Дәстүрдің естісі де, есері де бар
Дәстүрдің естісі де, есері де бар. Не айтпақпын бұл сөзбен. Қазіргі заманның есуіне сай дәстүрді қай жерде толық сақтап, ал қай кезде тек ырымын жасауға болады. Осыкүні жағдайына қарамай сол баяғы елден ұят болады, «бір баласының тойын жасай алмапты дейді» деп көп ата-ана несиеге батып той жасап жатады. Тамада, әнші-биші, фото-видео оператор, тойхана, тойдың майда-шүйдесін жасайтын/сататын кәсіпкерлер/саудагерлер үшін бұл әлдеқашан табыс көзіне айналған. Тіпті тойыңызды басынан аяғына дейін өздері ұйымдастырып беретін агенттіктеріміз де бар. Тойдан тойға жаттанды сөздерін айтып, фонограммамен аузын жыбырлатқандар ұятты бір қалтаға басып қойып, екінші қалтасына ақшасын басып жатады. Бұларды біз әрине кінәлай алмаймыз, «есектің артын жусаң да мал тап» деген, бұл сөзді әркім әрқалай түсінеді ғой. Жә, айтпағым тойда қызмет ететіндердің тірлігі емес еді, айтпағым той иелері мен себепкерлерінің жағдайы еді. Қазақ елінің өзінде тойды әртүрлі жасайды, мысалы, оңтүстіктегі тойларға өзім қатыспасам да, ондағы тойлар мен үшін ең үнемді секілді, яғни той өзінің жағдайын басқалардан кем еместігін көрсету үшін емес, риясыз қуанышпен жастар үшін, солардың жаңа өмір бастап жатқандағы жаңалығын елмен, тума-туыспен бөлісу үшін жасалатын сияқты. Данияр Аланның бір постын оқып байқағаным, онда ері де, әйелі де тойдың шаруасына ат салысады, ұйымдастыру жағы оңайырақ сияқты. Шығыс, солтүстік, орталық Қазақстандағы тойлар туралы ештеңе айта алмаймын, тек орталықтағы қазақтар етті өте көп асатынын білемін.
Енді өзім тұратын батыстағы тойларға келсек. Тойға шақырылатын адма санынан бастасақ, Ақтөбе, Орал өңірлерінде кемінде 60-100, ең көбі 250-300 болып қалады, Атырау жақта 500-ге дейін барады. Енді бұл тойлар қалай жасалатынына көшсек. Бірегей есті жігіт, қыз, ата-ана болмаса, әрине алдын ала ақша жиналмайды. Екі жақ та әйтеуір бір-бірінен қалыспас үшін қарыз сұрайды, орайы келмесе, біздің жомарт банктерден несие алады. Ол несиесін артынан пайызымен қалай қайтаратынын біреуі ойласа, екіншісі «үйтіп-бүйтіп құтылармыз», «тойдан түскен ақшамен жабармыз» деп, не керек алады сол несиені.
Содан енді құда түсіп, қалыңдыққа сырға салу керек. Біреулер арзандау сырға тағады, біреулер «ойбай ұят болмасын, бәленшенің қызына/келініне гаухар тағыпты» деп гаухар тасы бар сырға да салып жатады.
Қыз оңтүстіктен болса, әрине қалың мал сұралады (мүмкін бәріне емес те шығар). Жігіт жақ амал жоқ береді, бірақ іштей жақтырмайды бұл салтты және ол не үшін жасалып жатқанын да онша түсінбейді, «құдаларымыз ақшаға құныққан», «қызын сатты» дегендер де табылады. Сұрағанын бермегені үшін қызын бермей қойғандар да бар.
Бұл қуаныштың келесі кезеңі қыз ұзату. Бұл орайда «есті қыз қашып кетеді, ессіз қыз шашып кетеді» деген заманның нақылын айтпай кетпеу болмас. Бұл жерде меңзеліп тұрған қыздар ата-анасының келісімімен немесе онсыз да қашып кетеді. Өздері жұмыс жасап, жүгін жинап, ата-анасына салмақ салмай кететіндері де бар. Немесе той жасатпай-ақ, бата шай ұйымдастырып, үлкендердің батасын алып қана кететіндер бар. Бірақ ата-ананың көбісі қып-қызыл шығынға батып, той жасап, сол тойдың шығынына парапар ақшаға жүгін жинап ұзатып жібереді. Ал біреулері тіпті қызына несие алғызып, сол несисін мойнына асып ұзатып жібереді. Ұзату тойының өзінде бас құдаларды қинайтын жеңгелер де қарық болып қалады. Қыз алдын ала «көп қинамаңдар» деп ескертсе, бас құдалар оңай құтылады. Ұзату тойында сыңсу айтылып, жеңгелері күйеу жігітке қалыңдығын тапсырып жатса, кейбір тойларда батысқа еліктегендік пе, әлде басқа бір себептермен әкесі тапсырып, одан қалды қыз-жігіттің артынан гүл күлшелері шашылып жатады. Сөйтіп аман-есен, кейде ұрыс-төбелеспен қалыңдықты алып қайтады.
Бұрын келін түсіру тойына қыз жақтан тек жеңгелері мен анасы келсе, қазір еркек араласқан делегация келеді. Сонымен беташар басталады. Бұл салт енді бөліп жарып айтуға тұрады. Жалпы беташардың мақсаты келінге өсиет айтып, қайын жұртымен таныстыру еді. Осы постты жазбас бұрын беташар кезінде ақша салу туралы ойламаппын, маған әдеттегідей көрінетін. Енді ойлап отырсам жалпы ақша салу қайдан шыққан? Қысқасы әдемі, мәнді салтты коммерциялық есер салтқа қалай айналдырып жібергенімізді де байқамай қалдық. Сонымен жеріміздей шетсіз, шексіз тосттармен, ән-бимен, оған ақша шашумен, кейде тамаданы тыңдамай кетіп, гу-гу шумен той да өтеді.
