Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

Эстафеталар: Бұл қай керекші? #2 (Эстафета)

1. Керекинфо дегенде ойыңа ең алдымен не келеді, немесе кім келеді?

Атына сай «еркін блог». Керекинфо десе — әрбір құбылыс пен оқиғаның біз ойламаған тұстары келеді. Оның үстіне айтылғандардың көбі шындыққа жанаспаса да жанға жақын. Нағыз троллингтің ордасы дер ем.
Әрі қарай

Иракғайып Буш. "Тұспал"



Иракғайып Буштың шығармашылығымен таныс адам кем де кем: ештеңе жазбайды. Жазса да, жарық көрмейді. Жарық көрсе де, аудандық газетте. Аудандық газетке шықса да, сейсенбі күні шығады, ал сейсенбі — аудандық газет шықпайтын күн, түсінесіз бе?
Жартысы принтермен, қалғаны қолмен жазылған қолжазбасымен есік жағалап жүретін Иракғайып ағамыздың мынабір қуындысын байыған күндеріміздің бірінде бір жартыға алып қалған болатынбыз. Бүгін соны ұсынуды жүн көрдік. Шешесстің.



Иракғайып Буш. «Тұспал»

— Мынау екінші рет ұлығаны — жақсылықтың нышаны емес. Жақсы емес-ау, жақсы емес…

Маңыздана сөйлеп қойып, еттен асап-асап отырған Сабалақ Лондон өзінің осы сөзінен кейін жан-жақтағыларға ұрлана қарады. Барлығы да үрит десең тайып тұруға дайындалып, үркіп қалыпты.

— Сонда не істейміз, Сабалақ аға, өзің айтсайшы бір шешімін!

Малынан жалғыз жаны емес, бәрі садаға Ермегияның даусы жалынышты шықты.

— Енді соны ойлануға кеп отырған жоқпыз ба осы жерде? — Сабалақ күшейіп, — әйтпесе бостан-бос ас ішіп, аяқ босатуға бара беретін мені…

— О не дегенің, уа Сабалақ!-деді Ермегия малайдың мәймөңке дауысымен, — әлкөтте, осы қасқырлардан кім құтқарса — Сабалақ аға құтқарад деп отырмыз ғой тегі!

Сабалақ Лондонның ойында ендігәрі осы тұрғанда өзі киіп алған данышпанның қамытын шеше қою жоқ-ты. Тай кеседегі құрт езілген вә бұл елге таңсық шөп-шалам және салынған сорпаға өліп бара жатса да, менсініңкіремей бір ұрттаған болып, дастарқанға қоя салып, сөйлеп кетті:

— Енді ойласаңдаршы өздерің. Біріншіден: биылғы қыс жылы, міне қараңдар өздерің, — деді смартфонымен Yandex.Погоданы көрсетіп, — қасқырларың шыңылтыр аяздан қорқып, бірнеше күндік азықты бір-ақ шауып, қор жасауға бейіл емес.

— Дұрыс-ау...-деді логикалық ой тізбегін саралауды жаны сүйетін Әбдуаман, онысын Ермегия:
— Тәйт, Сабалақ ағам сөйлесін! — деп, тиып тастады.

— Екіншіден, және ең масқарасы — мынау кешеден бері екі рет ұлыған бөрілер — өз ауылымыздың тағылары — деп жалғастырды Сабалақ, — яғни малымыздың жайы мен бізді беске білетін тағылар. Үшіншіден, мынау зарлана ұлығаны — өз ауылымызды шапқалы тұрғаны. Қасқыр қашан өз ауылының түбінен ұлып еді?

— Ешқашан! — деді Ермегия.

— Әні! Ендеше тоқетері былай. Үшінші рет ұлыса, бітті: ең болмаса Қусайға дейін мылтық атып, бір қайрат көрсетіп келмесек болмайды! — деді Сабалақ үкім оқығандай…

Осы кезде үш күннен бері көтінен қалмай, ақыры астына жыққан құртқаны өршелене айдап жатқан бөрі үшінші рет бітіріп, ғаламат оргазмнан есі кетіп, әуелетіп келіп, үшінші рет рахаттана ұлыды…
Әрі қарай

Ескі теледидар

— Мама айтшы анаған маған мультик көрсетпей жатыр.
— Әй таласпаңдар.
— Бер деймін пультті, бееер.
— Көкем-ау ана бөлмеге барып көре бермейсіңбе.
— Қойш мам осында көргім келіп тұр.

