Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Қазір Қазақстан Республикасында 3G интернет қызметін көрсететін компаниялар көп. "Қайсысын таңдаймын? Қайсысы жақсы?" — деген сұрақтар да қаптап кетті. 3G модемдер жайлы ойлап жатқан кезде, бас қалаларымызға 4G да келді. Ол әрине Altel 4g. Ал бүгінгі мақала Altelдің Алматы қаласының әр жеріндегі жылдымдықтарын салыстыру туралы болмақ. Модем туралы қайталап жазбаяқ қояйын. Ол ақпараттың барлығын «Смартшоу» редакторы Рустам Ниязов және Роман Антонов өзінің мақалаларында жазған болатын. Ол мақаларды мына жерде, мына жерде және мына жерде оқи аласыздар.

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Жылдамдық шынымен 40 Мбит/сек-ке жетеді ме? Әлде кезекті алдану ма? Міне осының барлығын тексеру үшін Алматы қаласының негізгі нүктелерін өзім аралап шықтым. Төменде мекен жай және сол жердегі Интернет жылдамдығын жазып отырамын.



Маршрут:

1. «Спутник» Сауда және Ойын-Сауық Кешені

2. «АДК» Сауда және Ойын-Сауық Кешені

3. «Мега» Сауда және Ойын-Сауық Кешені

4. КазҰУ-нің жатақханасы

5. Көктем 1 ықшам ауданы

6. «ХАТУ» (IITU). Жандосов және Манас көшелірінің қиылысы

7. Төлеби және Сейфулин көшелеірнің қиылысы

8. ЦУМ, Арбат

9. Алматы — 2 Қазақстан Темір Жолы вокзалы

10. «Сайран» Авто Вокзалы, «City +» Сауда Орталығы

11. Family Park, Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысы

Өлшемдер (Критерий):

1. Speetdets.net сервисі арқылы тексерілген жылдамдықтын суреті

2. Ішкі ресурстардағы жылдамдық (files.neolabs.kz)

3. Сыртқы ресурстағы жылдамдық (rghost.ru)

4. Жүктеу жылдамдығы (upload)

5. Файл салмағы: 20 Мбайт (интернетте тегін таралады)

// files.neolabs.kz және rghost.ru файл алмастыру сервистерін таңдаған себебім, екеуі де, менің білуімше, шексіз жылдамдық бере алады.

Бастамастан бұрын қойылатын ең бірінші сұрақ: "Қамту аймағы".

Altel жаңадан келген оператор болғандықтан толық Аламты облысында емес, әзірше тек қана қаланың көлемінде жұмыс жасайды.

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Ал енді маршрутымызды бастайық!

1. Ең бірінші болып тізімді бастайтын «Спутник» Сауда және Ойын-Сауық Кешені.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

2. «АДК» Сауда және Ойын-Сауық Кешені.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Осы жерде көзімді бір екі рет уқалап алдым. Себебі сене алмадым. Әбден мегалайнның жылдамдығына үйреніп қалғанмын, мынаны көргенде «Шок» болдым. Жылдамдық өте керемет! Әзірше жақсы келе жатыр.

Әрі қарай кеттік…

3. «Мега» Сауда және Ойын-Сауық Кешені.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Мега-дағы көрсеткіш осылай. Жеке менің ойымша Мега-ның Wi-Fi жылдамдығынан әлде қайда жоғары. Дегенмен өздеріңіз таңдап көрерсіздер.

4. КазҰУ-нің жатақханасы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Speedtest-тің айтуы бойынша жылдамдық шамамен 32 мбит/сек. Көрсеткіш жаман емес. Шынымды айтсам бұл көрсеткішті көріп қатты таң қалдым. Сенбей 2,3 қайталап тексердім. Нәтиже өздеріңіз көріп тұрғандай.

Ал енді әрі қарай жолымызды жалғастырайын.

5. Көктем 1 ықшам ауданы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Көктем 1 ықшам ауданында да модем жақсы көрсеткішке ие болды. Бірақ сыртқы ресурстарға жылдамдық сәл төмендеу. Файл алмасу сервисінің кінасы болуы мүмкін. Басқа сервистің көмегімен тексерген кезде 500 — 600 кбайт/сек жылдамдықты көрсетіп тұрды. Алаңдауға себеп жоқ.

Кеттік әрі қарай…

6. «ХАТУ» (IITU). Жандосов және Манас көшелірінің қиылысы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Өзім оқып жүрген ЖОО.  Жылдамдық көңілімнен шықты. Кескінде көрсеткендей жылдамдық әбден көңілге қонарлық. Ақпараттық технология саласында жұрген студенттерге өте керекті қосымша болды. Қысқасын айтқанда, жақсы шешім табылды.

7. Төлеби және Сейфулин көшелеірнің қиылысы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Осы көшелердің қиылысында орналасқан оқу орындары немесе жұмыс орындары интернет жайлы уайымдамаса болады екен. Altel 4g жылдамдығы керемет.

