Сүйікті футболшыңды өтірік құлай қалған, жарақат ала салған малдың кесірінен қызыл картамен алаңнан қуып жіберіп, «сукі, өлтірем!» деп, экранға жұдырығыңды түйгендердің ішінде барсың ба?
Астана қаласында 29.06.2013 жылы (сенбі күні) сағат 8:30 «Алатау» спорткомплексінде журналисттер арасында футболдан турнир өтеді. Керекинфолықтардан құралған команда да қатысады. Келеміз қолдаймыз!
Барыс хоккей клубы өткен маусымда спортшыларға 2 млрд 600 млн теңге жалақы төлеген. Сенбесеңіз Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтына барып келіңіз. Тайға таңба басқандай қылып жазып қойыпты.
Өзім көрген көпшілікке арналып даярланған палаудың пісу ретін ұсынғым келіп отыр.
Бірінші тамақ даярлайтын кезде не істейді? Қарайды. Қазанды орналастырып, пісте май құйып, қыздырады.
Етті ірі етіп бөлшектеп дайындап алады.
Өмiрдiң мәнiн кiм бiлген
Бiр күнiм ұқсас бiр күнмен
Таң атса күннiң батарын
Бiлсем де бейқам жүрдiм мен
Тағы да мiне, таң атты
Шапағын тегiн таратты
Манаурап естi жиғанша
Масайрап мезгiл барады
Қ-сы:
Таң атса болды, күн батты
Ұршығын мезгiл зырлатты
Құс қанат менiң ғұмырым
Қанатын тағы бiр қақты
Тұсаудай тұтам тiрлiкте
Тентiреп текке жүрдiк пе?!
Жойылып жерден кетер ме ек
Жобасы түскен бiр нүкте
Не алдым елге, не бердiм
өтеусiз бе едi келер күн
Қырандай баулып өсiрген
Халқыма ендi не дермiн?!
Сэр Алекс Фергюсон осы маусымның аяғында жаттықтырушылық карьерасын аяқтайтын болды. Шындығында, Сэр Алекстің әйтеуір бір күні кететіні анық еді (Шотландтық болғанмен Дункан Маклауд емес қой).
Бапкер 2002-жылы отставкаға кетпек болды. Алайда, ол маусымда Манчестер Юнайтедтің трофейсіз қалуы Фергюсонды шешімін өзгертуге мәжбүр етті. Оған мың тәубе. Өйткені, одан бері Сэр Алекстің командасы ішкі чемпионатты 6 рет ұтып алды.
Жалпы, МЮ бапкері ретінде Сэр Алекс Фергюсон қырыққа жуық трофей жеңіп алыпты:
Ағылшын премьер лигасы: 13 (1993, 1994, 1996, 1997, 1999, 2000, 2001, 2003, 2007, 2008, 2009, 2011, 2013)
Чемпиондар лигасы: 2 (1999, 2008)
Англия кубогі: 5 (1994, 1996, 1999, 2004)
Ағылшын лигасының кубогі: 4 (1992, 2006, 2009, 2010)
Комьютинити Шилд (Суперкубок): 10 (1990, 1993, 1994, 1996, 1997, 2003, 2007, 2008, 2010, 2011)
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 1 (2008)
Европа суперкубогі: 1 (1991)
Құрлықаралық кубок: 1 (1999)
Кубок иегерлерінің кубогі: 1 (1991)
Негізі Сэр Алекстің бір күні болмаса бір күні кететініне көптен бері дайынмын. Бірақ, сонда да бұл хабар жай түскендей естілді. Келесі маусымнан бастап, ол алаңның шетінде сағызын өршелене шайнап тұрмайды, арбитрлерге әлденені дәлелдеп айқайламайды, ойыннан соң баласындай футболшыларды құшақтамайды. Ол енді Бобби Чарльтонмен бірге трибунада отырады. Біртүрлі жараспайтын сияқты. 70-тен асса да айбары мен қуаты қайтпаған Фергюсон әлі де талай жас бапкерді шаңында қалдыра алады. Мен оған сенем. Бірақ, оның карьерасын осылай чемпион ретінде аяқтағанына қуаныштымын.
