Аһи, бізге кел
Діни сауатсыздық белең алып отырған қоғамымызда, осындай роликтердің берері мол.
Аһи, ата-анаңды тастай сал
пысы: Менімен өзіңнің ата-анаңды құрметте! Қасиетті Құран, «Лұқман» сүресі, 14 аят.
Аһи, ата-анаңды тастай сал
пысы: Менімен өзіңнің ата-анаңды құрметте! Қасиетті Құран, «Лұқман» сүресі, 14 аят.
Ислам діні жаттап алған 10 хадис пен 15 аяттан тұрмайды. Ата-ананы құрметтеу Исламның ең үлкен әмірлерінің бірі.
Осы сөздерді жазғанда Алладан қорықпаған адам, жәй Алланың сақалы бар ғып жаратқан адамдарынан қорыққанына жол болсын… Суретіңнің үстіне 2 мүйіз жетіспей тұр, бұлай жазғаным үшін кешір, бірақ сол мүйіздерің болса сені түсінер едім....
— Еркек алған әйелін өз әкесінен қызғанбайды. Өзі де, әйелі де сол әкенің ұрпағы.
— Әйел өз қайынатасының алдында ашық жүреді. Орамал тақпайды, жилбәб кимейді.
— Қайыната өз келіні үшін «махрам» еркек. Яғни, баласы өліп қалса да, немесе ажырасып кетсе де келініне үйлене алмайды. Яғни, бұл әйел қайынатасы үшін өз қызындай — шашын жайып тастап, ашық жүре береді.
Жалпы, роликтің идеясы өте керемет! Ләғіп, дін деген осы екен деп, ата-анасынан, бауырларынан оқшауланып, жат халықтың дәстүрін дәріптеп қана қоймай, солардың сойылын соғып қуып жүргендер қаншама?!
Сосын, «Менімен» деген «Мені мен» деп бөлек жазылады…
Не дейсің бұған?
Түзете кетейін, анау «менімен» деген жазу менің саусағымнан шықпаған, соны ескерерсің, жарай ма?
Сосын, не ғой, Құран Кәрім о бастан қазақша жазылмаған, ал қазақшаға сөздің парқына жете алмаған бір дүмше молда аударған болуы керек… Сондықтан көп сөз таластырмай-ақ қоялық, бауырым.
Екінші жағдайда қосылып жазылуына келсек, оның сол мағынада бөлек жазылып тұрғанын көрмеппін. Бөліп жазылса келіспейтін сияқты, көзге үйреншікті емес боп көрінеді екен.
«Ол және сен» дегенді басқаша айтқанда «Ол мен сен» дей алмаймыз, шала қазақтар айтпаса. «Онымен сен» дейміз. «Оны мен сен» десек, қате екені көзге ұрып тұр.
Видео біреуге дұрыс жолды көрсету үшін емес, сақал қойып, орамал тартқандарды жексұрын ғып көрсету үшін жасалғандай әсер қалдырды