Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі

  • KazNET


Аса құрметті Қазнет қолданушылары Қазақстандағы ең алғашқы ұстаздарға арналған әлеуметтік желі өздеріңізге жол тартты. Бұл сайтты жасаушы қарапайым мектеп мұғалімі, сайт жасауды арнайы оқыған жоқпын, өздігімнен үйрендім, сондықтан кейбір кемшіліктерді байқап жатсаңыз, баршаға жар салмай ақ жеке өзіме хат жіберуіңізді (segizseri@mail.ru) өтінемін.
Интернет кеңістігіне қарап отырсақ, ұстаздардың басын біріктіретін сайт басқа шетелдерде бар екен, олар жұмысын әлдеқашан бастаған әрі өз тиімділігін көрсетіп үлгеріпті, бұл туралы өздеріңіз ізденіп қарасаңыздар да болады. Қазір көпшілігіміз ресей елінің иелігіндегі mail.ru сайтына тіркеліп өз аккауынтымызды ашқанымыз жасырын емес, сол арқылы агентке шығамыз, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсеміз, бірақ ол өте ауқымы кең орасан үлкен портал болғандықтан ол жерде ұстаздың мүүддесі көзделмеген, жалпыға арналған сайт болып табылады, ал бұл сайтта сол мой мирдің көптеген мүмкіндіктері қарастырылуы мен қатар басқада мұғалімдерге қажет функциялар қолданылды:

1. өз жеке профиліңіз болады, суреттеріңізді, видеоларыңызды қоса аласыз, профиліңіде обложкыңыз болады.

2. Күнделік — күнделік ретінде пайдалана аласыз, оған кез келген тақырыпта жаза аласыз, тіпті күнделікті өтілген сабағыңызды да жариялап тұрсаңыз нұр үстіне нұр болмақ, оған басқалар өз пікірін қалдырады, демек пікір алмасу үшін тамаша алаң болмақ.

3. Файлдар — бұл жерге өзіңіздің файлдарыңызды жүктеп қоя аласыз, мысалы күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарлары, ашық сабақтың үлгілері.

4. Сілтемелер — бұл бөлімге күнделікті интернетті ақтару барысында өзіңізге ұнаған сайтты, мұғалімдерге қажет деген ресурстарға сілтеме жасап қоюыңызға болады.

5. Форум — бұл бөлімге өзіңізді толғандырған бір тақырып жазып талқылауға ұсына аласыз.

6. Чат — бұл бөлімде агенттегі сияқты, сайтта отырған қолданушымен жылдам хабар алмаса аласыз.

7. Ойындар — бұл бөлімде бірнеше түрлі ойындар қойылған, зеріккенде ойын ойнап көңіліңізді көтере аласыз.

8. Менің музыкаларым — бұл бөлімге өзіңізге ұнайтын музыканы жүктеп қоя аласыз және онлайн тыңдай аласыз.

Сонымен қатар ұстаз бұл сайттың қолданушысы бола отырып, басқалардың жазбасына пікір қалдыра алады, басқалар жүктеген файлдарды түсіріп ала алады, жаңа адамдармен танысып әріптестік қатынас орната алады.

Сайттың дамып үлкен порталға айналуы немесе құрып жоғалуы алдағы уақыттың еншісінде, ең бастысы осындай сайт болуы керек деп шештік те жұмысты бастап кеттік.

www.pedsovet.kz
Әрі қарай

Ұлы шовинизм!

Шовинизм — (французша chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы сарбаз Николя Шовеннің аты-жөніне байланысты шыққан сөз) Солдат Николя Шовен өзінің басшысына кез келген сәтте, кез келген жерде шектен тыс адал болған. Аңызға сай, ол өз басшысын ешбір жауға сатпаған екен. Қазіргі таңда бұл сөз — шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы мен саясатты білдірсе керек. Шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты. Шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам. Ол өзінің ұлтшыл екенін білдірмеу мүмкін, бірақ шовинист басқа ұлт өкілдеріне көмектескен кезде де өз ұлтының мүддесі мен мәдениетін ескереді, соны жанама түрде насихаттап жүреді, басқаларды қызықтыруға тырысады. 1815-нші жылдардан кейінгі «Бурбон жаңғыртуы» кезеңінде бонапартизмнің онша танымал болмағанына қарамастан, аңызға сай, сарбаз Шовен Наполеонның нағыз жақтасы болады, тіпті жаға қайырмасына шегіргүл таққан, бұл аластатылған басшыға беріктік белгісі іспеттес. Жартылай аңыз тарихқа сай, Шовен кедейлігіне, еңбекке жарамсыздығына және мазақ етушілерге қарамастан «фанатты адал солдат» болған. Ол патшаны құдайға теңеп, оның кез келген сөзін дұрыс деп санап, онымен бірге бүкіл әлемді жаулап алуға дайындығын білдірген.
Әрі қарай

Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс

Шілденің аяғы болатын. Қараңғы түн. Сырдарияның жайылым иіндеріндегі тоғайлық. Біздің лагерь тұрақтаған жер алыс емес, әрі кетсе жарты шақырым. Тәуекел деп тоғайлықпен тіке тарттым.