Келесі күні тәтті шай немесе келін шай аталып кеткен жиын басталады. Оның мақсаты… тіпті оның мақсаты қазір не екенін білмеймін. Келінді сынау ма, оған ақыл-кеңес айту ма, әлде оның жүгін қарап, соны басқа келіндердің жүгімен салыстырып, ауыз көпірту ме түсініксіз.
Бұл жиынның артынан киіт кигізу рәсімі басталады. Бұл енді бөлек әңгіме. Кейбіреулер алдын ала киіттеспейміз деп келіссе, кейбіреулер өздеріне өзі сатып алып, киіттесу кезінде тек алмаса қояды (менің ойымша екеуі де табылған тәсіл). Ал енді көпшілігі тума-туыстан асамын деп пе, әлде солармен бәсекелесу үшін бе алтын, гаухар, құндыз тон, тағысын тағыларын кигізіп жатады. Егер құдалар жақтан соған сай жауап болмаса ол үлкен әңгіме, «көрген кісілерден ұят» болып, ақыр аяғында құдалар ренжісіп, араласпай да қоюы мүмкін.
Сонымен сонша қаражат, уақыт, күш жұмсалған әуренің бәрі текке жасалғандай.
Қорытындылай келе сақтағандай болған дәстүріміздің бізге тиетін пайдасы:
1. Тума-туыс бір жиналып, қауышысып қалады.
2. Туманың бірлігі, ұйымшылдығы немесе алауыздығы білінеді.
3. Көңіл көтеріледі, тілек айтылады.
Тап қазір көріп отырған артықшылықтар осы ғана.
Кемшіліктер:
1. Үлкен ысырап. Той иесі жақтан қаржы да, ас та ысырап болады. Қонақ жақтан беташарға, сыйлыққа (берген қаражат бәрібір жөнімен жұмсалмайды, не несие жабуға, не тойдан кейінгі жиындарға жұмсалып, жастарға жетпейді де), әнші-бишіге шашуға, әйелдер жағына киетін бір күндік киімге (келесі жиынға оны енді кие алмайды, өйткені бәрі көрді) қаржы ысырап болады.
2. Мойында қалатын қарыз. Алған несиені қайтару үшін кемінде үш жыл қылқынып, ауыздағыны жырып болса да, несиені өтеуге тура келеді. Ал несие алған ата-ананың табысы кеміп, тағы бір себептер болса, онсыз да үйсіз жүрген жастар төлейді.
3. Әңгіме-өсек. Той, киіт, сырға, қалың мал, жүк, дастархан жайлы теріс пікір аралас әңгімелер кімнің болса да жүйкесін жұқартатыны, кейде құдалардың бір-біріне қыр көрсетіп отыруының, тіпті сөзге келіп қалуының себебі болатыны анық.
4. 100-500 адам болған тойда некелесіп жатқандар бәрібір ешкімді танып үлгермейді. Сол қырғын адамның ішінде тойға дейін ешқашан көрмеген, одан кейін де көруі екіталай болатындары қызық.
Бұл келеңсіздікті жоюдың тек бір жолы бар: ол жұрттан қалмаймын (өнер қууда, еңбек етуде, білім алуда жұрттан қалмай-ақ қойсын) деген түкке керек емес ойдан арылу.
Әрине мүлдем ешкімге хабарламай үндемей үйленіп алу керек дегім келіп отырған жоқ. Тек көрпемізге қарай көсілсек қайтеді? Бұның жолдары:
1. Ата-анаға, жалпы ешкімге несие алғызбау.
2. Мүмкіндігінше баланың тойына, жүгіне ертерек бастап қаржы жинау. «Жетіден бастап жинасаң жетеді, алтыдан бастап жинасаң асады» деп текке айтылмаса керек.
3. Қалың мал, сырға, киіт, жүк туралы болашақ құдалар алдын ала жағдайын бүкпей келісіп алу.
4. Тек араласатын ең жақын адамдарды шақыру.
5. Беташарда ақша салуды/алуды тыю.
6. Екінші тармаққа альтернатива ретінде жиналатын кісілер алдын ала сыйлығын беріп, сол қаражатқа шағын той жасау.
Әзірге ойыма келіп отырғаны осы, өзіме де утопия сияқты көрініп отыр, дегенмен тырыссақ, қол жеткізуге болады.

Бір қосарым: мейлінше құдалықты ортақ бір мейрамханаға жасатпау керек. Іри-тіри болып кетеді, бас құдалар ғана жүгіріп жүреді, бір жағына салмақ көп түсіп кетуі мүмкін (жігіт жаққа), ортақ тойда ақша да ортақ болады, ақша жүрген жерде гүбір-гүбір әңгіме де болады.
Өзім өмірде бір-ақ рет болатын тойым жақсы деңгейде өткенін қалар едім.Бірақ ақша жинай алмаймын))))Ата-анамнан алмай,өзімді-өзім қаржыландырғаныма да рахмет деп өмір сүріп жатырмын)
өмірде ақылға сыймайтын, түсініксіз нәрселер көп.
той жасап, көп халықты ырза қылып, үлкендерің батасын алып, екі жасты үй қылу үлкен ғанибет нәрсе. бірақ сыртқы формасына ғана мән беріліп, ішкі мағынасына үңілмейміз.
Ал қалың мал, көрпе-төсек, жасау, қыз соңынан киімін апару дегендерді өз басым қолдаймын, сөбебі бұл халқымыздың жас отаудың аяқтан тұрып кетуі үшін ойластырған тамаша дәстүрлерінің бірі.