Өткенде бір танысымның үйіне барғанда 3-4 жасар балаларының осындай дау-дамайларына куә болдым. Сіздергеде таныс шығар,әсіресе кішкентай балалары бар үйлерге.

Әлі есімде менің де шамамен 3-4 жасар кезім (суреттерге қарап жасымды жобалап отырм) үйдің төргі бөлмесінде төбесі ақ кестелі орамалмен жабылған бетінде әйнегі бар төртбұрыш,қасында өне бойы түгел тесік-тесік, бір жақ жақтауында розеткасы бар құрылғы тұратын. Үлкендердің айтуынша ол телевизор, ол кезде телевизордыңда не екенін білмейтінмін себебі ол телевизор жәй тұрғаны болмаса көрсетпейтін кеңестік «Весна» деген теледидар еді. Бірде әкем үйге бір орысты алып келді. Орыс теледидардың артын ашып бірдеңені қыжылдатып – быжылдатып әйтеуір кешкісін үйдегілер төрт көзі түгел болып теледидардың алдында отырды. Теледидардың не екенін осылай білдім. Жөнделген теледидардың қызығы ұзаққа бармады, үйдегілердің мынаның лампасы тағы күйіп кетіпті деген сөздерін естіп қалғаным бар қысқасы ол теледидар қайтадан қаңырап тұрды. Содан кейін қай кез екені есімде жоқ әлі мектепке бармаған кезім үйде кәдімгі қытайски кішкентай теледидар пайда болды. 2 канал көрсетеді Хабар, ОРТ. Қытырт-қытырт еткізіп құлағын бұрап алма кезек екі каналды алмастырып көреміз. Ол кезде кешке екі күннің бірінде кешкісін ауылда свет өшіп қалатын, ал әлгі теледидар мотоциклдің аккумуляторымен де қосыла береді екен. Свет өшкен күні маңайдағы көрші көлем, ауылдың екінші жақ шетінде тұратын туыстар барлығы кешке «Тоғысқан тағдырлар» деген сериалды көруге біздің үйге жиналатын. Ал мен анда санда мультфильм көргеніме мәз болып жүретінмін.

Жазда ауылға барғанымда гараждан бірдеңе іздеп жүріп ескі-құсқы заттардың арасынан шаң басқан әлгі теледидарға көзім түсті. Әлі бар екен. Кезінде бір үйге ғана емес, бүкіл маңайға қызмет еткен теледидар қазір ешкімге керексіз қоқыс болып жатыр.
Әрі қарай

Маған негізі бұл әннің идеясы ұнайды



Жақында Mc Madi, Loony Lao, BIG KAJY лақапатты жігіттердің "ҰНАЙСЫҢ (Маған сенің көтенің ұнайды)" деген клибін көрдім. Әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылып жатыр. Байқағаным көбінің қадалған жері КӨТЕН сөзі. Ал былай ол сөзге назар аудармай клиптің сөздерін тыңдап, сюжетін түсінуге тырыссаңыз қызық клип екенін байқар едіңіз.

Мүмкін арзандау клип шығар. Бірақ сценарийі ұнады. 3 жігіттің 3 сүйіктісімен қарым-қатынасын, өмірдегі фрагменттермен көрсетеді. Алтауының да мінез-құлықтарын көрсетуге тырысады. 4 минуттық клипке мұны сыйғызу үшін шеберлік керек деп ойлаймын. Жігіттер мұны істей алған. Бүгінге дейін қараған 66 мың адамға жақсы көңіл-күй сыйлады деп ойлаймын.