8. ЦУМ, Арбат.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

9. Келесі кезекте Алматы — 2 Қазақстан Темір Жол вокзалы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Рекорд! Мен аралап шыққан жерлердің арасында ең жоғарғы көрсеткішке ие болған Алматы — 2 темір жол вокзалы.

Бұл жерде де көп болмай, маршрутымызды жалғастырып кеттім…

10. «Сайран» Авто Вокзалы, «City +» Сауда Орталығы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Жылдамдық салыстырмал түрде жоғары емес. Бірақ басқа операторларға қарағанда бәрібір ұтып тұр.

11. Family Park, Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысы.

Speedtest.net сервисінің көрсеткіші:

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Маршрут осымен, әзірше, бітті. Алматы үлкен қала, сол себепті толық аралап шығу үшін бірнеше күн керек.

Міне, 4g осындай көрсеткіштерге ие болды. Мен ойлағаннан жақсы деңгей көрсетті.

Қорытынды.

Қорыта келе, салыстыру үшін, үйімде Megaline, Drive тарифімен тұрған интернет жылдамдығын көрсетейін

IT information: Altel 4g. Қаладағы 4g интернет жылдамдығы қандай екен?

Көрсеткіштерге байланысты Қазақстандағы инетрнеттің тез дамып келе жатқанын көруге болады. GPRS, EDGE, 3G енді бүгін 4G де келіп қалды. Тағыда қайталаймын. жеке өзімнің көңілімнен шықты. Мақтауға тұрарлық. Сатып алуды ойлану да керек емес. Altel компаниясының сәтті болатынына күмәнім жоқ.

Altel компаниясынан, мүмкіндік бар болып тұрғанда, сұрайтыным, қамту аймағын үлкейту! DIJI секілді тек қалада қалып кетпесе болғаны. Сенеміз, күтеміз, үміттенеміз.

Егер де тізімде жоқ жерлерден көрсеткіштеріңіз болса, пікірде қалдыруларыңызды сұраймын.

Оқығандарыңыз үшін үлкен рахмет!

© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін,
SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін "«АЛТЕЛ» АҚ"-на алғысын білдіреді.
Бөлісу:

16 пікір

Olzhass
Өте танымды пост екен, бірақ осындай посттар үшін орфографиялық қателер жіберуді азайтсаңыз өте жақсы болады. Ювидегі посттарыңызда да осы жағдайлар орын алған. Ең маңыздысы ақпарат түсінікті болғанымен, тіл тазалығын сақтағаныңыз дұрыс болады.
Alisher
Әрине, ұзақтау пост болғандықтан қателер кетіріп аламын. Егер қиын болмаса, қандай қателер көп орын алатынын пікірде жазып жібере аласыз ба?
Olzhass
қатені шылаулардан жібересіз. Уақытша нәрсе деп үміттенемін. Осылай ізднгеніңіз мақтауға тұрарлық деп білемін
Alisher
Үлкен рахмет! ИТ маманы болғандықтан қателер кетіп жатады, айып етпеңіз. Уақыт өте келе дұрысталады.
nurkanibek
Тағы қандай қалаларда бар?
Hetrou
diji менікі. Әзірге көңілімді қалдырып көрген жоқ.
edige
Ала салғым бар менің де… Жарнамадағы суреті ұнамады...
beka95
ого, жылдамдығы көз қуантарлық)
Erkekyz
0,24 мбит/с
Осындай жылдамдықпен кіріп отырмын инетке. Жльядым постты оқып, жльядым
konvict
Айына қанша төлеп отырасың?
Alisher
айына 3500, немесе 3 айға 3500, осыны онша түсіне алмадым негізі. Және Лимитсіз дегені бар 4500 тг
edige
лимитсіз болмаса 1 ГБ активацияның өзімен жоқ болды.
4500-дің жылдамдығын сынап көрген мумин бар ма екен арамызда… 9000-дықтың да?
rymbek
Жылдамдығы әрине жақсы, ID Net Turbo-ны соған алмастырам ғо деп ойлап отыр едім негізі (Ақтөбеге келсе әрине), бірақ тарифтері ұнамай қалды, осындай жылдамдықпен 10Гбайт немесе 99Гбайт өте аз. Менде ешқандай шектеу жоқ, дым ойламай көшіре бересің, тек алып жүре алмайсың да
sigma
Шындығына келгенде Спидтест не тағы басқа интернет өлшеуіштер қате көрсетеді.
Сіз көрсетіп отырған ішкі және сырқы ресурстардан жүктеу жылдамдығы реалға жақын деп түсінген дүрыс болар. Сонда сіздің ізденісіңізден мынандай қорытынды түюге болады:
Ішкі ресурстар үшін максимал жылдамдық 5мбайт/с ол дегенің 40мбит/с
сыртқы ресурстар үшін максимал жылдамдық 900кбайт/с ол 7.2мбит/с
орташа жылдамдығы 23 мбит/с
edige
Дұрыс… Jet3g-імнің антенасы экраныма сыймай тұрған сияқты болғанымен, майлдан басқа ештене ашпайды.