Қонақ дастарханын сынап кету

Блог - asaubota: Қонақ дастарханын сынап кету

Бір ай бұрын satibaldi Фейсбукте
«Бауырсақтары ше, ашып кеткен бе, қамыры жабысып тұр ше, біреуін ауыз тидім де қойдым. Сен де сүйттің бе?». ©

деген пост жазып еді. Астына түрлі пікірлер жаздық. Солардың ішіндегі қызықтарын сіздермен бөліскім келді. Тақырыпты әрі қарай жалғастырсақ та болады

Блог - asaubota: Қонақ дастарханын сынап кету
Сурет: shyn.kz

Данияр Алан әрәғі арзан екен… жылып та кеткен бааа…

Акбаян Болат «Ужас, құдайдың маечка пакеттерін аяғаны ма, кәмпит-сәмпит салуға бермегені несі?»)

Satibaldi Kerbabaev «Жұрттың әкелген шоколадтарын жинап жүреді де, осындай кезде шығара қойып, құтыла салад».

Satibaldi Kerbabaev «Шымкенттен болғасын, оған палауымды жегізуге ұялып жүрсем… Өзінікін көрдің бе? Ужсс».

Satibaldi Kerbabaev «Фуу, баянсұлудың кәмпиттерін салып-салып қоя салған» © Akbayan Bolat

Әйгерім Кеулімжай екі-ақ түрлі салат жасапты ғо.

Satibaldi Kerbabaev «Гаряшиі суып кеткен, сіңлілері балп-балп етіп сампылдай бергенше, сондайын қарап тұрмай ма?»

Әйгерім Кеулімжай Дым шәй іше алмадым, дұрыс шығармапты.

Әйгерім Кеулімжай Дастарханға май қоймапты. Қас қылғанда, қонаққа барсам, нан мен май жегім келеді емес пе?

Satibaldi Kerbabaev «Кәллективі дым әкелген жоқ, анабір люстраны шошайтып әкеліп тұр; үйі жоқ адамға сүйте ме екен?», ббуах-ха-ха-ха-ха-ха-ха-хаа))))))))))))))))))))))))))))))))))))

Әйгерім Кеулімжай Асқан еттері арықтау шығыпты. Сойған ба, сатып алған ба?

Жансая Сыдықбай Арзан напитыктар қоя салыпты. Салаттарды өздері жасапты. Тойханаға заказ бере салса несі кетті?

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Осының менюі-ақ өзгермейді. Әнеуір фруктовый салатын жасай береді, помой сияқты, пффф!(((

Әйгерім Кеулімжай Столды сүйтіп жасайтын болған ба кәзір, кіттай-кіттайдан қойыпты, прям санадым сол жерде, бір тәрелкеде 2 вафли, 3 пішінәй, 4 кәмпит

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Көтеніне қарамай жылқының етін асады есщо! Бізге бәрібір ғой, тойып алдық!

Аршат Оразов еттің нанын өздері илемеген, Арзу ала салған сияқты, қатты екен

Әйгерім Кеулімжай Тастай-ау, тастай келіндері. Колбаса-сырды жұп-жұқа етіп турапты, ар жағынан күн көрінеді. Сүйтіп баииды жұрт.

Жансая Сыдықбай Заказ Берген қымыздары ашып кетіпті. Ана Диқанкөлдің қымызын алдырмай ма екен? Шымкент жақта

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Иии, мамбетка ғо ол! Стол жаю білмейді. Сервировканың не екенін білмид, жыпырлатып толтырып қойыпты дастарқанды. Ішіміз өтпей қайтсін!

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Сараң, сұмырай, қуларын көрмейсің бе! Экономдап второй пісірмес үшін, алдымен ет бергенін!

Әйгерім Кеулімжай Етті әкеліп болмад, ана жерде елдің қарны ашып баратыр, жәмән салаттарды жеп, жұмыстан шыққан ғо енді.