Сіздер де қарап көріңіз.
Әрі қарай

Құрлық әскерлердің оқыту орталығында

Қыркүйекте Қазақстанның Қорғаныс Министрлігі және ҚР Қарулы Күштері Құрлықтық әскерінің бас қолбасшысы басқармасының шақыртуымен мен Қарағанды облысы, Спасск елді мекеніндегі оқу полигонында болдым. Жыл сайын мұнда әскеріміздің мобилизациялық ресурстарын жұмылдыра отырып, негізінен Қарағанды облысының 27-40 жас аралығындағы 900 әскери міндетті адамдарының әскери-оқыту жиыны өтеді. Қазақстандық әскер кәсіби келісімшарттық негізге көшуді бастағанын ескеретін болсақ, дәл осындай оқу орталықтары келешекте жұмылдыру қорын дайындауда басты рөлді ойнайтын болады.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
1940-жылдары Спасскте әскери тұтқындарға арналған арнайы лагерь ашылған болатын, онда 40 –тан астам ұлт өкілдерінен құралған 70 мың адам қамалған еді. Қазір Спасск жанында жерленген адамдар санын анықтау қиынға түсетін мемориалды зират орналасқан. Төмендегі суреттегі қабырғаны да өз кезінде әскери тұтқындар тұрғызған болатын. Лагерь жабылған соң, Спассктің ұмытылғаны да түсінікті болар, тек соңғы жылдары ғана ол қалпына келтіріліп, сол орында әскери міндетті адамдарға оқу орталығы ұйымдастырылды.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Қазіргі кезде Спасскте айлық жиындар кезінде әскери міндетті адамдарды автоматшылар, граномет атқыштар мамандығы бойынша даярлайды, атқыш қаруларды және әскери техниканы пайдалануға үйретеді, физикалық және теориялық әскери дайындықты жүргізеді.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Атыс алаңында
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Әскери міндетті адамдар мерзімді әскерге шақырылатындардан біріншіден, жасымен, демек, сәйкесінше өмірлік тәжірибесімен де ерекшеленеді. Сол себепті, оларды оқыту ыңғайы да ерекше келеді-олармен қажетті дайындықтан өткен офицерлер мен келісімшарт бойынша сержанттар жұмыс жасайды.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Дәлдікпен атқылауға үйрету.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша сабақтар.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
ҚПГ(РПГ)-дан атқылау.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Біз де ПМ-нен атқылау бойынша өз күшімізді сынап көрдік.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Осы орталыққа кіруге мүмкіндік берген, әскери бөлімнің командирі, подполковник Самат Сергеевич Баирбеков, атқылау бойынша нұсқаулықты өзі жүргізді.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Атыс алаңында орналасудың үлкен бір кемшілігі — бұл адамда үлкен қызығушылық оятады, сол себепті атыстан кейін тирге жазылғың келеді.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Дегенмен де, көзім сәл нашарлау көретін болса да, атысым да жаман.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
АРД кедергілер жолағы (мағынасы — «Атлетизм. Резкость. Дерзость» — «Атлеттілік. Кенеттілік. Өрескелдік»).
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Әскери техниканы айдау бойынша сабақтар.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Бір сағат бойы өзіңді танк жүргізушісі ретінде сезінуге мүмкіндік туды.
Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Танктің ішінде шын мәнінде «глухо» болатынына көз жеткіздім, танктік сөйлесу құралынсыз тіпті жаныңда отырған адамның сөздерін есту мүмкін емес.

Блог - theyakov: Құрлық әскерлердің оқыту орталығында
Әрі қарай

Қонақ дастарханын сынап кету

Блог - asaubota: Қонақ дастарханын сынап кету

Бір ай бұрын satibaldi Фейсбукте
«Бауырсақтары ше, ашып кеткен бе, қамыры жабысып тұр ше, біреуін ауыз тидім де қойдым. Сен де сүйттің бе?». ©

деген пост жазып еді. Астына түрлі пікірлер жаздық. Солардың ішіндегі қызықтарын сіздермен бөліскім келді. Тақырыпты әрі қарай жалғастырсақ та болады

Блог - asaubota: Қонақ дастарханын сынап кету
Сурет: shyn.kz

Данияр Алан әрәғі арзан екен… жылып та кеткен бааа…

Акбаян Болат «Ужас, құдайдың маечка пакеттерін аяғаны ма, кәмпит-сәмпит салуға бермегені несі?»)

Satibaldi Kerbabaev «Жұрттың әкелген шоколадтарын жинап жүреді де, осындай кезде шығара қойып, құтыла салад».

Satibaldi Kerbabaev «Шымкенттен болғасын, оған палауымды жегізуге ұялып жүрсем… Өзінікін көрдің бе? Ужсс».