Бес-он қадам басқан соң-ақ, өкіне бастадым. Қалың өскен жиде мен шеңгелдің тікенегі қол-аяқтан сау тамтық қалдырмады. Бірақ, кейін қайтуға намысым жібермей, сұрақ белгісі сияқты бүгіліп, аңдар салған жалғыз аяқ жолмен ілгерілей бердім. Тастай түнек тіпті қоюлана түскен сияқты. Қолымдағы қалташамның жарығы да әлсіреді. Алдымдағы ирелеңдеген шытырман cүрлеу, белгісіздік үңгіріне бастап бара жатыр. Адасқанымды білдім… Тоғай іші жым-жырт. Алыстан бір дыбыс талып жеткендей болды. Үн қатып едім, шегірткенің шырылынан басқа жауап болмады. Амал жоқ тағы бір қуыс жолға түсіп, жылжып кеттім. Бүгілген былай тұрсын еңбектеуге көштім.
Әрі қарай

Кімде қандай теориялар бар?

Теория емес, орысша «наблюдение» дегенді аудара алмадым. Өзіңіз ұққан, байқап сынаған бір заңдылықтар болады ғо. Мысалы, Джеффри Раш /«Кариб теңізінің приарттарындағы» Барбосса/ көрермендер кино қарағанда кітап оқыған сияқты назарын оңнан солға қарай ауыстырып отырады деген өзінің теориясы бар екен. Сондықтан да ол кісі жоғарыдағы фильмде ролінің экрандық уақыты аз болғандықтан үнемі басты кейіпкермен түскен эпизодтарда оң жақта тұруға тырысқан.
Міне осындай осындай әркімнің үлкенді-кішілі «теориялары» болады.
Мен өзімнің екі «теорияммен» бөлісейін.
Біріншісі, жақсы адамдар мен жаман адамдар жайлы. Жақсы адамдар бала шағында неден қиындық көрсе, не зат жетіспесе, соны ересек болғанда өзгелерге бергіш болады. Ал жаман адамдарда керісінше. Айталық, бала кезіңде ақшадан тарлық көрген жақсы адам, келешекте қолы ашық, кедейлерге көмектескіш болады. Немесе жаман адам бала кезінде ата-ана мейірімінен құр қалса, ержеткенде де басқаларға ол мейірді көрсете алмайды, керісінше олар да менің көрген қиындығымды сезсін дегендей ойлайтын болады.
Екіншісі, «ханжа» адамдар — ең қауіпті адамдар тобы.
Әрі қарай

ЖОО-да емтиханның қандай түрі дұрыс деп ойлайсыз

Дәл осы уақыт ЖОО дардың барлығында делік жазғы сессия өтіп жатыр. Біреудің қуанатын, біреудің құлайтын біреудің жылайтын енді бірееуді мұғалімнің артынан жүгіріп типа оқымыстылардың алаңсыз ауылға қайтатын уақыты. Қазіргі кредиттік жүйе бойынша базалық пәндер бланкі, жалпы білім беретін пәндер компьютермен тест тапсыру арқылы емтихан өтеді, Осыған көзқарастарыңыз…
Әрі қарай

"Фотоаулау" жобасына қатысамын десеңіз



Достар, Samsung Electronics демеушілік етіп, блогплатформалар арасында «Фотоаулау» атты байқау ұйымдастырып жатыр. Оған «Керекинфо» еркін блог жүйесінің алматылық блогшылары де қатыса алады.
Келесі аптада (13 мен 15 мамыр аралығында) өтетін байқаудың сипаты мынандай:

Әр блогплатформа 5 адамнан тұратын команда шығарады. Командаларға 5 күн бойы өткізушінің арнайы промо-парақшасы арқылы тапсырмалар беріледі. Команда мүшелері Алматы қаласында жасырылған жерді/затты тауып, сол жерге барып, демеуші тарапынан берілетін жаңа фотокамерамен суретке түсірулері тиіс. Суреттер төмендегі промо-парақшаға жүктеледі. Ойын аяқталғаннан кейін Samsung Electronics компаниясы жеңімпазды анықтап, команда мүшелерін бағалы сыйлықтармен марапаттайды.
Әрі қарай