9-мамыр vs 7-мамыр!!! ҰОС, Ұлы жеңіс, Азалы күн, қаралы күн. Талас-тартыстан құлақ тұнған бір күндер болып жатыр. Біздің биліктегілер Қазақстанның әскери күштерінің құрылған күнін 7-мамырға белгілеуінде бір мән бар сияқты. Қанша жерден сол билікті жерден алып, жерге салуға құмар болсақ та, кейде өзіміздің ақылдырақ екенімізді көрсету үшін ғана сынай салатынымызды мойындасақ та, осы жолы бастары қатты істеп кеткен меніңше. Бұл дегенің кейінгі ұрпақтың санасынан 9-мамырды біртіндеп аластап, Нағыз әскери — патриоттық мейрамның көлеңкесінде қалдыру әрекеті. Бұрынғы жылдары 7-мамыр 9-мамырдың көлеңкесінде қалып жатса, биылдан бері күнтізбеде қызыл түспен боялып, өте үлкен әскери шеру ұйымдастырды. Оны барлық мемлекеттік арналардан тікелей эфирде таратты. Өз басым айналамдағы біраз адамдардан — шеру 9-мамырда болатын сияқты еді ғой, сонда ол күні болмайды ма, әлде екі шеру болады ма — деген таң қалған сөздерді көптеп естіп жаттым. Барлығы дерлік саясаттан алыыыыс адамдар. Дәу көршіден жасқанғанымен біздің бастықтар (Әлихан Бәйменов мырза өзі кешірсін!!! ) астыртын, ақырындап отарсыздандыру саясатын жүргізіп жатыр. Қолдаймын! Түбінде 7-мамыр жеңіп шығады деп үміттенемін. Бір ғана минусы бар- қазіргідей 9-мамырға 4 күн демалмаймыз
«Бауырым қалайсың?», «бауырым не істеп жатсың?» «бауырым...» деген сөзді күнделікті өмірде көп қолданамыз. Бірақ шын мәнінде олардың барлығы сенің «бауырларың» ба? дегенге көз жүгірте бермейміз. Бір ата-анадан туылғандар ғана шын мәнінде бауырлар деп есептеймін. Бауыр дегенің туысқандық жақындықтың ең жоғарғы сатысы деп түсінемін. Алла шүкір отбасында 5 жанбыз. Мен негізі отбасында 4-ші, ұлдардан ортаншысы боламын. Менен кейін, отбасымыздың кенжесі Нұрқаділ деген інім. Бүгін осы інім жайында жазсам деп отырмын.
Отбасы тәрбиесінде тете өскен балдардың бірі-біріне бауырмашылдығы жақындау болады, өзгесімен салыстырғанда. Кішкентайымнан артымнан ерген інімді ұрмақ түгілі, қатты ұрсуға да қимайтын едім. Ия, бір ғана сәт есімде, мектеп оқып жүргенімізде 3-4 ші сынып кезі болса керек, ауылда ауызашар өткізетін болдық. Ол уақытта қасиетті рамазан айы қыс мезгіліне сәйкес келетін. Інім екеуміз түстің кезінде үйге жағатын отын дайындап жатып, бір нәрсеге жұмсағанымды айтқан тілімді алмай қойып, ұрып жылатып қойғаным бар. Сонда інімнің «мен саған не істедім» айтқан сөзін естіп, енді қолымды көтермеспін деп өзімен серт берген едім. Жаным ашығаны сондай өзімнің де көзіме жас келіп еді.
Мектеп кезінде, басқа балдар сияқты ойын десе ішкен асымызды тастай сала кірісіп кететінбіз, бірақ әкеміздің кешке ұрысатын сәтінен қорқып, сабақтан келе салып, малдың астын тазалап, отын бұтап, майда-шүйде үйдің шаруаларын бітіріп тастап, кететінбіз ойынға. Мен 9 сыныпқа өткен кезімде, (2002 жылы) СЕГА сатып алдық. Содан күздің уақытынан басталған сега ойынымыз қысымен жалғасып, көктемде тоқтадық. Сонда да ініміз екеуміз жаңағыдай, кешкі асымызды апыл-ғұпыл іше сала, салқын болғанын қарамай үлкен залға кіріп алып, сега ойнайтын едік.