Satibaldi Kerbabaev «Фуу, баянсұлудың кәмпиттерін салып-салып қоя салған» © Akbayan Bolat

Әйгерім Кеулімжай екі-ақ түрлі салат жасапты ғо.

Satibaldi Kerbabaev «Гаряшиі суып кеткен, сіңлілері балп-балп етіп сампылдай бергенше, сондайын қарап тұрмай ма?»

Әйгерім Кеулімжай Дым шәй іше алмадым, дұрыс шығармапты.

Әйгерім Кеулімжай Дастарханға май қоймапты. Қас қылғанда, қонаққа барсам, нан мен май жегім келеді емес пе?

Satibaldi Kerbabaev «Кәллективі дым әкелген жоқ, анабір люстраны шошайтып әкеліп тұр; үйі жоқ адамға сүйте ме екен?», ббуах-ха-ха-ха-ха-ха-ха-хаа))))))))))))))))))))))))))))))))))))

Әйгерім Кеулімжай Асқан еттері арықтау шығыпты. Сойған ба, сатып алған ба?

Жансая Сыдықбай Арзан напитыктар қоя салыпты. Салаттарды өздері жасапты. Тойханаға заказ бере салса несі кетті?

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Осының менюі-ақ өзгермейді. Әнеуір фруктовый салатын жасай береді, помой сияқты, пффф!(((

Әйгерім Кеулімжай Столды сүйтіп жасайтын болған ба кәзір, кіттай-кіттайдан қойыпты, прям санадым сол жерде, бір тәрелкеде 2 вафли, 3 пішінәй, 4 кәмпит

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Көтеніне қарамай жылқының етін асады есщо! Бізге бәрібір ғой, тойып алдық!

Аршат Оразов еттің нанын өздері илемеген, Арзу ала салған сияқты, қатты екен

Әйгерім Кеулімжай Тастай-ау, тастай келіндері. Колбаса-сырды жұп-жұқа етіп турапты, ар жағынан күн көрінеді. Сүйтіп баииды жұрт.

Жансая Сыдықбай Заказ Берген қымыздары ашып кетіпті. Ана Диқанкөлдің қымызын алдырмай ма екен? Шымкент жақта

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Иии, мамбетка ғо ол! Стол жаю білмейді. Сервировканың не екенін білмид, жыпырлатып толтырып қойыпты дастарқанды. Ішіміз өтпей қайтсін!

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Сараң, сұмырай, қуларын көрмейсің бе! Экономдап второй пісірмес үшін, алдымен ет бергенін!

Әйгерім Кеулімжай Етті әкеліп болмад, ана жерде елдің қарны ашып баратыр, жәмән салаттарды жеп, жұмыстан шыққан ғо енді.

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Әдейі шорым-борымға тойып алсын деді ме, осы жолы бірінші шәй берді күрішпен. Шәйға тойып алғасын, ет қайдан желінсін!

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Слишком пысық қо, слишком пысық! Ақша шығармас үшін, осы кезге дейін шақырмай, әдейі огородындағы қияр-помидордың піскенін күтіп. Етті де ауылдан алдыртыпты қой сойғызып. Бас тартпады тағы!

Әйгерім Кеулімжай құрысын шәй қойыңдарш, ана үйде не жеп, не қойғанымызды білмей қалдық қо.

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ «Бизге не акелдиндер?» «Не акелик кудай?! Базарский пирог баягы, алма-салма. Кайдан тасып журин, оздери салып берип жатпагасын».

www.facebook.com/satibaldi/posts/564225590302120
Әрі қарай

КерекИнфоның Мұнарасы

Пайдалы сайттар: КерекИнфоның Мұнарасы

Құрметті сайттастар,
Осы күзде «Нұр Медиа» холдингі өздерінің алғашқы ақпараттық сайттарын ашты. Мұнара деп аталады. Сайттың негізгі мазмұны холдингке қарасты БАҚ өкілдерінің ақпараттарынан құралады. Сондай-ақ өңірлердегі тілшілердің де жаңалықтары қосылады. Танымал блогерлер де бұл сайтта колумнист ретінде жазбаларын жазуда. Сайт редакциясы КерекИнфолықтардан құралған. Daniar-Alan мультимедиа редакторы, aikarakoz SMM менеджер, <ls user=«aizhuka аудармашы-редактор, мен осы жобаның басқарушы-редакторымын.