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Әдейі шорым-борымға тойып алсын деді ме, осы жолы бірінші шәй берді күрішпен. Шәйға тойып алғасын, ет қайдан желінсін!

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ Слишком пысық қо, слишком пысық! Ақша шығармас үшін, осы кезге дейін шақырмай, әдейі огородындағы қияр-помидордың піскенін күтіп. Етті де ауылдан алдыртыпты қой сойғызып. Бас тартпады тағы!

Әйгерім Кеулімжай құрысын шәй қойыңдарш, ана үйде не жеп, не қойғанымызды білмей қалдық қо.

ГУЛФАЙРУС УАЛИАХМЕТ «Бизге не акелдиндер?» «Не акелик кудай?! Базарский пирог баягы, алма-салма. Кайдан тасып журин, оздери салып берип жатпагасын».

www.facebook.com/satibaldi/posts/564225590302120
bk
Бөлісу:

37 пікір

zholantai
мынау бір дұрыс іс болды, жоғалып кетпейд, Сатыбалдының фейстегі күнде толығатын жазбасларының арасынан қалай тауып жүресің, бұларды?! рахмет, тағы бір кеңк-кеңк алдым
asaubota
уақытын білетін едім да
AKY
Бір от души көңіл көтерген күн еді)))
asaubota
соққыларың өте дәл тиген күн еді
Zhan
Күлдік, сосын ауыл жақты, үйді бір еске түсірген күн болып еді.
bizbike
енемнің қонақтан келгенде айтатыны: қазысы қап-қатты ғой қап-қатты, жеген жоқпын, тіс өтпейді ғой тіпті
сонда атам: ей пісіре алмайды олар қазыны
Соңғы түзету:
ken
Суреттегі Мұңғұльяның қазақтары емес пе?
Gastarbaiter
Моңғолия емес пе, ДҺөс?
ken
Қонақ дастарханын сынап кету
"Қонақтың жайған дастарханын сынап кету" деп те түсінуге болады екен. Басында солай түсініппін.
"Қонақтың дастарханды сынап кетуі" десе нақтырақ болады.
assar
Тойды былай қойып қаза шыққан үйде дастарханды өте құлпыртып жібереді. Бәленшенің асынан келдік, балдары қызметкер екен жылқы сойыпты, бір сиыр сойыпты және екі қой сойған екен бәрекелді деп жатады. Ал қазір Қазақстанға ет жетпей Белорусиядан, Бразилиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан т, б шет елдерден ет келеді. Еліміздегі малымыз олағайда- бұлағай 17млн халыққа жетеді ғой егер осылай аңыратып тойға, қазаға соймасақ. Ойбай құдалар келіп қалдығой деп 1қойды сойып жібереді үйінде ет болсада. Бұл қалай, дархандықпа әлде жалған дархандықпа? Қазақтар үнемді үйренейік, Осы отырғандар насихат етіп әр сайтқа жария етіп және жүрген ортамызда ысырап жасап мал соя бергенді доғару керек екенін айтып жүрейік. Мен өзімнен бастап әр болған тойымда басқада қонақтар келсе үйге, дастарханға артық шығынды жасамауға тырыстық. Тойдағы қызық дастархан емес көңіл көтеріп қайту екенін ұғындыру керек халыққа.
bizbike
әшейін бақталастық қой
Adiletshu
Сөйтіп айтып жүргендердің өздері де дәл өзіне келгенде тура солай ысырап жасағанын көрген мына менің көздерім
GauharAlim
Иа… Қазақпыз ғой Қазір той томалақтан гөрі өлім-жітімге жайылатын дастарханды айтсаңшы… Таң қаласың құтты бір той жасайтын адам сияқты… айтеуір бір бірімізден асып түсу үшін бәрін жасайтын болдық қой
Beytanis
