» лагеріне жайғасу.
19.00 – кешкі ас.
19.30 – 23.00 – еркін уақыт.

2-күн
«Бәйшешек» лагері
9.00-10.00 – таңғы ас
10.00-11.00 – 4-сессия
11.00-12.00 – көже брейк
12.00-13.00 – 5 сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-19.00 – еркін уақыт
17.30 – кофе брейк
18.00 — қорытындылау, марапаттау
19.00 – қалаға қайту

Ескерту: бағдарламаға біршама өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Неге сессиялар арасы 1-сағаттан? Оның екі себебі бар:
1) Адамдарды жалықтырмау.
2) Тәжірибе көрсеткендей адамдар іс-шаралардың бейресми бөліктерінде араласуы, танысуы, сөйлесуі жақсарады. Яғни, ынтымақтастық артады. Бағдарламадағы кофе-брейктердің уақыттарының ұзақтығы және жиілігі сондықтан.

Еркін уақыт дегеніміз не? Блогшылардың оффлайнда бір-бірімен жақынырақ танысуы, жақынырақ араласуы үшін сұхбат құруы, спорттық ойын түрлерін, жарыстар ұйымдастыру, тауға шығу т.б., яғни, ұйымдастырушылардың емес, блогшылардың өздерінің инициативаны өз қолдарына алып, өздеріне қызықты нәрселерді ұйымдастыруы.

Құрылтай 23-і күні басталатын болғандықтан, 22-ші наурыз не онан да ерте келетіндерге бір қонақүйді немесе пәтерді барынша арзан бағаға бронь жасап қоямыз (әлі нақтыланады). Бірақ, ол келушілердің өз қаржысымен жүргізіледі. Яғни, келушілердің өздері төлейді. Ол үшін алдын-ала 8 778 302 73 88 (Данияр) номеріне хабарласып, нақтыласаңыздар жеткілікті.

Ұқсас посттар

15 пікір

asaubota
2 күн қонбаймыз ба не лагерьде?
Daniar-Alan
екінші күннің кешін Шымқаланың ішінде өткізсек па деген ой келіп түр. Шымқалада баратын жер көп.
Adiletshu
Мәжілісті сонша созып керегі не? Сосын кофе-брейкте тойып ішетін тамақ бола ма
asaubota
Шымкентте тамақ туралы әңгіме қозғау әбестік болады деген ойдамын.
Daniar-Alan
Мәжілісті сонша созып керегі не?
бізге ,ғой мақұл керек емес, ал жаңадан келіп жатқандарға үйрету қажет
Сосын кофе-брейкте тойып ішетін тамақ бола ма
кофе болад
e_zhalgas
сұрақтар:
1) сессиядағы бір сағатта не болады?
2) онлайн-трансляция қарастырылып жатыр ма?
3) дискуссиялық панельдер болғаны дұрыс қой, иә?
4) тіркелу қашан басталады, йопдігідік?
5) сайты болады ма өзі?
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
1) Нақтылап осы апта аяғында жариялаймыз;
2) Әрине. мысалы, А.Еркімбай ағамыз белгілі себептерге байланысты келе алмайтын болды. Сол кісімен жасасақ деген ой бар…
3) нақтылап жатырмыз…
4) бүгін-ертең…
5) әрине. пәшти дайын )
AKY
Тіркелу ашылды ма?
Daniar-Alan
техникалық себептерге байланысты ашылмай тұр. Бүгін жөнделеді деген үміттеміз
Adiletshu
презентация жасамайтындарға да тіркелу керек па
Daniar-Alan
әрине. тіркелу деген сөз — ол құрылтайға проездной билет іспетті
aza
Тіркелу демекші… сиырқұйымшақтанып кетті ғой өзі… Доон, сосын қадағалашы: ең бірінші тіркелген және ең соңғы тіркелген кісілерді біліп алшы. Маған керек, сол кісілер эфирге шығатын сияқты боп тұр че то) Бірақ, әділ болсын, таныстықпен өткіз жверу жоғынан)))
Daniar-Alan
ең бірінші тіркелетін мен ғо)) екінші деш))
Tyulpan
Кішкентай кезім есіме түсіп, мына лагерьге барғым келіп кетті ғой ))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.