Үйдегі кішкентайлары біз болғандықтан, ағам, әпкелерім қалаға оқуға кеткенде, үйде анамыздың шаруасына қолғабыс тигіздік. Үйді мен сыпырсам, полды інім жуады. Палау істейтін сәбізін ашып, екеуміз турап береміз. Қонақ келсе, көрпе салып, дастарқан жайып, шайға дейін демдеп береміз. Пельмен түйіп, әйтеуір барынша анамызға көмек қолын созып тұрдық.
Осылай жүріп ер жеттік. Әрине айтқанға оңай, бірақ, тағдырдың бізге бізге жазған қиындықтары алдағы өмірімізде күтіп тұрған екен. Екеуміздің студент шағымызда Әкеміз қайтыс болды. Әрине оңай болмады. Мен оқудан кейін, әскерге кеттім. Әскрге кетіп бара жатқанымда інім шығарып салуға келмепті, өйткені, көңілім босайды деп. Әскерде жүріп, інімді қатты сағынатынмын. Кейде қолыма сотка түсып қалғанда, інімнің нөміріне смс жазып тұратынмын.
Кейде маған көңілі толмай қалса, ұрысып та алады. Әйтпесе, былай жасасай деп айтып отырады.
Студент кезімде, үйге достарым, сыныптас қыздар да келіп тұрады. Сонда бірінші інімді көріп, «Дарын сен ба? Қалайсың?» деп амандасса үндемей, жымиып қана амандасады екен, Кейін маған айтып отырады, «мә, інің екеуің қатты ұқсайсыңдар» деп. Тіпті, кей қыздар ініме "ғашықпын" деп айтып жатады. Саған қарағанда красавчик екен деп. Жолдас балдарым айтады, "ініңді көріп Дарынның бойы шөгіп кеткен ба, бойы осындай кіші ме еді" деп ойланып қаламыз деп.
Сөйткен інім де қазір жасы 23 ке толып, оң-солын ажыратып, жұмысқа араласып, ертең кім боламыз, не істейміз деп, үлкен азамат болып келе жатыр. Аллаға шүкір деймін осыған да. Ең бастысы бауырларымның амандығы. Ауызбіршіілігі жоқ үйде береке деп тұрақтамайды деп, отбасымызда жоғын толтырып, барға қанағат етіп, ел қатарлы күн кешіп жатырмыз. Мына фото 04,05,2013 жылы Алматыдан келген күні кешкісін түстік. Қазір, түрлі жағдайларды естіп жатамыз. Алла білгенімізден жаңылдырмай, інімнің, және өзім жақсы көретін барша отбасы мүшелерін, бауырларымның бақытты өмір сүргенін қалаймын!
Әлі күнге дейін мүйізтұмсық мүйізінен жасалынған ыдысқа у қосылған шарап құйылса бұрқылдап қайнайды, мүйізден жасалынған ұнтақ ауыр толғақ кезінде оңай босануға көмектеседі, оба ауруын емдеп жазады, адамды жасартып, терісін балғын етіп, бет жүзінің әжімін кетіріп, ең бастысы еркектің қуатын қалпына келтіріп, күшіне күш қосып айғыр етеді деген сенім бар, наным бар, қысқасы сондай соқыр дүмшелік бар. Осы себепті де мүйізтұмсықты аулап, мүйізін жұлып, не қырқып алып, одан қанжарға сап жасап, не ішін ойып қуыс етіп, шарап құйып ішеді, ал бұтағы оянбай қиналып жүрген бейбақ болса, мүйізін ұнтақтап күнде ішеді. Сонымен, әлем халқы, соның ішінде Орта Азия тұрғындары, араб елдері әсіресе Қытай медицинасы құдайдай көріп, сеніп келген мүйіз расымен де сонау мифологиялық кейіпкер Дарамүйіздің (единорог) ұрпағы ма?
Мүйізтұмсықтың мүйізі-ешқандай да сүйекті зат емес, талшықты зат. Бір-біріне қабыса,өріле, тығыз бірігетін кератин депи аталатын талшықтардан құралады. Көшеде кеуіп жататын аттың тұяғын көргендер бар шығар. Сондағы ат тұяғының неден тұратынын білген адам мүйізтұмсық мүйізінің де құрамын біледі. Ат тұяғы не, мүйізтұмсықтың мүйізі не, екеуі де бір құрамға ие, кератин деген заттан тұрады.