Түкіргенім бар мұндай имиджіңе

Барыс хоккей клубы өткен маусымда спортшыларға 2 млрд 600 млн теңге жалақы төлеген. Сенбесеңіз Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтына барып келіңіз. Тайға таңба басқандай қылып жазып қойыпты.


Айтылған соманы команданың 36 ойыншысына теңдей бөліп бергеннің өзінде әрқайсысы ай сайын 40 мың доллардан алған. Алайда, спортшылардың жалақысы бірдей емес. Мәселен екеуінің маңдай тері айына 120-150 мың доллармен бағаланған. Ең төмен дегенінің өзі айына 10-15 мың доллар алғанына күмәнім жоқ. Ах, иә, жаңағы 36 хоккейшінің жартысынан көбі шетелдіктер. Қай қайсысының да мұрты майланып жүр-ау, бірақ, дәл осы жерде де қазақстандықтардың жалақысы әлдеқайда төмен екені сөзсіз.

«Барыс» өткен маусымда 26 команданың ішінде 10-орынға тұрақтады. Ал, жалақы көрсеткіші бойынша 11-орында. Ең көп еңбақы төлейтін клубтар «Ак Барыс», «Салават Юлаев» және СКА. Бұлардың әрқайсысы шамамен 32 млн доллардан жұмсаған. Бірақ, оларда ең болмағанда спорттық көрсеткіш бар ғой.

Бұл тек жалақы. Команданың ұшуына, керек-жарақпен қамтамасыз етілуіне қанша кетіп жатқанын құдай білсін. Бүгінгі курспен нақты есептесек, орыстың 565 122 114 рублі 17 628 816 доллар немесе 2 644 322 400 теңге. Бұл ақшаға не істеуге болады? zakupki.kz/ сайтын шолып қайтайық.

Жаңаөзенде жылуэлектр стансасын өңдеп, кеңейтуге болады


Астанада көп қабатты тұрғын үй тұрғызуға болады


Аягөзде мектеп салуға болады. Тіпті 8 (!) мектеп салуға болады


КХЛ сайты қателесіп, жаңсақ ақпарат ілген шығар деп үміттенгім келеді. Әйтпесе, мынадай кейін «Барыстың» демеушісі ҚТЖ-ның басында есі түзу адамдар отыр дегенге сену қиын. Шындығында клубтан пайда көріп отырғаным шамалы. Имидж дейсіз бе? Түкіргенім бар мұндай имиджіңе!
Бөлісу:

30 пікір

Daniar-Alan
әдетте мұндай сомалар конкурстарда жүреді. Конкурстар бағаның түсімі бойынша жеңімпазды анықтамайды  Очм, теңге жеу )) Тараздық әкімшілігі да құр сайт ашу үшін ұмытпасам 60 млн. теңге бөлінгенін көзім шалды  Хе, Қазақстанда теңге жоқ дейсіңдер…
torgai
Ауылдағының аузы сасық. «Барыс» — өз жастарымызды, өз ұландарымызды хоккейге үйрету үшін ойнауы керек. Оның орнына шетелдіктердің желбауын толтырып жүр ғой. Сол «Барыс» жеңіп жатса да қуанбайтынның бірі менмін.
Armanjan
Марко соңғы кезде көп түкіретін боп кетіпсің ғой.
Marco
Опик болып кетпесем жарар еді деп қорқып жүрмін өзім де)
neoaskar
көп түсірсе көл деген ғой
Aya
Иә, Аягөзде мектеп салуға болар еді «Бозтаев» атындағы мектеп те, жыл сайын ҰБТ тапсыратын гимназия да тозығы әбден жетіп тұр.
Aidakonya
бұл көрсеткіш балаларыңызды спортқа беруге жігерлендіруі тиіс қой))денсаулық қана емес, сондай-ақ қаншама ақша десеңші)))
Негізі Қытай елінің саясаты дұрыс, естеріңізде ме олимпиада да тек алтын алған спортшыларға ақшалай сыйлық берген, тіпті күміс пен қоланы нәтиже көрмеді
Marco
Дамытатын болса дамуға потнециалы бар спорттар жеткілікті ғой. Сол волейболды-ақ алайықшы. Жалпыхалықтық күш алып кете алатын ойын.
Daniar-Alan
Өз айлығың қанша Гүжігім
Aidakonya
рахмет жақсы)) біздер мен сіздерге жетіп қалады)
Daniar-Alan
Aidakonya
Әрине қымбат — аз тауарға сұраныс көп болады да бағасы шарықтайды ғо)
Daniar-Alan
Өзіңізді тауармен теңестіргеніңізбен келісем  Сатваламыз
Aidakonya
дәл қазргі клубтағы бағам айына 10-20 мың доллар шамасында, осыдан 10 есе артық төлесеңіз ойланайын
Daniar-Alan
200 000 у.е.-ға мен шымнан 200 қыз ала алатынымды білесіз бе сіз?
Adiletshu
Барыс клубы жабылсын! Орнына тұрғын үй, мектеп салынсын!
asaubota
футболға кетіп жатқан шығын да көп, әкеліп жатқан нәтиже жоқ. олардың да айлықтарын бір тексеріп, футболды қазіргі жақсы жұмыс сипатынан бұрынғыдай спорт сипатына әкелу керек деп ойлаймын.
torgai
Ауылға барып келдім. Шағын футболда балалар допты жақсы тебеді екен. Стадиондар салғанша, әр ауылға бірнеше футзал соқса болар еді. Пайдасы көбірек болатын сияқты.
temir1986
Түкірмек тұрмақ қақыру керек қой ондай имиджге.
Ispek92
Сонда кризис қайда және неге болып жатыр әлемде?!
suleimenuly
Жол жүру билеттері неге қымбат десем, барыс жұтып жатыр десенши біразын
nurbergen_makym
Енді, лібә, мүмкіндік болса, мұндай «мал халықтан» мен де тиын сындырвалар едім
Marco
Кет, епті, дәруіш
zholantai
«откат денег» деген осы ғой сонымен, иә.
torgai
«Отмывание денег» дұрысырақ болар
zholantai
ну, бырат, «отмывание» деуге келіңкіремейд. Өйткені отмывание кезінде қылмыстық жолмен, яғни теневой экономикадан, легальді емес, салықтан жалтарған, қысқасы косягы бар бизнестен келген қаржыны ресми заңдастырылған легальді бизнеске, ашық экономикаға салып, тазалап алады. Жуып, кірін кетірген сияқты ғой. ал откат кезінде ақшаны беріп тұрып, бергені үшін доля сындырады. Осылай түсінем. Сенде түсінік бар ма? Айта отыр
torgai
Осылай шығар. Әйтеуір, хоккейді бүркемеленіп бар ақшаны басқа мақсатқа шашатын сияқты осылар
Walter
Танымал пидерацияның Рублевкада тұратын басшыларының ыстатистигі қаақта екен? Жалпы, бар ма екен?!
Marco
Бүгін Елбасы мемлекет ақшасы туралы айтып жатыр ғой, мынаны да еске сала кеткім келіп тұр.