Енді марқұмның ішіп-жей алмай кеткен ас-ауқатын көпшілік жеп, дұға етсін деген ниет қой. Меніңше, осы әңгіме артық. Әр адамның САНАСЫНА байланысты нәрсе.
Adiletshu
Жағдайы барлар шасылса қойна, ал жағдайы жоқтар кредит алып ас бергенін көргенде жаным ашиды.
SLIPKNOT
Қазақ деген дастарханға малдас құрып жайғасушы еді… мына алқаш шалдар дастарханнын қадірін ұмытқан ау шамасы…
Adiletshu
Қырғыздар стөл қоймай дастарханды жерге жая салады
ken
Екінші фотодағы Монголиялық қазақтар, меніңше. Ол жақта монголы да, қазағы да арақты жақсы ішеді. Беттерінің қызылдыңы да сол жақтың халқына ұқсап тұр.
asaubota
Қарағандының орысшалау бір ауылына қонаққа бардық. сонда осындай табуреткалар қойған кезде таң қалып қалдық. біз просто отыра береміз ғой жерге.
a63a1
қай ауыл ол?
asaubota
атын ұмытып қалдым, Нұра ауданы болуы керек
a63a1
ааа бәсее, Астанаға қарай орналасқан солтүстік аудан ғой ол)))
Sashok
«Ужас, құдайдың маечка пакеттерін аяғаны ма, кәмпит-сәмпит салуға бермегені несі?»)
Біз жақта үй иесі өзі салып беруші еді, қонақтықтан қалған тамақты маечкаға салып алып кетед дегенді естіп, шок болғанмын, дым көрмегендей.
bizbike
Дым көрмеген емес, босқа да қалады ғой, одан да қонақтың үйдегілері ауыз тисін де. Үй иесі де бәріне салып үлгермей жатады ғой.
Ол дымда емес, Ырғыз ауылында мындай жағдай болған: көкем баласының тойын жасаймын деп, оған көмектесуге ауылдың келіндері жиналады, сонда дастарханға қоятын етті, очм дайындалмаған таза тамақтардың көбісін үйлеріне тасып кеткен ғой. Дым көрмеген деген сол.
Anar70
:*)быт-шытын шығарыпсыңдар ғой)))
Korkem
Satibaldi Kerbabaev · 58 подписчиков
26 сентябрь в 17:12 ·
Ойбуу, біліп едім Сатыбалдының тыныш жатпайтынын, әжес.
AnarAlibayeva
осы келген қонақтар күңкілдемесін деп салфетканың түрлі формасы мен түрлі фантазиямен кесілген жеміс пен закускаларды кесуді де үйрендік, сонда да тіліп кетеді ау, тіліп. ай жақпадық ау сендерге қып қызыл етіп, қайнап тұрған шәугімнен иіліп шәй құйсам да. обал собал білесіңдер ме осы
asaubota
ана сөздердің көбін батыстықтар жазды. барлығы таныс сөздер

басқа өңірлерде де солай ма?
ken
мен өзім жүрген өңгірлерден бұндайды байқамаппын. батыс пен шығыста болмағанмын.
VKM
Тамақтандыр,қаншама уақыт, ақша кетір, ал олар сені сөз қылады((((
bizbike
соны айтамын да, тіпті қонақ шақырғың келмейді, әсіресе кемпір-шалдарды
asaubota
— Бизге не акелдиндер?
— Не акелик кудай?! Базарский пирог баягы, алма-салма. Кайдан тасып журин, оздери салып берип жатпагасын.

үйге кіріп, аяқкиімін шешіп, кішкентайларға қолындағы пакетті беріп, қазір шәй қойғызып, дұрыстап отырып сынап шығатын апай елестеп кетті
Anar70
әй пәтшағарлар ай))))(
FaraOn1
Бұндай әңгімелер қайда айтылады? біздің ауылда қыста осылай болат)))
өсек алаңы, еркектр мен әйелдер, ауылда
azamatu
Бул биздин Баян-Өлгей гой!
asaubota
жалғастырмаймыз ба? ;)
GALEKE
Дымын қоймай сынаған дастарханының түгін қоймай алып кететіндер де біз Щ