Колумнистерді де танисыздар: Nurgisa patick kozildirik zholantai ushkin
(Бұл тізім әлі де ұлғаяды)

Өңірлердегі тілшілеріміз қатарында да КерекИнфолықтар бар. Олардың қазір тізімдері нақтылануда. Кейінірек жазамын

Сайтымызға күнде бір рет кіріп тұрсаңыз, дос-таныстарыңызға да айтып тұрсаңыз қуанамыз. Сайттастарымыздың қолдауын сезінгіміз келеді. Әлеуметтік желілерде де бізге қосылыңыздар.

Үлкен рахмет!

Munara.KZ

Facebook
Instagram
Twitter
Вконтакте
МойМир
Әрі қарай

Өтелмеген парыз

Блог - Kipshakkyzy: Өтелмеген парыз
Өткенде осындағы Гүлнәр деген қазақ әпкеміз қыздардың басын үйіне қосып бастаңғы жасаған болатын. Шақырылған қонақтың ішінде түрік абла бар. Жанына егде тартқан қарт әжейді де ерте келіпті. Әңгіме арасында білгенімдей, қарт әжені балалары тастап кеткен. Жалғыз өзі пәтер жалдап тұрады. Немере, шөберелері де бар. Бірақ, ешқайсысы ат ізін салмайды екен. Жасы сексен жетіден асса да әлі тың, бақуатты. Құдай қуат берсін. Жағдайын білген соң, қыздар болып бір күні үйіне барып тазалық жасап, азық-түлік апарып көмек беріп қайтайық деген болатынбыз.
Бүгін сол Гүлнәр әпкеміздің ұйытқы болуымен әжейдің үйіне барып, құрбан айт мерекесімен құттықтап, дастархан әзірлеп дәмді тағам дайындап, әжейдің көңілін аулап қайттық. Үйінде барғанда бір ер кісі жүр екен. Сұрағанымызда, ұлы екенін айтты. Бұгін әйелімен ренжісіп қалған соң, таңғы асын анасынан ішейін деп келіпті. Дайындап беретін өзінің балалары ше дегенімізде, балалары ұйықтап жатқан көрінеді.
Құдайдың көзі түзу болса, туған шешесіне қарайласпаған адам, ертең балаларынан қайыр күтеді деп ойламаймын. Біз апарған тағамнан баласына да бөлек салып беріп, нанның жұмсағын, шәйдің ыстығын беріп сонда да, байғұс ана елпелектеп баласына құрақ ұшып жүр. Ананың көңілі балада, баланың көңілі…
Әрі қарай

#15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Ghetto Dogsтың әндерін тыңдап, тырқылдап отырмын

Барлықтарыңызды бүгінгі Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Астананың ауа райына күн өткен сайын ғашық болам. Түні бойы жылудан ысып кеткен бөлмеден таңертең балконға шығып, таза ауаны құшырлана, қомағайлана жұту деген рахат қой, шіркін  Ұйқың бірден ашылып, сергіп қаласың

Демалыс деген… сөз жетпейді ғой. Түске дейін ұйқы. Ешқайда асықпайсың. Қалағаныңша қыдырасың

Демалыс, әдетте, қыздарда қалай өтеді? Үй жинау, маска жасау, жуыну, тарану, бояну  Дәл осылай өтті бүгінім. Енді ерте жату ғана қалды

Айтпақшы, өмірде түрлі адамдар болады. Өзіндегі «кірді» айналасындағылардың бәріне жаққысы келеді. Өзінің өмірдегі жаман жан екенін мойындағысы келмей, айналасындағыларды қатарына қосып алғысы келетін… Олардың дәрежесіне түсіп, дәл өзі құсап жауап берудің, жалпы жауап берудің қажеті жоқ екен. Соны түсініп қалды
Өз әлеміңді өзгенің таптауына жол берме! Болғаны сол ғана

Қой, мен ұйықтайын…

Ghetto Dogsтың әндері шынымен күшті-ақ. Құрығанда, күліп аласың

Қайырлы түн!

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Әрі қарай